Кездесу университеттің Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлім қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өтті.
Кездесу мақсаты - студенттерге кәсіпкерлік туралы түсінік бере отырып, бизнес жасау жолдарын үйрету, кәсіптік бағыт-бағдар беріп, студенттік кезеңдерінде өздерінің болашағы туралы ой салу, дамуларына нақты жоспарларын құрып, өздері қойған кәсіби мақсаттарына саналы түрде жетіп, дамуларына мүмкіндік беру.
Қонақтар жастарға кәсіпкерліктің заңдылықтары, ерекшеліктері туралы айтып, болашақта әр азаматтың табысты кәсіпкер болуына жол көрсетті. Сонымен қатар, спикерлер өз істерінің негізгі кезеңдері туралы мәселелерді қозғады, бизнес туралы кең тараған қателіктер мен қиындықтар туралы айтып берді. Бизнестегі өз жолдары мен жетістіктері, кәсіпкер ретінде қалыптасуы, табысты және сәтсіз жобалары, қаржылық сауаттылықты қалай дамыту керектігі туралы айтты.