2025 жылдын 4 ақпанында М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің “Дене шынықтыру және Алғашқы әскери дайындық” факультетінің 1 курс студенттері және “Қазақстан студенттерінің Альянсы” ұйымының белсенділерімен Алғашқы әскери дайындық кафедрасы оқытушылары Жамбыл облысы бойынша “Германиядағы Кеңес әскерінің тобымен Варшава Келісім шарты әскерінің тобы” Ардагерлері РҚБ ардагерлерімен кездесу ұйымдастырылды. Ардагерлер кездесу барысында өздері өткен әскери өмір жолдары туралы ой бөлісті. Ер азаматтардың Отан алдындағы әскери борыштарын атқару міндетті екенін айтты. Кездесу соңы қазақтың қара домбырасының үнімен шырқалған ән-күйге ұласты. Оқытушылар мен студенттер өздеріне көптеген мағлұматтар алып, айрықша әсермен тарқасты.