Факультет жаңалықтары (Педагогика)

«Білім беру кеңістігіндегі психологиялық қызмет: қиындықтар, шешімдер және перспективалар» атты шеберлік сағат.

8 желтоқсан 2025ж.

Мерке ауданында «Білім беру кеңістігіндегі психологиялық қызмет: қиындықтар, шешімдер және перспективалар» атты шеберлік сағат өтті. Шеберлік сағаттың мақсаты: мектеп психологтарын білім беру кеңістігіндегі психологиялық қызметті жаңаша көзқараспен дамыту, креативті және инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы психологиялық қолдаудың тиімділігін арттыру, тұлғаның үйлесімді дамуына ықпал ету, білім беру процесіне эмоционалдық жайлылық пен шығармашылық атмосфера қалыптастыру. Шеберлік сағатта «Педагогикалық психология» кафедрасының п.ғ.к. Г.Ш.Сейдалиева, аға оқытушы, магистр А.О.Кебеева аудан психологтарына психологиялық тренингтер ұйымдастырды. Тренинг барысында әртүрлі әдістер қолданылып, әдістемелік нұсқаулықтар және психологиялық қызметтік кеңестер ұсынылып, психологтардың қызметтік шеберліктерін дамытуға мазмұнды үлес қосылды.