РЕКТОР ФРАНЦИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫН ҚАБЫЛДАДЫ
Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Байжұманов «Total Energies» компаниясының бас директоры мен «Total Energy тұрақты даму мектебінің» профессор-оқытушылар құрамын қабылдады. Кездесу мақсаты – өзара тиімді стратегиялық ынтымақтастықты дамыту және бірлесе жұмыс жасау арқылы жастарға білім мен дағдыны пайдаланып, тәжірибе алу арқылы кәсіби салаға қадам басуға мүмкіндіктер ашу. Мұхтар Қазбекұлы қонақтарға жылы лебізін білдіріп, жұмыс жоспарлар мен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. «Total Energies» компаниясы– автомобиль жасау, металл өңдеу, құрылыс саласы, энергетика, тау-кен, химия өнеркәсібі секілді көптеген түрлі сала өндірістерімен танымал. «Total Energy тұрақты даму мектебінің» профессор-оқытушылар құрамы төрт күн бойы ұстаздар мен студенттерге бес түрлі бағытта дәріс оқып, сертификаттар табыстайды. Дәріс алу үшін 660-қа жуық адам тіркелген. Тіркелгендер қатарында өңіріміздің кәсіпкерлері мен кәсіпорын мамандары да бар. Қонақтарымыз бас ғимаратта орналасқан мұражайда М.Х.Дулатидің шығармашылығымен танысып, әйгілі тарихшының жәдігерлері мен қоғамдық қызметін сипаттайтын мұрағат құжаттар, тарихи фотосуреттер, сирек басылымдарына қызығушылық танытты. Сондай-ақ. Дулати ұжымының қонақжайлығы мен жылы қабылдауына алғыстарын білдіріп, білім ордасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындыратынына сенім білдірді.