
Super User
ДЕНЬ ПАМЯТИ ВОИНОВ-ИНТЕРНАЦИОНАЛИСТОВ
15 февраля 1989 года тридцать три года назад начался вывод ограниченного контингента советских войск из Афганистана. К этой знаменательной дате 15 февраля 2022 года на военной кафедре со студентами прошел урок мужества. На это тематическое мероприятие были приглашены ветераны Афганской войны полковник запаса Салиев Ж.М., старший сержант запаса Джунусалиев Т.Т., рядовой запаса Ботантаев Д. и рядовой запаса Ақшалов Б.
Выступление участников боевых действий сопровождалось демонстрацией документального фильма об афганских событиях. Для воинов-интернационалистов студентами военной кафедры был подготовлен праздничный концерт и выпущена стенгазета.
СТУДЕНТЫ ВСТРЕТИЛИСЬ С ПАРАЛИМПИЙСКОЙ ЧЕМПИОНКОЙ ЗУЛЬФИЕЙ ГАБИДУЛЛИНОЙ
В Таразском региональном университете им. М.Х. Дулати на факультете «Искусства и спорта» состоялась встреча студентов специальности «Физическая культура и спорт» с паралимпийской чемпионкой Зульфией Габидуллиной. Организовала и провела мероприятие заместитель декана по воспитательной работе Жанар Бекбергенова – старший преподаватель кафедры «НВП и Физическое воспитание».
Зульфия Раухатовна –казахстанская спортсменка-паралимпийка, мастер спорта Республики Казахстан международного класса по плаванию, капитан Паралимпийской сборной Казахстана.
В сентябре 2016 года Зульфия Габидуллина подарила Казахстану первую паралимпийскую медаль в истории суверенного государства в Рио-де Женейро, на дистанции 100 метров по плаванию в вольном стиле. В 2016 году вошла в список «Топ-3 лучших женщин-спортсменок Рио-2016». Принимала участие в летних Паралимпийских игр в Токио – 2021. Награждена Орденом «Барыс» II степени (13 декабря 2016 года), является почётным гражданином Жамбылской области.
СТУДЕНТТЕР ПАРАЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ ЗУЛЬФИЯ ГАБИДУЛЛИНАМЕН КЕЗДЕСТІ
Дулати университетінің «Өнер және спорт» факультетінде «Дене шынықтыру және спорт» мамандығының студенттері паралимпиада чемпионы Зульфия Габидуллинамен кездесті. Іс – шараны «Өнер және спорт» факультетінде тәрбие іс жөніндегі декан орынбасары Жанар Бекбергенова ұйымдастырып өткізді.
Зульфия Раухатқызы Қазақстандық паралимпиада спортшысы, жүзуден Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Паралимпиада құрамасының капитаны.
2016 жылдың қыркүйек айында Зульфия Габидуллина Қазақстанға Рио-де-Женейрода өткен егемен мемлекет тарихындағы 100 метр қашықтықта еркін стильде жүзуден алғашқы паралимпиадалық медальді сыйға тартты. 2016 жылы ол Рио-2016 Үздік 3 әйел спортшыларының тізіміне енді. Токио-2021 жазғы Паралимпиада ойындарының қатысушысы. II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған (2016 жылғы 13 желтоқсан), Жамбыл облысының Құрметті азаматы.
АДАЛДЫҚ ПРИНЦИПТЕРІНЕ БАСТАЙТЫН МӘМІЛЕ
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тексеру департаментінің басшысы Қайрат Бектембаев пен Дулати университетінің Басқарма төрағасы-ректоры Талғат Ешенқұлов жоғары білім беру ісінде өзара ықпалдастықты арттыру мақсатында екіжақты меморандумға қол қойды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселесі қашанда өзектілігін жоймайды. Кез келген істің басында адалдық принциптері тұруы, жұмыс ашық, жариялы түрде жүргізілуі тиіс. Әсіресе, бұл жоғары білім беру саласы үшін аса маңызды принцип. Осы ұстанымды білім беру ісіне енгізу әрі маман даярлау ісінде сапаға қол жеткізу мақсатында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті аталған департаментпен бірлесе жұмыс жүргізуге мүдделі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев білім және ғылым жүйелерін жетілдірудің маңыздылығын айтып, тиісті тапсырмалар бергені мәлім. Президент тапсырмасына сәйкес, Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі органдары мамандар даярлығын жақсарту және кадрлық әлеуетінің сапасын арттыру үшін өзара бірлесіп, күш-жігерді біріктіру қажет деп санайды.
– Екіжақты келісім арқылы өзара ықпалдастықты арттыру, экономикалық тергеу мәселесі бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды оңтайландыруды көздедік. Дулати университетінде әртүрлі сала бойынша мамандар даярланады. Соның ішінде экономика, қаржы саласы бойынша маманданған түлектер өңірдегі қаржылық ұйымдарда қызмет етіп жүргенін айта кету керек. Көпшілігі қаржылық қауіпсіздік мәселелері бойына салалық мекемелерге жұмысқа орналасады. Ал біз даярлаған кадрлардың жұмыс берушінің талаптарына сай болуы тиіс. Сондықтан білікті маман даярлау үшін бірлесе жұмыс істеу тиімді. Сондай-ақ меморандум профессор-оқытушылар құрамының ары қарай біліктіліктерін арттыру ісінде де нақты тәжірибе алмасу алаңын құруды да мақсат еттік.
Әрине, ең бірінші кезекте көлеңкелі экономикаға жол бермеу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес алдыңғы орында тұрады. Біздің университеттің негізгі принциптерінің бірі – академиялық адалдық, жалпы адалдық принциптарын енгізу. Міне, осы бағыттарда кең ауқымда атқару үшін осындай екіжақты келісім жасап отырмыз, - деді Талғат Ілиясұлы.
Облыс бойынша Экономикалық тексеру департаментінің басшысы Қайрат Бектембаев сапалы кадр даярлау мәселесіне қатысты пікірін білдірді. Мекемедегі бос жұмыс орындары бойынша университет түлектерін жұмысқа тартуға дайын екендіктерін жеткізді.
Жалпы қос тарап екіжақты келісім жасай отырып, өзара іс-қимылды күшейту мақсатында және білім және ғылым саласындағы өзара тиімді стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мен дамытуды көздейді. Бұл қадам өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік беретінін де айта кеткен жөн. Білім беру, кадрларды қайта даярлау ісінде бірлескен жобалар, бағдарламалар, курстар, семинарлар ұйымдастырылады.
Дулати университеті мен аталған департамент басшылығы қолданыстағы тәжірибені негізге ала отырып, тең құқықтық, ашықтық, ізгі ниет, құрмет пен сенім негізінде ынтымақтастықты іске асыруға ниетті.
Меморандумда көрсетілген келісімдер мен принциптерді іске асыру процесі Қазақстан Республиканың қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
АРДАГЕРЛЕР ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕГЕ ДЕ АТСАЛЫСАДЫ
Биыл Ауған жерінен Кеңес Одағы әскерлерінің шығарылғанына 33 жыл толып отыр. Осыған орай Дулати университеті «Әскери» кафедрасы ардагерлермен кездесу ұйымдастырды.
Кез-келген сарбаз бұйрықты орындайды. Оларға қолға қару алып, ел шетіне аттануға бұйрық түскенде, тыныштық күзеті үшін сап түзеген болатын. Ауған жеріндегі «Жарияланбаған соғысқа» қатысқан кешегі жауынгерлердің бірқатары бүгінде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде оқытушылық қызмет атқарып, жастарға патриоттық тәрбие беруге өз үлестерін қосып жүр. Ардагерлер 15 ақпан – Ауған жерінен Кеңес Одағы әскерлерінің шығарылған күніне орай өткізілген кездесуге арнайы шақырылды.
Кездесуде бір минуттық үнсіздік жарияланып, жиналғандар Ауған соғысы құрбандары еске алды.
Отставкадағы подполковник, аға оқытушы Ұлықбек Жұмабекұлы «Ерлік елге мұра, ұрпаққа ұран» атты баяндамасында туралы мәліметтер көп келтірген екен. Студенттер мен оқытушылар тың деректерге қанықты. Сондай-ақ, Жексенбай Масақбайұлы, Тұрсын Тұратұлы, Доғтырбай Ботантаев, Беккелді Ақшалов өздерінің майдандастарын еске алып, басынан өткерген оқиғаларын әңгімеледі.
Кездесу концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Студенттер өз өлеңдерін оқып, домбыра, гитарамен ән шырқады. Көрермендерге «Ауғанстан» атты деректі фильм көрсетілді.
Іс-шара соңында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары мен естелік сыйлықтар тарту етілді.
КАДРЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫ
КАДРЛАРДЫҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖӘНЕ ҚАЙТА ДАЯРЛАУ ОРТАЛЫҒЫ

Алимбетова Гульжан Сыргабаевна
Кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау орталығының басшысы
Байланыс телефоны: +7 (777) 117 11 63
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
- педагог кадрлардың біліктілігін, құзыреттілігін арттыру және қайта даярлау саласында ЖОО-ның білім беру қызметін ұйымдастыру;
- университет ішінде біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру;
- еліміздің жетекші жоғары оқу орындары мен оқу-әдістемелік орталықтары ұйымдастыратын біліктілікті арттыру курстары туралы ақпаратты жинау және өңдеу;
- біліктілік пен құзыреттілікті арттыру бөлігінде бөлімшелердің жұмысын үйлестіру, сондай-ақ осы процесті ақпараттық сүйемелдеу;
- профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін және құзыреттілігін арттырудан өтуді ұйымдастыру;
- ПОҚ құзыреттілігін, біліктілігін арттыру бойынша мәліметтер базасын жүргізу және осы мәселелер бойынша жоғары тұрған органдарға есептер құрастыру.

Лауазымы: Орталық басшысының орынбасары
Байланыс телефоны: +7 (707) 754-56-63
Мекен-жайы: Төле би көш. 62, 3.1-102
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Лауазымы: Жұмысқа орналастыру және карьера секторының маманы
Байланыс телефоны: +7 (747) 998-11-82
Мекен-жайы: Төле би көш. 62, 3.1-102
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


Лауазымы: Маман
Телефон: 87756271750, 87087170804
E-mail: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.