«Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің «Биология» кафедрасында кафедра меңгерушісі б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Зияева Гулнар Керимбековна мен «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің деканның ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары,биология магистрі Бекеева Гульсим Ережепбаевнаның ұйымдасытырумен «XXI ғасыр – ғылым мен инновация ғасыры» тақырыбындағы пікір алмасу кеші өтті.
Пікір алмасу кешіне Жамбыл облысының ғалымдары шақырылды. Басқарма Мүшесі – Ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Орынбаев Сейтжан Ауесжанович, доцент Турсунбаев Хамбар Исраилович, а.ш.ғ.к., қауымдастырылған профессор Байжанов Кайрат Балабиевич, а.ш.ғ.к., қауымдастырылған профессор Аубакиров Хамит Аблгазинұлы, а.ш.ғ.к., қауымдастырылған профессор Алтынсариев Алмат Жаксибаевич, в.ғ.к., қауымдастырылған профессор Казакбаев Калмурат Момынкулулы, а.ш.ғ.д., профессор Тулеубаев Жақсыбай Сурабердиевич, а.ш.ғ.к., қауымдастырылған профессор Сейтбаев Куандык Жумабаевич, б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Байтелиева Анар Муратовна қатысты.
Пікір алмасу кешінің мақсаты – қазіргі замандағы ғылым мен инновацияныңмаңызын талқылау, жаңа идеялармен бөлісу және жастардың ғылыми қызығушылығын арттыру.
Пікір алмасу кешінің ашылу рәсімінде Басқарма Мүшесі – Ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Орынбаев Сейтжан Ауесжанұлы алғы сөз алып Бүгінгі пікір аламасу кешінің тақырыбы — «21 ғасыр: ғылым мен инновация ғасыры». Бұл тақырып қазіргі заманның ең өзекті мәселелерінің бірі екені сөзсіз. Себебі біз өмір сүріп отырған дәуір — білім мен технологияның, жаңа идеялар мен тың жаңалықтардың қарқынды дамыған кезеңі.
Қазіргі таңда Жасанды интеллект, цифрландыру, биотехнология сияқты салалар адам өмірінің барлық қырын өзгертіп жатыр. Ғылым тек зерттеу саласы ғана емес, ол — экономиканың, білімнің, тіпті күнделікті өміріміздің қозғаушы күшіне айналды. Сондай-ақ, Интернет пен заманауи байланыс құралдары әлемді бұрынғыдан да жақындатып, ақпарат алмасуды жеңілдетті. Бұл өз кезегінде инновациялардың тез таралуына және жаңа мүмкіндіктердің пайда болуына ықпал етуде.
Алайда, ғылым мен технологияның дамуы бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Біз бұл жетістіктерді адамзат игілігі үшін тиімді әрі қауіпсіз қолдануымыз қажет.
Бүгінгі басқосуымызда осы мәселелерді жан-жақты талқылап, ой бөлісіп, жаңа идеяларға жол ашамыз деп сенемін.
Пікір алмасу кешінің бағдарламасы:
• Ғылым мен инновацияның қазіргі қоғамдағы орны
• Жаңа технологиялар және олардың мүмкіндіктері
• Жастар және ғылым: болашаққа қадам
• Ашық пікірталас және сұрақ-жауап бөлімі
Кеш барысында қатысушылар ғылымның соңғы жетістіктері, цифрлық технологиялардың дамуы, жасанды интеллекттің рөлі және инновациялық жобалардың болашағы туралы өз ойларымен бөліседі. Сонымен қатар, ашық пікірталас ұйымдастырылып, әрбір қатысушы өз көзқарасын білдіруге мүмкіндік алды.
