Объявления

Конкурсты өткізу Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі № 466 бұйрығымен бекітілген ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2300033417, 2025 жылғы 24 қазандағы өзгерістермен – https://law.gov.kz/client/#!/doc/216095/kaz), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 14 қазандағы № 517 бұйрығымен бекітілген ғылым саласындағы сыйлықтарды беру үшін жұмыстарды іріктеу өлшемшарттарымен және мемлекеттік ғылыми стипендияларды тағайындауға кандидаттарды іріктеу өлшемшарттарымен (https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/documents/details/725692?lang=kz) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы № 242 бұйрығымен бекітілген «Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға ұсынылған жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (https://adilet.zan.kz/rus/docs/V2000020852, 2025 жылғы 24 қазандағы өзгерістермен және толықтырулармен-https://law.gov.kz/client/#!/doc/216095/kaz).

Сыйлықақылар мен мемлекеттік ғылыми стипендияларды беруге арналған конкурстарға ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларының 3-тармағында көрсетілген ғалымдар мен ғылыми қызметкерлер болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, ғылым саласындағы сыйлықтарға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткерлердің жұмыстарын қабылдауды «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырады.

Ғылым саласындағы сыйлықақыларға, мемлекеттік ғылыми стипендияларға үміткерлердің жұмыстарын қабылдау «Ұлттық инновациялық жүйенің Бірыңғай терезесі» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық форматта жүзеге асырылады.

Сыйлықақы алуға өтінім беру: https://astanahub.com/ru/l/awards
Мемлекеттік ғылыми стипендия алуға өтінім беру:

https://astanahub.com/ru/l/scholarships

Толық ақпарат:

https://www.gov.kz/memleket/entities/science/press/news/details/1095104?lang=kk

Халықаралық ашық ғылым апталығы жыл сайын бүкіл әлемде қазан айының соңғы аптасында өткізіледі және Ашық қолжетімділік апталығы ретінде де белгілі. Осы кезеңде ұйымдар әртүрлі іс-шаралар – вебинарлар, дөңгелек үстелдер және өзге де өзара әрекет түрлерін ұйымдастырып, ғалымдар арасында білімді еркін алмасуға ықпал етеді.

2025 жылы іс-шараның тақырыбы – «Біздің біліміміз кімге тиесілі?».
Халықаралық ашық ғылым апталығы аясында М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті 2025 жылғы 20-26 қазан аралығында ғылыми білімге ашық қолжетімділікті алға жылжытуға және ғалымдардың еркін қарым-қатынасын ынталандыруға бағытталған бірнеше іс-шара ұйымдастырады.

Кітапханалық-ақпараттық орталық өз тарапынан жетекші компаниялар мен халықаралық дерекқорлардың өкілдерінің қатысуымен бірнеше вебинар ұйымдастырады:21 қазан, сағат 14:00 (Астана уақыты) 

Тақырыбы: «Возможности НИЦ ИНФРА-М для обеспечения образовательной и научной деятельности»-

Тренер:Еманов Алексей Леонидович - «ИНФРА-М» ЖШС-нің даму жөніндегі директоры

Тіркелу сілтемесі:https://teams.live.com/meet/9383915902513?p=cWIvwc06VDdxcoDIY7

  • 22 қазан, сағат 14:00 (Астана уақыты) –
    Тақырыбы: «Дулати Университетінің ғылыми-тәжірибелік және білім беру қызметіндегі толық мәтінді электрондық журналдар мен кітаптар жиынтықтарына қолжетімділік пен пайдалану».
    Тренер:Ирина Сержан – EBSCO компаниясының Орталық Азия, Молдова және Кавказ өңірі бойынша өкілі
    Тіркелу сілтемесі:

    https://ebsco-russian.zoom.us/webinar/register/WN_KgQMG1ZpRIyA5F68QqiXhA
  • 23 қазан, сағат 11:00 (Астана уақыты) -
    Тақырыбы: «Scopus журналдарын іздеу және ашық қолжетімділікте жариялау»

    Тренер: Рабиға Хожамқұл – Informascope компаниясының Орталық Азия бойынша консультанты
    Тіркелу сілтемесі:

    https://us06web.zoom.us/meeting/register/n18BMkEgSfmG-7_RWRBuAA
  • 23 қазан, сағат 15:00 (Астана уақыты)
    Тақырыбы: «EBSCO және ашық қолжетімділік: EBSCO ашық ғылымның дамуына қалай ықпал етеді».
    Тренер: Александр Рытов – Қазақстандағы EBSCO компаниясының аймақтық өкілі.

Тіркелу сілтемесі:https://clck.ru/3Pph2y

  • 27 қазан, сағат 15:00(Астана уақыты) -
    Тақырыбы: «Ашыққолжетімділік: неге барлықбаспалароғанкөшуде?»
    Тренер: Петр Бородавкин – Ғылым магистрі (MRes), Wileyком паниясының өкілі
  • Тіркелу сілтемесі:
    https://register.gotowebinar.com/register/6120533080989744984

Барлық вебинар қатысушылары сертификат алады.Ғылыми қоғамдастықтың дамуына қосқан үлесіңіз үшін алғысымызды білдіреміз.

М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде Қазақтың ұлы ағартушысы, ақын әрі қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің рухани мұрасын дәріптеу мақсатында «Сәкен мұрасы» республикалық пікірсайыс турнирі өтеді. Бұл дүбірлі дода жастардың ой еркіндігін, шешендік өнерін, сыни ойлау қабілетін дамытуға арналған маңызды алаң болмақ.

Турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үздік пікірсайысшылар қатысып, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылап, жаңа идеяларын ортаға салады. Жастардың рухани жаңғыруына, ұлттық құндылықтарды сақтауға және интеллектуалды мәдениетті қалыптастыруға үлес қосатын бұл шара еліміздің жас буыны үшін үлкен тәжірибе алаңы болмақ.

Айта кету керек, пікірсайыс додасы білім ордасы ретінде танылған Dulaty University қабырғасында өтеді. Университеттің ғылым мен білімге, жас ұрпақтың шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған бастамаларды қолдауы – жастардың интеллектуалды дамуына айрықша мүмкіндік береді. «Сәкен мұрасы» турнирінің Тараз төрінде, Дулати университетінде ұйымдастырылуы да кездейсоқ емес: бұл – оқу орнының білім мен парасатты дәріптеудегі жетекші рөлін айқындайды.

Жүлде қоры – 560 000 ₸

Өтетін күні:18-19 қазан

«Сәкен мұрасы» – білім мен парасаттың, ой мен сөздің мерекесі.

Іріктеуге жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының бітіруші курс студенттері қатыса алады.

Мемлекеттік қызметшілер мектебін аяқтаған білімгер Жамбыл облысының ТАЛАНТТАР ПУЛЫНА енгізіледі.

Өтінім қабылдау: 1-31 қазан аралығы Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі Мемлекет басшысының «Заң және тәртіп» бастамасы аясында 10–20 қазан аралығында республикалық қаржылық қауіпсіздік диктанты өтетінін жариялайды.

Мақсаты: Азаматтарды қаржылық қауіпсіздікке үйрету, алаяқтықтан сақтандыру және цифрлық сауаттылықты арттыру.

Кімдер қатыса алады?

• Оқушылар (7–11 сынып)

• Студенттер (колледждер мен ЖОО)

• Жұмыс істейтін азаматтар

• Зейнеткерлер

• Мемлекеттік қызметкерлер мен құқық қорғау органдары қызметкерлері

• Қаржылық мониторинг субъектілері

Формат: Онлайн  https://amlacademy.kz/finiq

Сұрақтар 3 деңгей бойынша дайындалған: оқушыларға, ересектерге және қаржылық сектор қызметкерлеріне.

Жүлделер: Әр өңір бойынша алғашқы 10 жеңімпаз (90+ балл жинағандар) сыйлықтармен марапатталады.

Ұйымдастырушылар: ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі және «Қазақстан халық банкі» АҚ. Қаржылық сауаттылықты бірге арттырайық! Диктантқа қатысып, бағыңды сына!