«Өнер уақыты» телевизиялық бағдарлама

«Мәдени-тынығу жұмысы» білім беру бағдарламасының 2-курс студенттері «Өнер тарихы» пәні бойынша екінші аралық бақылауды тапсырып, өздерінің теориялық білімдері мен шығармашылық талдау дағдыларын көрсетті.

Толығырақ

Бір үйдің баласындай 08/25

Жоғары курстар мен 1 курс студенттері арасындағы байланыс пен достықты нығайту, шығармашылық қарым-қатынасты арттыру, студенттерді бірлікке, ұйымдастырушылыққа және мәдени ортада өз қабілеттерін көрсетуге ынталандыру.

Толығырақ

Н.Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Құстар қайтып барады» лекция-концерті

Қазақ музыкасының маңдайалды композиторы, дирижер, домбырашы, Қазақстанның Халық қаһарманы, Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің 100 жылдық мерейтойына орай «Мәдениет және өнер» кафедрасында «Құстар қайтып барады»  лекция-концерті өтті. Бұл іс-шара студенттер арасында композитордың шығармаларын насихаттау, қазақ музыка өнеріне деген құрмет сезімін ояту мақсатында өткізілді.

Толығырақ

Әншілердің 1-ші бақылаулық нәтижелері

Әншілердің 1-ші бақылаулық нәтижелерінен суреттер легі.

Толығырақ

Оқытушыдан – өнер, студентке – шабыт!

«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті, «Мәдениет және өнер» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамының қатысуымен «Оқытушыдан – өнер, студентке – шабыт!» атты шығармашылық концерт өтті. Бұл мәдени шараның мақсаты – оқу орнының профессор-оқытушылар қауымының өнерге деген сүйіспеншілігін танытып, студенттермен рухани байланысты арттыру, білім ордасының шығармашылық әлеуетін кеңінен көрсету болды.

Толығырақ

ҒЫЛЫМИ СЕМИНАР ӨТТІ: «ҚОЗҒАЛЫСТАҒЫ ПРАКТИКАЛЫҚ ФИЛОСОФИЯ»

14 қараша 2025 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің бірлесуімен «Қозғалыстағы практикалық философия» атты ғылыми семинар онлайн форматта өтті.

Толығырақ

«Музыкалық театрдың ашылуы» тақырыбында тәжірибелік сабақ өтті

Сабақтың мақсаты — студенттерге музыкалық театр ұғымын түсіндіру, қазақ музыкалық театрының қалыптасу тарихымен таныстыру, театр жанрлары мен олардың ерекшеліктерін талдау, сондай-ақ болашақ мәдени-тынығу қызметінің ұйымдастырушылары ретінде театрлық өнер элементтерін тәжірибе жүзінде қолдану дағдыларын қалыптастыру.

Толығырақ

Ұстаз-ұлы тұлға

Тәрбие және жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен концерт өтті. Іс-шараның мақсаты – жаңа студенттерді университет өмірімен таныстыру және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. Концерт барысында студенттер ән айтып, би билеп, түрлі көркем өнер нөмірлерін көрсетті. Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар мен көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Толығырақ

Дариға Туранкуловамен кездесу кеші өтті

Іс-шара барысында қатысушылар Дариға Туранкулованың өмір жолы мен шығармашылығына қатысты тың мәліметтер алды. Кездесу ашық сұхбат түрінде өтіп, қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Кеш мазмұнды әрі әсерлі өтті.

Толығырақ

«АКТЕРЛІК ШЕБЕРЛІК НЕГІЗДЕРІ» ТАҚЫРБЫНДА МАСТЕР-КЛАСС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Өнертану ғылымының кандидаты Кулбаев Аман Бекенұлы Актерлік өнердің негізгі қағидаларымен таныстырды, студенттерді сахна өнерінің негіздерімен актердің эмоция, дауыс, қимыл және серіктеспен жұмыс жасау қабілеттерін дамытуға бағытталған шығармашылық мастер класс өткізілді.

Толығырақ

Лаборотория-АКК-75 өнер лабороториялық ашылды

М Х Дулати атындағы Тараз университенде Мәдениет және өнер кафедрасында, кафедраның меңгерушісі Айгүл Қабиқызының қолдауымен аға оқытушы Айтибаев Қажыбайдың идеясымен Лаборотория-АКК-75 өнер лабороториялық ашылды .

Толығырақ

ТАРАЗ ТӨРІНДЕ АСҚАРБЕК СЕЙІЛХАННЫҢ “ШЕР-АҒА ШЕКПЕНІНЕН ШЫҚПАСАМ ДА…” БЕНЕФИСІ МЕН КІТАБЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТТІ

Биыл Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, ардагер журналист, мәдениет майталманы Асқарбек Ақылшаұлы Сейілхан мерейлі 75 жасқа толды. Аталмыш мерейлі күнге орайластырып өзінің «ШЕР АҒАНЫҢ ШЕКПЕНІНЕН ШЫҚПАСАМ ДА...» атты кітабын жарыққа шығарды.

Толығырақ

"Құстар фестивалі" қойылымы өтті

Құстар арқылы қоғамдағы мәселелерді жеткізу, жемқорлықтың соңы неге соғарының айғағы.Авторы: Д.Исабеков.

Толығырақ

«Уақыттан биік әуен»

Музыка – халықтың жүрегінен орын алатын киелі өнер. Кейбір әндер уақыттың жетегінде қалып, өткеннің бір бөлшегіне айналады. Ал кейбірі ғасырлар өтсе де, өзінің құндылығын жоғалтпай, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Мұндай өлмес туындыларды дүниеге әкелу – тек ұлы талант иелеріне бұйырған бақыт. Қазақ халқы үшін сондай мәңгілік әуеннің иесі – Шәмші Қалдаяқов.

Толығырақ

Арманым - Әселім

Қырғыз халқын күллі әлемге танытқан, адамзаттың Айтматовы атанған Шыңғыс Айтматовтың қалам тербеуге негіз болған махаббат тақырыбы әрқашан да өміршең. Қойылымда өткен ғасырдың 60 жылдары Тянь-Шань тауының бөктеріндегі Долан асуында өткен оқиға желісі сипатталады. Бас  кейіпкерлер – Ілияс пен Әсел тағдырдың жазуымен кездеседі. Жаны таза, ажарлы ауыл қызы мен көлік жүргізушісі бірін-бірі қимастай сүйіп қалады. Сахна төрінде шынайы махаббат сезіміне бөленген қос ғашықтың іңкәрлігі көркем суреттеледі.

Толығырақ

САРҚЫЛМАЙТЫН ЖЫЛЫЛЫҚ, АНА АТЫ - ҰЛЫЛЫҚ

8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні көктем шуағындай сезім мен нұр құйған көркем мереке. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-Тіршілік өзегі,өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі Ана деп соғады.

Толығырақ

ЖОО-МЕКТЕП КОЛЛАБОРАЦИЯСЫ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОВОРКИНГ КЕРЕМЕТТЕРІ

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің «Педагогика» кафедрасы Жамбыл облысы Байзақ ауданының Көктал жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық гранттық қаржыландыру бойынша АР19680242 «Қазақстан Республикасында педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында жоғары оқу орындарының коллаборативті цифрлы білім беру ортасын құру» атты жоба аясында «ЖОО-МЕКТЕП коллаборациясы: Заманауи педагогтің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында аймақтық тәжірибелік семинар өткізді. Аймақтық тәжірибелік семинарға ЖОО-ның танымал ғалымдары, оқытушылары, жалпы орта білім беретін мектептің басшылары, оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі мектеп директорының орынбасарлары, жаңашыл мұғалімдер, педагогикалық қауымдастық өкілдері және болашақ педагогтер қатысты. Аймақтық тәжірибелік семинардың мақсаты – ЖОО-МЕКТЕП коллаборативті цифрлы білім беру ортасында жоғары оқу орны мен жалпы орта білім беретін мектептердің ынтымақтастық байланысы негізінде педагог кадрларды дайындау сапасы арттыру, тиімді жолдарын айқындау, озық әдістемесін ұсыну, коллаборативті ғылыми-зерттеу жұмыстарын тиімді жүргізуде жаңашыл ұстаздардың инновациялық іс-тәжірибесін зерттеу, насихаттау және тарату.

Толығырақ

Кино және театр актеры Жанболат Найзабеков "Мәдениет және өнер кафедрасы мәдени тынығу қызметі" студенттермен кездесті

Top