ЕСТЕЛІК УАҚЫТТАН ДА ҚЫМБАТ

15 ақпан - интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні, дәл осыдан отыз бір жыл бұрын Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығару басталды. Осы атаулы күнге орай  әскери кафедрада 10-14 ақпан аралығында (студенттердің әскери кафедраға келу күндері) «Естелік уақыттан да қымбат» атты Ерлік сабақтары өткізілуде.

 

Бұл іс-шараға ауған соғысының ардагері «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының басқармасы - Заң басқармасының бастығы әділет полковнигі Жексенбай Масақбайұлы Салиев шақырылды.

Соғыс ардагері, ұрыс қимылдарына қатысушысы Ұлы Отан соғысынан кейінгі ірі ауқымды жергілікті қақтығыс болып табылатын Ауған соғысы туралы өз естеліктерімен бөлісті. Ол батылдық, ерлік және Отан алдындағы борышқа деген өз көзқарасын білдірді.

Іс-шара соңында шақырылған қонақтарға естелік сыйлықтар табыс етілді.

DSC 0001   DSC 0008

DSC 0016   DSC 0044

Top