АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕС

АКАДЕМИЯЛЫҚ КЕҢЕС 

 
 

 

ЕРКИНБАЕВА ЛЯЗЗАТ КАЛЫМБЕКОВНА

Академиялық кеңес төрағасы

Байланыс телефондары: 8 (7262) 45-04-02

Мекен жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі 60, 2.3-206

Қызмет бағыты

Академиялық кеңес  университеттің академиялық саясатын жүзеге асырады және университеттің оқу-әдістемелік қызметін басқару жөніндегі алқалы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

Академиялық кеңес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын басқарудың бағыттары мен механизмдерін анықтайды, оқу үдерісіне жаңа білім беру технологияларын енгізуді ұсынады.

Академиялық кеңестің құрамы университеттің Ғылыми кеңесінің шешімімен қаралады және бекітіледі. 

Академиялық кеңес келесі функцияларды орындайды:

- Оқытудың барлық бағыттары бойынша БББ әзірлеу және сараптау бойынша жұмысты ұйымдастырады;

- Профессорлық-оқытушылық құрамы әзірлеген ОӘӘ мен студенттердің бітіру жұмыстарына сараптама жүргізеді;

- ОӘӘ әзірлеу мен баспаға шығару, оның ішінде электронды тасымалдағышта әзірлеу және басып шығару жұмыстарын жоспарлайды, ұйымдастырады;

- Оқу үрдісінің сапасын арттыру мәселелерін қарастырады;

- Оқу-әдістемелік және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін оқу процесіне енгізуді ұйымдастырады;

- Білім сапасын бақылауды жақсарту бойынша іс-шараларды ұйымдастырады;

- Ғылыми-әдістемелік конференциялар, семинарлар, воркшоптар өткізеді;

- Университеттің оқу және оқу-әдістемелік қызметінің мәселелерін реттейтін құқықтық құжаттарды жетілдіру бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;

- ЖОО-да бітірушілерді жұмысқа орналастыру және кәсіптік бағдарлау жұмыстарын бақылау мен мониторингін ұйымдастырады;

- Білім беру ресурстарын дамыту, ЖАОК курстарды дайындау мәселелерін қарастырады;

- Оқу қызметі бойынша барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын үйлестіреді.

Top