Танымал жандар

Жуырда Тараз қалалық ардагерлер кеңесінің жанынан құрылған «Аналар алқасы » ұйымындағы танымал тұлғалар , халық арасында жоғары беделге ие ел аналары кезекті жиынын М.Х. Дулати атындағы Тараз Өңірлік Университетінің «Музыка және қолданбалы өнер» кафедрасының студенттерімен өткізді

«Қыздар тәрбиесінде қазақ халық қағидаларын қолдану» атты ашық тәрбие сағағатында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Сарыбекова Жанат Төленқызы бастаған және жоғарғы санаттағы заңгер Абдрахманова Кулзипа Бекбауқызы, денсаулық саласының үздігі «Алтын дәрігер» Абылғазина Жұмакүл Даулетқызы өмірлік ұстанымдар мен мәні тереңде жатқан ұлттық рухани құндылықтар жайлы әңгімелеп берді.

Халық ойшылдары мен ғұламалары Әбу Насыр Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Бұхар Жырау, Төле би, Абай, Мұхтар Әуезовтердің қыз жайлы айтқан нақыл сөздерін мәнін ашып тарқатты . Ұлтымыздың құндылықтарын дәріптеу арқылы қазіргі қазақ қызының қоғамдағы орны, жастарымызың рухы биік асқақ армандарға қол жеткізе алатын мүмкіншіліктері мен мақсаттары қандай болу керек деген түйткілді мәселелерді қызу талқылады. Қыздың бойында ұят, намыс, инабат, адамгершілік, ұяңдық қасиеттері болса ол тек қана отбасының ғана емес қоғамның қуанышы – деп өз сөзін түйіндеген Жанат Төленқызы арнайы дайындаған видео материалдарын жастар үлкен қызығушылықпен тамашалап, өз ойларын ортаға салды.

Ықлым заманнан қыз баланы – намысым, арым, ұятым деп қадірлеген қаза халқы қашанда тұрмыс-тіршілігімен қатар қыз тәрбиесін алдыңғы орынға қойған. Келешек ана, ақ босағаны аттар келін, шаңырақтың құт-берекесі - деп қыз баланы қадірлеген қазақ халықының даналығы мен көрегендігін бір дәріс аясында айтып жеткізу мүмкін емес, десекте қызықты өмірлік тағлымдары мен өнегелі еңбек жолын арқау еткен ел аналарының айтары көп болды. Абыройы асқақтаған аналарымызбен кездесіп жүздері бал –бұл жанған жастарымыздың жанарында сенім оты жанды және оны көріп үлкен қуанышқа кенелдік.
Әрине мұндай кездесулердің болашағы зор әрі қыздармен сыр-сұхбат ешкашанда артық етпейтінін белгілі.
Қыз жақсы болса
Жайқалып өскен құрағың, - деп Төле би бабамыз айтқандай, ізетті, сыпайы, мейірімділік қасиетттері...

1

2

3

4

Top