ОНЛАЙН ФОРМАТТАҒЫ БАЙҚАУ

Ұстаз институты «Мектепке дейін және бастауыш білім беру» кафедрасының ұйымдастыруымен «Ұлттық өнер - тәрбие бастауы» атты қалалық онлайн байқауы өтті.

Іс -шараның мақсаты- мектеп жасына дейінгі балаларды жақсылықа тәрбиелеп, отансүйгіштік пен ұлтжандылыққа баулу.

Онлайн форматта өткен бұл байқауға қалалық алты бөбекжай балабақша қатысты.

Байқауға қатысушылар өз презентацияларынд ұлттық тағам, төрт түлік және ою өрнекпен таныстырып, білім берудің замануи талаптарын көрсетті.

Комиссия мүшелерінің қорытындысы бойынша I орынды №11 бөбекжай -балабақшасы иеленді. Ал, II орынды №9 бөбекжай-балабақшасы мен №18 «Еркежан» бөбекжай-балабақшасы алды.III орынға №16, №33 «Айсәуле» және №26 «Нұрай» бөбекжай балабақшалары ие болды.

Жиын соңында қатысушыларға алғыс айтылып, үздіктер дипломмен марапатталды.

 

 

Медиа-қызмет

Прочитано 1307 раз
Top