Болашақ журналисттердің ізденісі

Бүгін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің журналистика мамандығының 1-2 курс студенттері Ләззат Талғатқызының жетекшілігімен "Тараз- 24" телеарнасының тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.
Қаламыздың беделді телеарналарының біріне айналған Тараз-24 жастардың басын қосқан жаңалықтар жарсысы.

Бас редактор Мархабат Көпбосынқызының бастамасымен студенттер қайнаған жұмыс ортасына барып, қызу қарбалас тірлікті көрді. Сондай-ақ білімгерлер арнайы ұйымдастырылған кастингке қатысып өздерін телеарнадан көруге мүмкіндіктер алды. Алдағы уақытта шығармашыл ұжыммен бірлесе жұмыстар жасалып телеарна тарапынан қолдау білдіретінділігі айтылды.
Қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл мамандықтың жауапкершілігі жоғары екендігін сезіне білген студенттер өздерін кәсіби тұрғыда дамыта алды.

Толығырақ

Встреча с Оралханом Дауитом

Сегодня состоялось очередное мероприятие Клуба молодых журналистов Таразского регионального университета имени М.Х. Дулати, созданного кафедрой "Филология и журналистика" факультета гуманитарных и социальных наук, в котором принял участие известный журналист, главный редактор Областной газеты "Ак жол" Оралхан Даут.

Оралхан Даут прочитал лекцию членам клуба, поделился своим опытом в журналистике и дал советы молодым людям. В ходе встречи студенты активно задавали вопросы, рассказывая об истории журналистики, о ее настоящем и будущем, о мастерстве написания статей, искусстве постановки тем, о вопросах обобщения и способах привлечения читателей. К примеру, Акмарал Карабек рассказал, может ли журналист газеты работать на телеканале, Анар Ауесбек хотел бы знать способы написания статьи, а Дильназ Бекбосын поинтересовался эффективностью развития электронной версии газет.
Таким образом, мастер-класс, в котором приняли участие около 40 студентов, прошел на высоком уровне. В конце встречи организаторы поблагодарили гостя, а студенты сфотографировались на память.

Толығырақ

Дулати университетінде жас журналистер клубы ашылды

Айгүл СӘМЕТҚЫЗЫ, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің оқытушысы, жас журналистер клубының жетекшісі.

– М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде жас журналистер клубы ашылған екен. Осы идея қайдан келді? Жалпы, журналистер клубын ашу қажеттіліктен туған дүние ме, әлде тапсырыспен жүзеге асты ма?

– Жамбыл облысының журналистер дайындау ұстаханасы – М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті екенін өздеріңіз жақсы білесіздер. Бүгінгі таңда біздің студенттеріміз Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетіне қарасты «Филология және журналистика» кафедрасында конвергентті және веб журналистика мамандықтары бойынша білім алуда. Жалпы, студенттің жазуға тө­се­ліп, мықты маман болып шығуы теориялық біліммен қа­тар, практикалық машықтануды да талап етеді. Осы орайда жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз шығармашылық байланыс орнату, сту­денттерді редакциядан тәжірибеден өткізу мәселесі жолға қойылған. Бүгінгі таңда кез келген салада бәсекеге қабілетті мамандардың сұранысқа ие екені белгілі. Сол себепті, сапалы, білікті маман даярлап шығару көзделген. Міне, осы тұрғыдан алғанда кафедрада студенттерге арналған клуб ашудың қажеттілігі туындағаны рас. Бұл ешқандай да тапсырыспен жүзеге асқан дүние емес. Бастамамызды кафедра меңгерушісі Күлзинат Мейрамбайқызы мен оқытушы-профессорлық құрамы қолдап, осылайша дүниеге келген жоба. Ал клубтың жұмысын оқытушы Ләззат Талғатқызы екеуміз жүргізіп келеміз. Ләззат Талғатқызы клуб мүшелерінің университеттің ақпарат және медиакоммуникация қызметімен бірлесе атқаратын жұмысын үйлестіреді. Атап айтқанда, клуб мүшелерінің университеттің телестудиясында жұмыс істеуін ұйымдастырып, ақпараттық қолдау көрсетіп, үлкен шаруаның басы-қасында жүр.

Толығырақ

Дін - тәрбие негізі

5 қазанда сағат 10.00-де ZOOM платформасында гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің "Филология және журналистика" кафедрасының кураторлары "Дін - тәрбие негізі" тақырыбында ашық кураторлық сағат өткізді.
1-курс филология тобының кураторы Ә.Түймебекованың ұйымдастыруымен өткен шараны 1-курс веб журналистика тобының кураторы А.Әнуарбекова жүргізіп, қонақ ретінде "Дінтану" орталығының маманы, дінтанушы Алпысбаев Бақтияр Қаржаубайұлы, сондай-ақ кафедра кураторларымен қатар 70-ке жуық студент қатысты.

Онлайн өткен шарада Бақтияр Алпысбаев студенттерге деструктивті діни ағымдардың адам санасына кері әсері туралы айтып, ғалымдардың сөзіне сүйене отырып, зайырлылық пен дін анықтамасына тоқталып, діни кітаптардың да жайын тілге тиек етті.

Студенттермен пікіралмасу, әңгімелесу форматында өткен шарада көптеген мағлұматтар айтылып, жастарға ақыл-кеңес берілді. Сондай-ақ, студенттер де өздрін толғандырған сұрақтарын қойып, оған толыққанды жауап алды.

Толығырақ

Университетте жас журналистер клубы құрылды

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетіне қарасты "Филология және журналистика" кафедрасында "Жас журналистер клубы" ашылды. Қараша айының басында қолға алынған бастамамыз қолдау тауып, аз ғана уақыттың ішінде 70-ке жуық мүше жинады. Әрине, қатысушылар өзіміздің студенттеріміз. Дей тұрғанмен, таңдау еркі өздерінде тұрған талапты, белсенді, білімге құштар студенттер күннен күнге қатысушылардың қатарын көбейтуде. Білсек, үйренсек, көрсек деген жалынды жастардың басын қосқан клубтың жұмыс жоспарында көптеген іс-шаралар бар. Соның ішінде белгілі, белді журналистер мен болашақ журналистер арасын байланыстырып, шәкірт тәрбиелеу ісіне қарымды қаламгерлерді жұмылдырғымыз келгеннен туған ой еді бұл. Бұйырса, алдағы уақытта әріптестерімізді басқа қалада болса онлайн кездесуге, жамбылдық болса университетке шақыратын боламыз.

Толығырақ

Журналистер "Jambyl" телеарнасында қонақта

Бүгін Филология және журналистика" кафедрасы "Жас журналистер клубының" ұйымдастыруымен студенттер "Jambyl" телеарнасына барды.
Қонақтарды "Jambyl" телеарнасының директоры Мейіржан Әлібекұлы мен орынбасары Айбол Қарашев қарсы алып, телеарна мен радионың жұмысымен, студиялармен таныстырды. Шара барысында телеарна мамандары өз жұмысы туралы айтып, білімгерлер үшін арнайы жаңалықтар мен "Таңғы тайм" бағдарламасының түсірілім сәті көрсетілді. Клуб мүшелері жаңалық жүргізу, радиода мәтін оқу мүмкіндігіне ие болды. Сондай-ақ, жаңа маусымның жеті жаңалығы да студенттер назарына ұсынылды. Ал іс-шара соңында баспасөз орталығында Мейіржан Әлібекұлы мен Айбол Қарашев дәріс оқып, өздерінің тәжірибесімен бөлісіп, ақыл-кеңесін айтып, студенттер тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап берді.

Толығырақ

Медиасауаттылық - заман талабы

Бүгін "Филология және журналистика" кафедрасы "Жас журналистер клубының" ұйымдастыруымен "Медиасауаттылық - заман талабы" тақырыбында шеберлік сағаты өтті.
Белгілі медиатренер, журналист, филология ғылымдарының кандидаты, "Атырау" телерадиоарнасының директоры, ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» стипендиясының стипендиаты Қанат Әуесбайдың қатысуымен өткен іс-шараға клуб мүшелері толық қатысты.

Толығырақ

Мақала жазу шеберлігі жайлы дәріс өтті

Бүгін "Филология және журналистика" кафедрасы Жас журналистер клубының ұйымдастыруымен облыстық "Ақ жол" газетінің Бас редакторы Оралхан ДӘУІТТІҢ шеберлік сағаты өтті.
Оралхан Дәуіт клуб мүшелеріне дәріс оқып, өзінің журналистикадағы 25 жылдық тәжірибесімен бөлісіп, жастарға бағыт-бағдар боларлық ақыл-кеңесін берді. Жалпы, журналистиканың тарихынан сыр шертіп, бүгіні мен болашағы туралы ой қозғады. Мақала жазу шеберлігі жайлы, тақырып қою өнері, ой қорыту мәселесі, жалпы оқырманды баурап алудың жолдары жайлы тағылымды мәліметтермен бөлісіп, машықтанудың маңыздылығына тоқталды.

Толығырақ

Құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелеттік жасқа толмаған студенттермен жұмыс

11-қарашада "Филология және журналистика" кафедрасының оқытушыларының ұйымдастыруымен «Құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелеттік жасқа толмаған студенттермен жұмыс» тақырыбында В21Фил-3,5, В21Жур-3, В21Вебжур-3 топтарының студенттеріне №1 полиция бөлімінің аға полиция инспекторы Гүлшат Жетпісбайқызы Байназарова дәріс оқыды. Іс-шараға кафедра оқытушылары Түймебекова Ә.Ә., Мырзабаева Б.Д., А.С.Ануарбековалар атсалысты. Сонымен қатар аталған іс-шараға факультет деканының тәрбие жөніндегі орынбасары Макимова Гүлбану қатысты.

Толығырақ

Журналистік сараптама және медиа трендтер

Бүгін "Филология және журналистика" кафедрасының ұйымдастыруымен Жас журналистер клубының кезекті шеберлік сағаты өтті. Шығармашыл жастар Zoom платформасында бұл жолы республикалық "Айқын" газетінің бас редакторы, халықаралық "Болашақ" бағдарламасының түлегі Нұрмұхамед Байғарамен кездесті.

Шеберлік дәрісіне "Болашақ" бағдарламасының түлегі, филология ғылымдарының кандидаты Қанат Әуесбай модератор болып, жүргізді.
80-ге жуық студент қатысқан іс-шара барысында Нұрмұхамед Байғара журналистиканың қыр-сыры туралы айта келе, сараптамалық мақала жазудың ерекшеліктері мен медиа трендтерге тоқталды.
Студенттер де белсенділік танытып, тақырып төңірегінде сұрақтарын қойып отырды. Мәселен, Д.Зауытбекова әдебиетпен қамтамасыз етілудегі кемшін тұстар жайлы сөз етуін, ал Д.Асқар шетел мен қазақ журналистикасы жайлы айтып беруін сұрады.

Толығырақ

МАҚАЛА ЖАЗУ МАШЫҒЫ

Бүгін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттік телестудиясында шеберлік сағаты өтті. Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті "Филология және журналистика" кафедрасы Жас журналистер клубының ұйымдастыруымен өткен іс-шараға облыстық "Арай" газетінің бас редакторының орынбасары Жасұлан Сейілханов қатысып, журналистика мамандығы бойынша білім алып жатқан 1,2-курс студенттеріне "Мақала жазу машығы" тақырыбында дәріс оқыды.

Кездесу барысында әскери журналистика мен спорт журналистері туралы сұрақтар қойылып, кәсіпке адалдық, баспасөздің болашағы мен әмбебап маманға деген сұраныс жайлы әңгіме өрбіді.
Болашақ журналистер өз ойымен бөлісіп, еркін сұқбаттасты. Сондай-ақ шеберлік сағатына мектеп оқушылары да қатысты.

Толығырақ
Top