Кездесу мақсаты - білім алушылардың жұмыс берушілермен тікелей байланысын қамтамасыз ету, бос жұмыс орындары туралы және білім алушылардың жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері туралы ақпарат алу.
Қазіргі таңда «ТаразКожОбувь» ЖШС кәсіпорны қарқынды дамып келеді. Аталған кәсіпорын 1961 жылы құрылған «ЖамбылБылғарыЕтік» АҚ өндірістік кешенінің негізінде 2002 жылы құрылды және КСРО-дағы былғары-аяқ киім өнеркәсібіндегі ірі кәсіпорындарының бірі.
ТаразКожОбувь» ЖШС кәсіпорнының лаборотория меңгерушісі Кузнецова Индира Шевкетовна - мекеменің жалпы өндірістік ауданы 15 000 ш.м. құрайтынын 1,123 га аумақта орналасқанын, кәсіпорын құрамына арнайы және модельдік аяқ киім шығаратын цехтар, орталық жөндеу шеберханалары, ағаш ұстасы цехы, зертхана, материалдар мен дайын өнімдер қоймалары кіретінін, компания өндірістің барлық кезеңдерінде сапаны бақылауға мүмкіндік беретін өзінің шикізат базасымен ерекшеленетінін, сонымен қатар, кәсіпорында арнайы аяқ киімдер, құқық қорғау органдары мен әскерге арналған аяқ киімдер, күнделікті аяқ киімдердің кең ассортименті шығарылып жатқанын атап өтті.
Кәсіпорындағы аяқ киім шығаратын цехтар Ресейде, Австрияда, Германияда, Италияда, Қытайда, Чехословакияда өндірілген өнімділігі жоғары жабдықтармен жабдықталған. 2009 жылы кәсіпорын аяқ киім табанының автоматты түрде құйып қалыптауға арналған «Desma» компаниясының екі қондырғысымен жабдықталған және компания ассортиментінде 2016 жылдан бастап кәсіпорын күш құрылымдары үшін аяқ киіммен толықтырылған модельдік аяқ киімдері бар. Экскурсия барысында кәсіпорын технологы Ақсақалов Нұрлан, аяқ-киім өндірісі барлық кезеңдерді қамтитынын, оның ішінде орталық жөндеу шеберханалары мен материалдар дайын өнімдер қоймаларымен толықтырылған кесу, тігу және құю учаскелері, «ТаразКожОбувь» ЖШС клиенттерінің арасында ҚР күш құрылымдары, «ERG», «KAZMinerals» және «Кармет» компаниялар тобы барын, және бұл серіктестіктер жоғары сапалы мамандандырылған аяқ киімді қажет ететін тау-кен және металлургия сияқты әртүрлі салаларды қамтитын өнімдердің алуандылығын көрсететінін жеткізді.
Қазіргі уақытта кәсіпорын жылына 500 мыңнан астам аяқ киімдерді, күнделікті аяқ киімдердің 70-тен астам модельді үлгілерін шығарып, «ТаразКожОбувь» ЖШС халықтың әлеуметтік осал топтарына белсенді қолдау көрсетіп, осы жоба аясында жергілікті жеткізушілермен тікелей келісімшарт жасалып, жаңа жұмыс орындары ашылады. Сол себепті кәсіпорында жас мамандарға сұраныс жоғары.
Кездесу барысында білім алушылар бос жұмыс орындарымен танысып, болашақта кәсіпорында жұмысқа тұруға ниет білдірді.