Факультет жаңалықтары (Дене шынықтыру)

Олимпиада 16.04.2026

          2026 жылдың 16 сәуірінде  М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінде  В004 – «Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау»  білім беру бағдарламалар тобы бойынша «Бастапқы әскери дайындықты оқыту әдістемесі» пәнінен   Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасында  ХVII Республикалық пәндік олимпиадасы жоғары деңгейде өтті. Еліміздің әр өңірінен жиналған дарынды студенттер қатысып, өздерінің теориялық білімдері мен практикалық дағдыларын жан-жақты көрсетті. Олимпиадаға 13 команда  қатысты.

 

       Республикалық пәндік олимпиадада студенттер  3 кезең бойынша жарысқа түсті.

         1) «Әскери пәндер блогы бойынша»  (тест тапсыру) 

         2) «ҚР ҚК жалпы әскери жарғылары бойынша сұрақ-жауап»  (викторинасы)

         3) «Әскери-спорттық эстафета»  

Байқау қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдар мен арнайы сыйлықтар табыс етілді.  Олимпиада нәтижесі бойынша командалық есепте жүлделі орындар келесідей анықталды:

 

I орын  Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Ұлттық зерттеу университеті

 

II орын Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті

II орын Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті

 

III орын Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті

III орынАбай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

III орын М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

 

Сонымен қатар, олимпиадаға жетекшілік жасаған оқытушылар мен барлық белсенді қатысқан студенттерге алғыс хат және сертификаттар табысталып, олардың еңбектері жоғары бағаланды.

ХVII Республикалық олимпиада жас мамандардың кәсіби дамуына ықпал етіп, тәжірибе алмасу мен білімді шыңдаудың маңызды алаңы ретінде өз маңызын көрсетті.