Факультет жаңалықтары (Педагогика)

Қоғамдық құқық бұзушылықтың алдын алу, интернет алаяқтық пен есірткі қылмыстарының алдын алу. Бүгін 2025 жылдың 30-қазан күні Педагогика және әлеуметтік ғылымдар факультетінде Тараз станциясындағы Көліктегі полиция бөлімінде кәмелетке толмағандар арасында

30 қазан 2025ж

Іс-шараға:
• Тараз ст.КПб ӘПб аға инспекторы полиция майоры Л. Копбаева;

  • Криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі полиция аға лейтенанты Қ. Шырынханов;
  • Әскерилендірілген теміржол күзетінің қызметкері Н.Рахманбеков.

сондай-ақ білім беру ұйымдарының өкілдері қатысты.

Негізгі мақсат - жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, теміржолдағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіру және салауатты өмір салтын насихаттау.
Іс-шара барысында: Құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді;

  • «Теміржол - қауіпті аймақ» тақырыбында бейнероликтер көрсетілді;
  • Ескертпе парақшалар таратылды;
  • Студенттер өз сұрақтарына жауап алып, пікір алмасты.

Бұл шара - жас ұрпақтың қауіпсіздігі мен құқықтық мәдениетін арттыру жолындағы маңызды қадам.