DULATY UNIVERSITY - ЖАҢА ИСО 9001:2015 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТАНДАРТ

ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС!

2020 жылдың 19-21 ақпан аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны «Русский Регистр» сертификаттау қауымдастығы тарапынан кезекті инспекциялық аудиттен сәтті өтті.

Университеттің сапа менеджменті жүйесі сертификаттарын  ерікті сертификаттау жүйесінде сертификатталған ұйымдар реестрінде тіркеліп, университет жаңа ИСО 9001:2015 халықаралық  стандарт талаптарына сәйкестігі университеттің СМЖ халықаралық «Русский Регистр» сертификаттау қауымдастығы (№19.0246.026 от 18.02.2019ж) және IQNet (от 18.02.2019 жылғы № RU-19.0246.026) сертификаттары растайды. Сертификаттың қолданылу мерзімі 2022 жылдың 18 ақпанына дейін.

Dulaty University сапа менеджменті жүйесі 2005 жылдан бастап жұмыс жүргізіп келеді және «Русский Регистр» сертификаттау қауымдастығы сертификатталған компаниялардың тізіліміне, сондай-ақ ISO 9001:2015 жаңа халықаралық талаптарына сәйкес IQNet сертификаттары халықаралық сертификаттау желісінде тіркелген. Dulaty University жыл сайын белгіленген стандарттарға; қызметтерінің сәйкестігін растайды.

 

 

Top