«Алғашқы әскери дайындық» кафедрасы бойынша 2023-2024 оқу жылындағы жетістіктер
2024 жылдың сәуір айында Е.А.Букетов атындағы Қарағанды университетінде
В004-«Бастапқы әскери дайындық иұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламалар тобы бойынша «Бастапқы әскери дайындықты оқыту әдістемесі» пәнінен Қазақстан Республикасы жоғару оқу орындарының студенттері арасында XV Республикалық пәндік олимпиадасы өткізілді. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық» факультеті «Алғашқы әскери дайындық» кафедрасынан
3 студент қатысып, жалпы командалық есепте жүлделі 3-орын иеленді.
Жетістіктер:
Пәндік олимпиада
2019-2020ж |
2020-2021ж |
2021-2022ж |
2022-2023ж |
2023-2024ж |
I орын Е.А.Букетов атындындағы Қарағанды университеті |
II орын Дулати университеті |
II орын Е.А.Букетов атындындағы Қарағанды университеті |
ІІІ орын Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті |
ІІІ орын Е.А.Букетов атындындағы Қарағанды университеті |
2025 жылдың ақпанында айында М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің “Дене шынықтыру және Алғашқы әскери дайындық” факультетінің 1-2 курс студенттерімен Алғашқы әскери дайындық кафедрасы оқытушылары және “Қазақстан студенттерінің Альянсы” ұйымының белсенділерімен Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентінің Ауған шекарасынан шығарылғанына 36 жыл толуына орай «Ауғанның батырлары» деген тақырыпта ауған соғысы ардагерлерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.