Super User

Super User

Вторник, 15 февраля 2022 06:28

МИССИЯ ВОСПИТАТЕЛЯ ХХІ ВЕКА

9 февраля кафедрой «Дошкольное и начальное образование» был организован республиканский онлайн-семинар «Миссия воспитателя ХХІ века» по педагогической практике студентов образования «Подготовка специалистов дошкольного воспитания и образования». Участниками семинара стали: методисты детских садов, воспитатели и педагоги групп предшкольной подготовки Жамбылской, Туркестанской, Кызылординской областей; профессорско-преподавательский состав и студенты.

Цель онлайн-семинара: обмен мнениями о методическом опыте, накопленном студентами в результате педагогической практики, представление о статусе и функциях педагога.

Вторник, 15 февраля 2022 06:18

ТӘРБИЕШІНІҢ МІНДЕТІ – ТӘЛІМ БЕРУ

Кез келген нәрсеге арнайы өлшеммен қарасақ, кәсіби тұрғыдан мамандарға жүктелер мақсат-міндеттердің кең ауқымын тізіп шығуға тура келеді. Балабақша тәрбиешісінің де жауапкершілігі жоғары. Алайда терминдік тұрғыдан емес, өзара қарым-қатынастар, бала мен тәрбиеші арасындағы байланысты мейірім, сенім дейтін сезімдермен байланыстырсақ, бүгін ХХІ ғасыр тәрбиешісі жүктелер міндеттің ауқымы кеңейе түседі.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасы ұйымдастырған «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мамандарын даярлау» білім беру студенттерінің педагогикалық практикасы бойынша «ХХІ ҒАСЫР ТӘРБИЕШІСІНІҢ МИССИЯСЫ» атты республикалық онлайн-семинар да осы мәселелер сөз болды. Онлайн жиынға Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының балабақша әдіскерлері, тәрбиешілері және мектепалды даярлық топтарының педагогтары; профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қосылып, өзара пікір алмасты.

14 февраля 2022 года подполковник  запаса Калилаев Д.Ж. довел до студентов основные положения закона РК «Об обороне и Вооруженных Силах Республики Казахстан», разъяснил студентам, что закон регулирует общественные отношения в области организации обороны и Вооруженных Силах Республики Казахстан, функции и полномочия государственных органов в обеспечении обороноспособности страны, права и обязанности граждан и организаций в сфере обороны.

2022 жылғы 14 ақпанда запастағы подполковник Д.Ж. Қалилаев студенттерге «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» ҚР Заңының негізгі ережелерін жеткізді, студенттерге заңның Қазақстан Республикасының қорғанысы мен Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы қоғамдық қатынастарды, елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етудегі мемлекеттік органдардың функциялары мен өкілеттіктерін, азаматтар мен ұйымдардың қорғаныс саласындағы құқықтары мен міндеттерін реттейтінін түсіндірді.

Нарматов Сардарбек РахымбаевичҚазіргі қоғамның тым жадағай күйге түскені – кісідегінің кілті аспандап кеткені, бірдің қолындағысын екіншісі қақшып жеп кететіні, тәкаппар, мейірімсіздердің қарасының тым көбейіп кеткені.Барға қанағат етіп, біреудің жолын кеспей, бұйырғанының қадіріне жете білетін саналы жандар көп емес ортамызда.Сол аздың бірі – М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Экономика» кафедрасының оқытушысы Сардарбек Нарматов мерейлі 70 жасқа толып отыр.

Негізі Сардарбек Рахымбайұлы өз кәсібі мен өмір жолын таңдауда қателеспеген жан. Өйткені, өз қалауымен таңдаған мамандық бойынша ғана табысты, жемісті еңбек етуге болады. Ал оның еңбек кітапшасында бір ғана жұмыс орны жазылған. Бір жұмыс орынында жарты ғасырға жуық,нақтысы 48 жыл бойы үздіксіз қызмет атқарып келеді. Бір ұжымда үздіксіз, табан аудармай еңбек ету– сирек кездесетін жайт. Бұл – Сардарбек Нарматовтың өзұжымына деген адалдығының, сүйіспеншілігінің және патриоттық сезімінің  бұлжымас дәлелі болса керек.

Ол ауылдан шыққан экономист. Меркіде туып-өсті. Арманы да ауыл баласына тән асқақ болды. Арман қуып, 1969 жылы Алматы қаласындағы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (КазГУ) Филиософия-экономикалық факультетінің «Саяси экономия» бөлімшесіне оқуға түсіп, оны 1974 жылы бітіріп, экономист, «Саяси экономия»пәнінің оқытушысы мамандығын алды. Республиканың сол кездегі Жоғары және Орта білім министрлігінің жолдамасымен 1974 жылдың тамыз айында Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының  «Саяси экономия» кафедрасында ассистент болып еңбек жолын бастаған.

Нағыз бабындағы «Хан қымызын» ішіп көріп пе едіңіз?! Айтары жоқ, ауруға – ем, сауға – қуат, дертке – дауа, дәрі қымыз. Бүгінде бұл қымызды Тараз қаласындағы «Заң» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өндіріп отыр. Ал оны дайындау технологиясы М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Наноинженерлік зерттеу әдістері» зертханасында жасалған. Авторы – осы зертхананың аға ғылыми қызметкері, профессор Ерман Спандиярұлы.

Сонда оның басқа қымыздан артықшылығы неде дейсіз ғой?! Ерекшелігі – 2 ай сақталатындығында. Алпыс күн тұрса да, қуатын жоғалтпайды, табиғи құрамы да бұзылмайды. Бұл – ұзақ уақыт бойы жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесі.

Бұл жоба бір кездері жұрт жаппай «Немістер қымызды патенттеп, меншіктеп алыпты» деп дүрліккен кезде қолға алынған еді. Нағыз брендке айналатын ұлттық сусынды шынында да бір күні біреулер «біздікі» деп иемденіп кетер деген ой маза бермеген жамбылдық кәсіпкер, «Заң» ЖШС директоры, өңірлік университеттің құрметті профессоры, Дүйсенбек Ыбыналиев ғалымдарға ұсыныс жасайды. «Қымыз дайындау технологиясының ғылыми негіздемесін жасап, ертерек патенттеп алайық» дейді жанашырлықпен. Ерман Спандиярұлының зерттеуге бел шешіп кіріскені де сол шақ.

2

Зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін университеттегі «Наноинженерлік зерттеу әдістері» зертханасы нағыз қолайлы база болды. Ұзақ ізденіс, тынымсыз еңбек жемісін беріп, бірінен кейін бірі ғылыми мақалалар жарияланып, бірнеше халықаралық конференциялар, дөңгелек үстел, басқа да іс-шаралар ұйымдастырылады. Осылайша екі ай бойында сапасын жоймай сақталатын қымыз дайындайтын отандық патентпен қорғалған жаңа технология жасалынып өндіріске енгізіледі.

Ғылыми лабораторияны ұлттық тағамдардың инженериясы деуге болады. Тура бір табиғи құрамы мен қуатын байытып, ұлтқа қайта ұсынған орталық десек, артық айтпаймыз. Себебі, мұнда тек қымыз ғана емес, ұлттық сусындар – боза мен ашымық, шалапты, құрт пен ірімшік, қауынқұрт және басқа да тәтті тағамдарды дайындау технологиясының ғылыми негіздемесі жасалған.

3

– Қазір дүкеннен сатып алған сүт пен айранның бәрі бірдей сіңімді, денсаулыққа пайдалы деп айта аласыз ба?! Сіз, оның сақталу мерзіміне мән беріп, қарап көрдіңіз бе? Бір-екі аптаға ғана жарамды дегенін ілуде бір таппайсыз. Кемі 4-5 ай бұрын шығарылған. Ал кеше сауып алған сүтті ең құрығанда бір апта сақтай аласыз ба? Жоқ, ол мүмкін емес. Сонда 3-4 ай бұрын өндірілген өнімді ұзақ уақыт сақтау үшін бір қоспа қосатыны анық. Ал біздің ғалымдар ұлттық тағамдардың табиғи құрамын сақтай отырып, ұзақ уақыт сақтау технологиясын жасады. Біз қазір әр тағамның түрі бойынша жүргізілген зерттеулер нәтижесіне сүйеніп, өндіріске рецептуралар мен технологияларымызды ұсына аламыз. Жобалар бар, ғалымдар үлкен ізденіс жасады, талай мәрте сынап та көрді. Бірақ, соны өндіріске енгізу мәселесі деген бар. Әзірге, лабораторияның дайын ғылыми негіздемесін, рецептілерін іздеп келіп, сұрап жатқандар жоқ. Ондай қозғалыс болуы үшін ұлттық деңгейде сұраныс тууы қажет, - дейді «Наноинженерлік зерттеу әдістері» зертханасының меңгерушісі, т.ғ.д, профессор Исабай Бекбасаров.

Ғалымдар дайындаған «Боза» жасау технологиясы да назар аударарлықтай. Зертханалық технологиямен жасалатын бозаның базардағыдан көп айырмашылығы бар екен.

– Біріншіден, біздің бозаның иісі жағымды. Базардағыдай тым ашқылтым емес, дәмді келеді. Екіншіден, нәрлілік құрамы жағынан анағұрлым денсаулыққа пайдалы. Ұзақ сақталса да, ашып, қызуы қатты болмайды. Біз жасаған ашымық пен шалаптардың құрамы да сондай. Қуаттылығы жоғары, нәрі мен дәмі жағымды, - деді зерттеу үлгілерімен таныстырған зертхананың аға ғылыми қызметкері, профессор Ерман Спандиярұлы.

Негізі қазақтың ұлттық тағам өнімдерінің барлығы дерлік белгілі емдік-профилактикалық, диеталық, тағамдық және дәмдік қасиеттері бар екені көп айтылады. Жамбылдық ғалымдар бұған ғылыми тұрғыда дәлел де келтіре алады. Бастысы ұлттық тағамдарды дайындап-сақтаудың жаңа технологиясын әзірлеп, негіздемесін жасаған. Ол жобалар енді тек өндіріске енгізу кезегін күтуде.

Исабай Исақұлы ол үшін ғалымдар мен өндірістік саланың мамандары бірлесе жұмыс істеуі керек екенін айтады. «Дәрумендік құнары мен табиғи құрамы сақталған әрі пайдалы, әрі қауіпсіз ұлттық тағамдарды өндіру үшін бұл мәселе мемлекеттік деңгейде көтерілуі керек. Мәселен, «Қазақтың ұлттық азық-түлік өнімдері» деген республикалық ғылыми орталығын құрса, ол ұлттық азық-түлік өнімдерінің барлық спектрі бойынша тағамдарды өнеркәсіптік өндірудің қазіргі заманғы технологияларын әзірлей отырып ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етер еді. Сондай-ақ осы орталық қызметінің негізгі бағыттарының бірі ретінде фармацевтикалық, медициналық, косметикалық және басқа да салаларға арналған бұйымдарды, препараттарды және өнімдерді (Қазақ ұлттық тағам өнімдерінің шикізат материалдары негізінде) әзірлеуді қарастыруға болады. Бұл отандық жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарды біріктіруге, олардың қызметін қазақтың ұлттық тағам өнімдерінің сапалы жақсартылған түрлерін зерделеуге, апробациялауға және енгізуге байланысты мәселелерді кешенді шешуге үйлестіруге мүмкіндік береді», - дейді профессор.

Жалпы университет басшылығы  тарапынан ғалымдардың зерттеулері мен жобаларын өндіріске енгізуге, патенттер бойынша гранттар ұтып алуға барынша қолдау көрсетіліп жатыр. Кеше ғана оқу орнына келіп-кеткен Satbayev University-нің Басқарма төрағасы-ректоры Мейрам Бегентаев бастаған делегация да лабораторияға арнайы барып, зерттеу жұмыстарымен танысты. Қос университет арасында екіжақты меморандум жасалды. Қос университет арасындағы байланыс жамбылдық инновациялық жоба авторларының зерттеулеріне басқа ғалымдардың да назарын аударып, оны өндіріске енгізуге жол ашады деген сенім мол.

 

Программа «Рухани жаңғыру» имеет несколько направлений и одним из них является возрождение духовных национальных традиций. В Таразскои региональном университете им. М.Х.Дулати прошла спартакиада среди студентов в рамках реализации программы «Рухани жаңғыру» по национальным видам спорта «Ұлттық ойндар».

Целью мероприятия стала популяризация национальных видов спорта, воспитание студенческой молодежи в национальных традициях и пропаганда здорового образа жизни. В спортивную программу были включены тогызкумалак, шекемтас, асык ату, лянга. Участникам предстояло проявить ловкость, смекалку, находчивость. В состязаниях приняли участие 8 команд факультетов: ФИС, ТФ, ФЭП, ФГСН, Ұстаз, ФИТ, ИВХП, а также команда «Студенческий альянс Казахстана».
В игре «лянга» первое место завоевал студент первого курса команды «ФИС»Ерсеит Жарылкасын, вторую позицию отстоял Ернур Тынысхан (1 курс ИВХП), третье место занял второкурсник «ФГСН» Бекзат Болатбек.
В игре «шекемтас» лучше всех проявила себя Мейркуль Бастерек (3 курс НВП), серебрянную медаль завоевала Шугыла Бастерек (1 курс Хореография), бронзовым призером стала Зейнеп Абилкасым (2 курс НВП).
В соревнованиях по тогызкумалак среди юношей лидирующую позицию занял Нурбол Алдибай (3 курс ФИС), вторую ступеньку пьедестала занял Нургазы Сейтжапар (1 курс ФИС), закрыл тройку призеров Бейбит Онгдашин (1 курс ТФ). Среди девушек лидером соревнований по тогызкумалак стала Каламкас Сандыкбаева (1 курс ФГСН), второе место заняла Кенгесбаева Гулдерай (2курс ТФ), третье почетное место заняла Мерей Ойыкбай (Студенческий альянс).
В состязаниях «асык ату» с наилучшей стороны показали себя юноши команды «Студенческий альянс» Сункар Турсынхан и Нурбек Сарсенбаев. На второй позиции стала команда ФИС — Есбол Омаров и Шалкар Боранбаев. Бронзовыми медалями удостоились юноши Ерасыл Болатбек и Ордабек Орынтай (ИВХП).
Завершились соревнования на приятной ноте – церемонии награждения. Все победители и призеры были награждены не только дипломами и медалями, но и памятными сувенирами. А отличившимся организаторам и активным участникам спартакиады были вручены благодарственные письма от спортивного клуба «Сункар».

WhatsApp Image 2022 02 14 at 15.37.31

WhatsApp Image 2022 02 14 at 15.37.311

Наталия Сиротина

старший преподаватель кафедры «НВП и Физическое воспитание»

Нағыз бұқаралық сипатқа ие ұлттық спорт түрлерінен ұйымдастырылатын жарыс — салауатты өмір салтын насихаттаудың үлгісі. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлттық ойындарымызды дамытуға арналған студенттер арасында өткен бәсекенің түпкі мақсаты да осы болды.

Жарыста жастар асық ату, шекемтас, тоғызқұмалақ, ләңгі тебу сынды ойындарда өзара бәсекеге түсті.
Инститтуттар мен факультеттерден құралған командылық 7 топтан жалпы 35 студент қатысып, «кім мықтыны» анықтады.
Ұлттық спортты студент жастардың арасында дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған жарыс нәтижесінде барлық командалық топтар жоғары деңгейде спорттық бабында екендіктерін көрсетті.

І, ІІ, ІІІ орын алған студенттерге дипломдар мен медальдар және ұлттық үлгіде жасалған тапсырылды. Сонымен қатар барша қатысушыларға ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

WhatsApp Image 2022 02 14 at 15.37.31

WhatsApp Image 2022 02 14 at 15.37.311

 

Страница 188 из 453
Top