Жас дизайнер - 2023

2 наурыз күні “Дизайн және сән индустриясы” кафедрасында “Жас дизайнер - 2023” байқауы өтті. Байқауға 6В02112 - Жарнама дизайны1-4 курс студенттері қатысты. Байқау әділ қазы төрағасы “SAMGAU” компаниясының директоры Бикеев Айдос Муратович болды. 1-2 курс аралығында шығармашылық бастама “Салауатты өмір салты” тақырыбында логотип салды. Әділ қазылар салынған эскиздерді сараптап жеңімпаздарды анықтады.

1 орын Нурмаханбет Аружан
2 орын Темірхан Диана
3 орын Елубай Алтынай

3-4 курс студенттері арасында шығармашылық бастама “Флористика” тақырыбында фирмалық стиль салды. Дайындалған шығармашылық жұмыстарды саралап жеңімпаздар анықталды.
1 орын Газаева Маргарита
2 орын Тоқтасын Ұлдана
3 орын Мықтыбаева Қымбат иеленді.
Бас жүлде ерекше орындалғаны үшін Толыбаев Данияр иеленді. Барлық жүлделі орындарға сыйлықтар берілді. Қатысушылардың барлығына сертификаттар табысталды. Құрметті студенттер алар белестеріңіз көп болсын!

3 3

2 2

“Дизайн және сән индустриясы” кафедрасының

меңгерушісі А.К. Кудабаева

Top