Факультет жаңалықтары (Педагогика)

Бұл қойылым – ерлік пен рухтың, батырлық пен нәзіктіктің тоғысқан ерекше туындысы. Әлия Молдағұлованың өмір жолы, оның қайтпас қайсарлығы мен отанға деген махаббаты көрерменнің жүрегіне жетті.

Театр жастарының жанкешті еңбегі, әсерлі актерлік ойыны мен сахналық шешімдері бұл премьераны шын мәнінде маңызды мәдени оқиғаға айналдырды. Осындай тағылымды, рух беретін қойылымды сахнаға алып шыққан Дулати жастары театрына үлкен алғыс! 

Кеште Ш. Айтматовтың Жер Ана символикалық драмасынан, Боранды бекет, Жәмилә шығармаларынан үзінді қойылды.

«Адамдық қасиет: балалық шақтағы мейірім, қиын кезеңдегі қайсарлықтың бірлігі» атты композициялық кешіміз — адам жанының тереңдігін өнер тілімен жеткізуге арналған. Сонымен бірге, бүкіл қазақ руханиятының шамшырағы – Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына да арналмақ. Ұлы ақынның артында қалған қара сөздері, өлеңдері, қара өлеңдері – адамдық пен ардың жолын насихаттайтын өлмес мұра.

Жастардың патриоттық сезімін ояту, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін дамыту. Соғыс кезінде мойнына түскен ауыртпалықты көтере біліп, бір қолымен бесік, екінші қолымен әлемді тербеткен кайсар аналардың өжеттігін паш ету.