Факультет жаңалықтары (Экономика)

«Экономика және құқық» факультеті биылғы оқу жылындағы кәсіптік бағдар беру бойынша кешенді жоспар жасалған. Айқындалған негізгі үш бағыты мынадай:

  1. Дарынды оқушыларды анықтау және қолдау мақсатында жалпы орта және кәсіби білім беру орындарымен ынтымақтастық құру үшін Тараз қаласы және аудандардағы мектептер мен колледждерде ғылыми-педагогикалық байланысты күшейту мақсатында кездесулер, тестілеу пәндері бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар т.б. өткізу;
  2. Жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары үшін – ғылыми шаралар, олимпиадалар мен байқаулар, Ашық есік күндерін ұйымдастыру және өткізу, оларды оқуға түсуге тарту;
  3. ҰБТ жоғары балл алған оқушылар мен студенттермен байланыс орнату.

Факультет оқытушылары кешенді жоспардың бірінші бағытына сәйкес мектептермен тығыз байланыс орнату үшін төрт аудан, бір қала мектептерін аралап, кездесулер өткізді.

Атап айтсақ, Тараз қаласының: Жамбыл атындағы №5, Төле би атындағы №8, Керімбай атындағы №12 және №24, Тұрысов атындағы №53 гимназиялары, сондай-ақ №16, №17, №23, №25, №26, №27, №29, №34, №35, №36, №42, №50 және №59 орта мектептері, сонымен қатар «Парасат», «Тараз-Ғасыр», Жамбыл жоғарғы политехникалық, Тараз политехникалық, «Тараз-Сервис» колледждеріне барып, мектеп бітіруші түлектермен жүздесіп, мамандық таңдауда керекті кеңестер бергенін атап өту керек.

Сондай-ақ Байзақ ауданында – Н. Киікбаев атындағы гимназия мен Н. Ақшабаев атындағы, Түймекент пен Берікқара орта мектептерін, Байзақ колледжін аралап шықты.

Ал Т. Рысқұлов ауданында – Құлан гимназиясы, Т.Рысқұлов атындағы, №1 лицейлері, Ш. Уәлиханов атындағы, А. Бөкейханов атындағы, М.Горький атындағы және Қорағаты орта мектептерінде кездесулер өткізді.

Талас ауданында Д.А. Қонаев атындағы және С.Сейфуллин атындағы мектептерде, Жамбыл ауданындағы Тоғызтарау ауылының Төлеген Тоқтаров атындағы және Айша бибі мектептерімен де тығыз байланыс орныққан.

Әр ауданан біздің факультетке оқуға түсуге 25-30 түлектер, ал Тараз қаласынан 50-ге жуық түлектер тілек білдіріп отыр.

Облыстық білім басқармасының және қала мектептерінің ұйымдастыруымен тәрбие-құқық жұмыстары бойынша өткізілетін іс-шараларға кафедраның профессор-оқытушылар құрамы түрлі құқықтық тақырыптарда дәріс оқып жүр. Биылғы оқу жылында білім беру мекемелерінен бітірушілерді университетке оқуға тарту мақсатында факультеттегі құқық және экономика білім беру бағдарламаларының танымалдығын арттыру үшін 2 ғылыми-танымдық конференция, 4 дөңгелек үстел, 1 пәндік олимпиада, 3 семинар, 20 кездесу ұйымдастырылды.

Барлық оқытушылар тарапынан университеттің кешегісі мен бүгінгісі, ғылыми жетістіктері, білім деңгейі, жүргізілген тәрбиелік іс-шаралары, жатақхана жағдайы жайында әңгіме-сұхбат жүргізілді. Тәжірибе алмасу мақсатында, университет студенттерін шет елдерге білім алуға мүмкіндік беретін Академиялық ұтқырлық бағдарламасы туралы да айтылды.

1 маусым күні Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназияда соңғы қоңырауға арналған салтанатты жиын өтті. Салтанатты жиынға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінен арнайы барған философия және саясаттану кафедрасының аға оқытушысы Баярисов Режеп Уразбаевич та қатысты. Салтанатты жиынды мектеп-гимназия директоры Эльмира Серікқызы Қойлыбаева сөз сөйлеп, ашып берді. Келесі сөз кезегі салтанатты жиынға арнайы келген қала әкімі Бақытжан Әмірбекұлы Орынбековке берілді. Бақытжан Әмірбекұлы 11-ші сынып түлектерін мектепті бітіріп жатқандарымен құттықтай отырып, қаладағы мектеп түлектерінің жетістіктеріне шолу жасап өтті және және №5 мектеп-гимназия түлектерінің алдағы уақытта өмірде өз орнын тауып, жақсы жетістіктерге жете берулеріне тілек білдірді. Одан кейін 11-ші сынып түлектері өздері дайындаған концерт бағдарламаларын көрсетіп, ән айтып, би биледі. Салтанатты жиын соңында мектеп түлектері гимназия директоры мен қала әкімін және жиынға арнайы келген қонақтарды ортаға алып, естелікке суретке түсті.

Салтанатты жиыннан соң 11-ші сынып түлектері өздерінің сынып кабинеттеріне барып, ата-аналарының қатысуымен соңғы бас қосуларын өткізді. Мектеп түлектерінің арасында кәсіби бағдар жұмысын жүргізу мақсатында соңғы қоңырауға университеттен арнайы барған философия және саясаттану кафедрасының аға оқытушысы Баярисов Режеп Уразбаевич әр сыныптың оқушыларына арнайы түрде жеке кіріп, оларды мектеп бітірулерімен университет атынан құттықтады. Баярисов Р.У. мектеп түлектеріне Дулати университетінде дайындалатын мамандықтар жайлы, университетте сонымен қатар әскери кафедраның бар екендігі және онда студенттердің әскери мамандықтар алып шыға алатындықтары жайлы айта келіп, оларды М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіне оқуға түсуге шақырды. Сонымен қатар сынып жетекшілеріне оқушылардың танысуы үшін университет дайындаған видеороликтер қалдырылды. Осылайша, Жамбыл атындағы №5 мектеп-гимназияда соңғы қоңырау рәсімі университетіміздің болашақ студенттерінің қатарын көбейтуге бағытталған кәсіби бағдар жұмысын жүргізумен ұштастырылды.

Дулати университетінің «Экономика және құқық» және «Технологиялық» факультеттерінің кураторлары Теңізбаева Д.С., Рахманова Ж.С. ұйымдастыруымен барлық 1 курс және 2 курс студенттеріне Жамбыл облысы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі өкілдерінің қатысуымен «Жастар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу профилактикасы» тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесуге Жамбыл облысы, Тараз қаласы Полиция басқармасы, 1 полиция бөлімі, Жергілікті полиция қызметінің бөлімшесі, Ювенальдық полиция тобы, учаскелік полиция инспекторлары - аға УПИ полиция майоры Халматов Фарух Абдимуталович, полиция майоры Неметов Али, полиция аға лейтенанты Аманова Мадина Бахытовна, полиция лейтенанты Баймамыров Нұрәлі Манатович қатысты. Кездесуде жастар арасындағы бопсалау, есіркі саудасы, интернет алаяқтық, кәмелет жасына толмағандар арасындағы құқық бұзушылық тақырыптары талқыланып өзара сұрақ-жауаптар орын алды.

"Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті "АҚ 2024 жылдың 04 сәуірінде "Кәсіпорын экономикасы" пәні бойынша Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының студенттері арасында республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізілді. Бұл олимпиаданың мақсаты- Қазақстан Республикасы азаматтарын жас буынының ғылыми-зерттеу әлеуетін дамыту болып табылады.

«Құқықтану» мамандығында білім алушы студенттердің азаматтық заңнаманы меңгеруге деген ынтасын арттыру мен құқық нормаларын тәжірибеде қолдануға машықтандыру мақсатында 2024 жылдың 27-29 наурыз аралығында әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, «Заң» факультетінің «Азаматтық құқық, азаматтық іс жүргізу және еңбек құқығы» кафедрасының ұйымдастыруымен «ҚР Азаматтық құқығы (Жалпы және Ерекше бөлімдер)» пәнінен университет аралық on-line олимпиада өткізілді және оған Қазақстан республикасының барлық ЖОО-ның «Құқықтану» бағыты бойынша білім алушы 1-4 курс студенттері қатысты.

Аталған іс-шараға М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті, «Экономика және құқық» факультетінің «Азаматтық құқық және процесс» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Сатылғанов Ержан Таңқашұлының жетекшілігімен 6В04214- «Құқықтану» БББ-ның студенттері қатысты. Олимпиада өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.

Олимпиада қорытындысы бойынша 6В04214-«Құқықтану» БББ-ның 3 курс студенті Сейілбек Жүніс Аманұлы жүлделі орынды иеленіп, ІІІ дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Туран Университеті "Қаржы" кафедрасының ұйымдастыруымен "Қазақстан қаржысы: заманауи драйверлер, цифрлык сын-тегеуріндерге жауаптар" тақырыбында Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына арналған "Қаржы" білім беру бағдарламасы бойынша ХVI Республикалык студенттік пәндік олимпиаданы өткізді. 2024 жылы "Тұран" университеті Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Комитетінін хатына сэйкес РСПО еткізу бойынша базалық болып табылады.

РСПО өткізудің мақсаты студенттердің оқу-танымдық және оқу-зерттеу қызметін ынталандыру, студенттердің кәсіби-тұлғалық әлеуетін ашу және неғурлым талантты және дарынды студенттерді қолдау болып табылады. Базалық РСПО 2 кезенде өткізілді: іріктеу (сырттай) және күндізгі кезең 2024 жылгы 15 мамырда. Іріктеу кезеңі жоғары оқу орындарының олимпиада тақырыбы бойынша бейне-визиткалар мен жобаларды ұсынуын көздеді, іріктеу қорытындысы 2024 жылгы 10 мамырга дейін жарияланды. Күндізгі кезенде 1 кезеңнен өткен командалар тестілеуден, команда капитандарының «Finance IQ» байқауынан өтті. Тестілеу, капитандар конкурсы және Олимпиада тақырыбындағы жобаларды корғау нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталды. Мұнда Дулати университетінің “Қаржы” мамандығының 3-курс студенттері Шокпаров Ерасыл және Мухит Нұраят 2-орынды жеңіп алды. Жетекшісі “Қаржы және есеп” кафедрасының э.ғ.к., доцент м.а. Муратова Диана Балтабайқызы. РСПО жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар РСПО-ға комиссия мүшесі ретінде бизнес өкілдері де қатысты. Біздің студенттердің ғылыми жобасымен презентациясының жоғары деңгейде дайындалғаны үшін “First Heartland Jusan Bank” АҚ-ның бас директорының атынан силықтар берілді. Барлық қатысушылар мен ғылыми жетекшілер "Тұран" университеті ректорының сертификаттарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің студенттері арасында Республика күніне орай волейболдан факультеттер арасында өткен жарыста 1 орын алған студенттеріміз 

Патрис Лумумба атындағы Ресей халықтар достығы университетінің ұйымдастыруымен «Бухучет вокруг нас» атты Еуразиялық студенттік олимпиадасы өтті. Ауқымды білім сайысы бухгалтерлік есеп, аудит және салық салу бағытындағы студенттердің ғылыми әлеуетін дамыту мен тәжірибе алмасуына бағытталды.

Бұл олимпиада Ресей Федерациясы Білім министрлігінің 2023 жылғы 31 тамыздағы №649 бұйрығына сәйкес, студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын арттыру мақсатындағы ресми жарыстар тізіміне енген. Биылғы додада 11 елден – Ресей, Беларусь, Қазақстан, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Әзірбайжан, Түркия және Оңтүстік Кореядан келген 93 жоғары оқу орнынан 834 студент 128 команда құрамында бақ сынады.

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті студенттері бұл беделді білім бәйгесіне қатысып, жоғары деңгейде өнер көрсетті. «Қаржы және есеп» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Сантай Тлеубаеваның жетекшілігімен «Кәсіпкерліктегі бухгалтерлік есеп, аудит және салық салу» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері: Виктория Чухно, Ангелина Цуман, Яна Рейценштейн, Аяулым Оразымбетова, Руслан Королев, Валерия Ли және Алина Лашкова қатысып, өз білімдері мен дағдыларын халықаралық деңгейде дәлелдеді.

Олимпиада аясында студенттер жеке сынақтан өтіп, 80 минут ішінде бухгалтерлік есеп пен аудит саласына қатысты тест сұрақтарына жауап берді. Бұл кезең тек білім мен логиканы ғана емес, жылдам шешім қабылдай білу қабілетін де талап етті.

Айта кетерлігі, университетіміздің студенті Яна Рейценштейн жеке есеп нәтижесі бойынша жүлделі ІІ орынды иеленіп, Тараз университетінің абыройын асқақтатты. Барлық қатысушыларға сертификаттар табысталып, ғылыми жетекшілер арнайы алғыс хаттарға ие болды.

Бұл – білім мен табандылықтың жемісі. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, оларға кәсіби шыңдалу мен жаңа белестерді бағындыру жолында толағай табыстар тілейміз!

Сонымен қатар, олимпиаданы жоғары деңгейде ұйымдастырған Ресей халықтар достығы университетінің басшылығына, ұйымдастыру комитетіне және бухгалтерлік есеп, аудит және статистика кафедрасының ұжымына алғысымызды білдіреміз.