ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ

Байланыс нөмірлері: 8(7262) 42-59-19

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Тараз қ., Сатпаев көшесі 28 (Гидро кешен оқу ғимараты)

Факультет жайлы

Факультет және оның мамандықтары оңтүстік аймақты қажетті заңгер мамандармен қамтамасыз ету мақсатында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік (Өңірлік) университетінің қабырғасында 1997 жылы алғаш рет «Құқықтану» мамандығы болып ашылып, ол «Экономика жәнеқұқық» факультетінің құрамында дайындалып, бүгінгі күнге дейін айтарлықтай жетістіктерге жетіп, 1998 жылдың қаңтар айынан бастапөз алдына «Заң» факультеті болып құрылды.

1999-2000 оқужылынан факультет қарқынды дами бастады. Өзалдына жеке факультет болып отау тіккен «Заң» факультеті студенттер контингенті толыққан, іргелі құрылымдық бөлімге айналды. Білімгерлер контингентінің көбеюіне байланысты, оқу жүктемесінің артуына орай оқытушылардың саны артып, бұрын тек «Құқықтану» деп аталған кафедра құқық салаларына бөлініп, «Азаматтық – құқықтық пәндер», «Қылмыстық – құқықтық пәндер» және «Құқық негіздері» атты кафедралар болып құрылып өз деңгейінде жұмыстарын жүргізе бастады.

2010-2011 оқу жылында «Заң» факультеті университетіміздің Гидрокомплекс кешенінің 6.1. – корпусына көшіріліп, қазіргі күнге дейін жұмысын аталған корпуста жалғастыруда. Факультет бүгінгі күнде оңтүстік аймаққа және де республикамыздың басқа да аймақтарына сапалы үштілді меңгерген 5В030100-«Құқықтану» мамандығы бойынша заңгерлер, еліміздің сыртқы саясатын құқықтық реттеу үшін елімізге аса қажетті 5В030200 – «Халықаралық құқық» мамандарын дайындайды.

2018 жылғы ҚР БжҒМ жаңа буынды нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес құзыреттіліктері бар құқық және экономика бағыттары бойынша күндізгі, қашықтықтан оқыту нысанында білім бағдарламалары бойынша мамандар дайындайды.

Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламасы негізінде 2003 оқу жылынан экономика және құқық бағыттары негізінде білім бағдарлаиаларына сәйкес ғылыми – педагогикалық және салалық бейінде құқық және экономика ғылымдарының магистрлерін дайындап келеді. Жалпы факультетте барлығы 1500-нан астам студенттер мен магистранттар білім алады.

2020 жылдың 26-қазанында «Заң» және «Экономика және бизнес» факультеттері біріктіріліп, «Экономика және құқық» факультеті атты атаумен жұмысын жалғастыруда. Факультетте қазіргі уақытта 2 экономика ғылымдарының докторлары, 6 PhD докторлары, 36 заң және экономика ғылымдарының кандидаттары мен доценттері қызмет атқарады. 30-ға жуық факультеттің профессорлық – оқытушылық құрамы алыс және жақын шетелдерде, сонымен қатар өзіміздің отандық Жоғарғы оқу орындарының PhG доктарантураларында оқиды. Профессор-оқытушылар құрамының 100 пайызы магистр ғылыми дәрежесін иеленген. Сондай-ақ, бұрын өндірісте, мемлекеттік қызыметте, қаржы саласанда және құқық қорғау органында тәжірибелік қызметте болған мамандар да бар.

«Экономика және құқық» факультетің құрамы «Қылмыстық құқық және процесс», «Азаматтық құқық және процес», «Мемлекет және әкімшілік құқық», «Экономика», «Менеджмент», «Есеп және аудит», «Қаржы», «Философия және саясаттану» атты кафедраларынан тұрады.

Факультет мақсаты құқықтық және экономикалық білім беру мен білім алушылардың заман талабына сай бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, білім саласындағы ұлттық рейтингтердегі жоғары жетістіктерге жету, сондай-ақ, рухани-адамгершілік құндылықтарға, тарихи, ұлттық дәстүрлерге негізделген тұлға тәрбиелеу; жоғары білікті кадрларды даярлауға, құқықтық ғылыми зерттеулерге, цифрлық экономиканы құқықтық реттеу жүйесін құруға, цифрлық технологияларды қолдануға қатысу.

Деканат
ЕРНИШЕВ ҚАЙРАТ АСЫЛБЕКҰЛЫ

Факультет деканы

Заң ғылымдарының кандидаты, доцент

Байланыс телефоны:: 8(7262) 42-59-19

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


КОШЕРБАЕВ СЕРИК БАЛТАБАЕВИЧ

Оқу ісі жөніндегі орынбасары

Заң магистрі, аға оқытушы

Байланыс телефоны:: 8 (7262) 56-85-83

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


КАДЫРБАЙ САБЫРЖАН БЕЙСЕНОВИЧ

Оқу ісі жөніндегі орынбасары

Менеджмент магистрі, аға оқытушы

Байланыс телефоны:: 8 (7262) 51-20-55

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


ТЕҢІЗБАЕВА ДЖАЗИРА САТЫБАЛДЫҚЫЗЫ

Тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Экономика магистрі, аға оқытушы

Байланыс телефоны:: 8 (7262) 51-20-55

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.


ТАНАТОВА САЛТАНАТ ОРЫНБАСАРҚЫЗЫ

Ғылым істері жөніндегі орынбасары

Магистр, аға оқытушы

Байланыс телефоны:: -

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Материалдық-техникалық базасы

Факультет және құрамындағы кафедралар заманауи деңгейде оқу үдерісін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жеткілікті материалдық-техникалық базамен жабдықталған. Аудиториялар мен кабинеттердің қамтамасыз етілуі қауіпсіздік техникасының талабына сай жабдықталған.

Университеттің электрондық ресурстар залымен қамтамасыз етілген ғылыми кітапханаларын, баспахана, жатақханаларын, студенттік кешенін, санаторий-профилакторийін, медициналық кабинеттер мен қала шетіндегі сауықтыру зоналарын факультеттің оқытушылары және студенттері өз игіліктеріне пайдалану мүмкіндігіне ие. Студенттер ғаламторға қосылған, заманауи компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген.

Заң факультетіндегі мамандандырылған «Сот мәжіліс залы» риторика негіздерін, соттық шешендік шеберлікті, конфликтологияны, азаматтық іс жүргізуді, қылмыстық іс жүргізуді меңгеру үшін жасалған.

Тәжірибелік дағды мен кәсіби құзыретті қалыптастыру мақсатында студенттері үшін факультетте келесі Криминалистикалық зертханалар жұмыс істейді: мамандандырылған фото зертхана, «Тұрғын бөлме» оқу полигоны. «Тұрғын бөлме» оқу полигонында қылмыс жасалған орын моделденген, және тануды өткізуге арналған көру айнасы, автоматтандырылған жұмыс орны бар тергеуші кабинеті жабдықталған. Онда студенттер оқиға болған жерді қарауға байланысты тергеп – тексеру амалдарын жасауды үйренеді.

Оқу полигоны «Криминалистика» және «Сот медицинасы және сот экспертологиясы» пәндері бойынша стендтармен, ас үй жиһазымен, жұмсақ жиһазбен, үстел және орындықтармен жабдықталған.

Сонымен қатар, қарудың бірнеше үлгі түрлерімен қамтамасыз етілген.

Факультет жетістігі

Қазақстандық жоғары білімді дүниежүзілік білім кеңістігіне интеграциялау ісіне белсене араласып, еңбек нарығына білікті, бәсекеге қабілетті, үш тілді еркін меңгерген кадрлық әлеуетті дайындайтын, қазіргі кезде материалдық жаңарып және рухани жаңғырып отырған, саламатты өмір салты мен тәрбиелік қағидаларды биік ұстап, білім мен ғылымның лайықты талабы мен міндетіне жауап бере алатын, әлемдік жаһандық даму тенденция көшіне ілесіп келе жатқан факультет бірнеше рет Білім сапасын бағалаудың Тәуелсіз Қазақстандық агенттігінде институционалдық және білім бағдарламаларының арнайы мамандандырылған аккредитациясынан табысты өтті.

Барлық маман дайындалатын білім бағдарламалары бойынша күндiзгi және

қашықтықтан білім беру нысанында, сондай ақ кешкі оқу нысаны бойынша орта кәсіптік білімнен кейін, жоғары оқу орнынан кейін және жалпы орта мектептен кейін қазақ, орыс және ағылшын тiлдерiнде студенттерге білім беріледі. Өңірлік барлық құқық қорғау органдарымен студенттерді тәжірибеден өту туралы келісім-шарттар жасалған және жұмыс берушілермен орнатылған іскерлік қарым-қатынастар негізінде бірлескен білім беру бағдарламалары қолданылады.

Білім деңгейін көтеру мақсатында А. Кобланды және А. Камалова 05.07-12.07 . 2018 ж. аралығында Түркия, Кастамону қ. университетінде шетелдік ғылыми-зерттеу тағылымдамасынан өтті. 3 курс студенті Рысбек Айя студенттердің академиялық ұтқырлығын дамыту мақсатында Испанияда Хуэльва қ., Хуэльва университетінде 01.02.2018 ж. - 15.07.2018 ж. аралығында оқыды; ал 2018-2019 оқу жылында «Есеп және аудит» мамандығының студенті Жанабек Ақнур Польшадағы Жешув технологиялық университетті бір семестр оқып келді, ал Рысбек Айя Испанияның Хуельба университетінде, Нуржауова Анель Астана қаласындағы «Туран» университетінде білім алды. «Менеджмент» мамандығының студенті Абдуаханова Әмина Алматы қаласыныдағы Халықаралық бизнес университетінде, ал осы мамандықтың магистранты Омарбекова Назерке Польшаның Катовице қаласындағы экономикалық университетінде бір семестр оқып келді

Сонымен қатар, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында шетелдік студенттер Германияның Хайльбронн университетінен 2016-2017 оқу жылдары Дженифер Керн, Линда Купчык «Менеджмент» мамандығы бойынша келіп оқыды, ал 2019-2020 осы университеттің студенттері Богдан Маркус және Торбен Хинрикс біздің факультет базасында қайта оқуға келді.

Факультеттің магистранттары, докторанттары және оқытушылары жыл сайын АҚШ, Германия, Ресей, Қытай, Польша және т.б. жақын және шалғайдағы шетелдердің жоғарғы оқу орындарында біліктілігін арттырады. Экономикалық мамандықтардың студенттері екі жақты келісім-шарт негізінде Түркия, Германия, Ресей және Польшада өндірістік тәжірибеден өтеді.

Факультет Болгария, Қырғызстан, Түркия, Белоруссия елдерінің, сондай-ақ, Корфантого атындағы Жоғарғы Силезия экономикалық университетімен (Катовице қ., Польша), М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетімен (Ресей, Мәскеу), «Балыкесер» университетімен (Түркия), Вильнюс университеті (Литва) ЖОО ғылыми байланыста.

2017 жылдан бері Оңтүстік аймақтық ректорлар кеңесінің қолдауымен дәстүрлі студенттік ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізіп келеді.

Факультет құрамында «Фемида» жастар клубы мен «Саналы ұрпақ» клубы, 5 студенттік ғылыми үйірмелер жұмыс істейді.

ҚР үздік оқытушысы:

  • Қасенов М.Р. - ҚР үздік оқытушысы – 2007
  • Абдукаримова З.Т. – ҚР үздік оқытушысы – 2010
  • Уркунчиев Е.М.- ҚР үздік оқытушысы – 2010
  • Аймен А.Т. - ҚР үздік оқытушысы – 2010
  • Ауелбаев С.Ш. - ҚР үздік оқытушысы – 2012
  • Исакова С.А. - ҚР үздік оқытушысы – 2013
  • Молдабекова А.Ш. – ҚР үздік оқытушысы –2015
  • Қожабеков С.С. - ҚР үздік оқытушысы – 2017
  • Амалбекова Г.Е. - ҚР үздік оқытушысы – 2017

ҚР Президентінің Болашақ халықаралық шәкіртақысының иегерлері:

  • Искакова Г.К-шәкіртақысының иегерлері-2013
  • Әбілдаев С.Т. - шәкіртақысының иегерлері 2013
  • Назикова Ж.А. - шәкіртақысының иегерлері -2014
  • Тлеубаева С.Т- шәкіртақысының иегерлері -2014

Сыйақылар мен гранттар:

  • Амалбекова Г.Е. – Жамбыл облысы Әкімінің сыйақысы – 2009
  • Әбілдаев С.Т.- Жамбыл облысы Әкімінің сыйақысы – 2010
  • Молдабекова А.Ш. – Жамбыл облысы Әкімінің сыйақысы – 2011
  • Муратова Д.Б. – «Ұлттық теңге – тәуелсіздік діңгегі» номинациясы бойынша Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған Жамбыл облысы әкімінің сыйақысы – 2011
  • Насибуллина А.В. – ҚР Ұлттық бизнес рейтингінің «Ерен еңбегі үшін» медалі – 2014
  • Назикова Ж.А. - ҚР Ұлттық бизнес рейтингінің «Үздік маман» Ұлттық сертификаты – 2014
  • Ертаев К.Е.-Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі Құрмет Грамотасы-2017
Түлектерімізбен мақтанамыз
АБИЛХАИРОВА ГАУХАР МУХАНОВНА

2001 жылғы түлек, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіндегі өкілдігінде кеңесші болып жұмыс істейді.

БАЙКУЛОВА ГУЛЬФАЙРУЗ МАМАНБАЕВНА

2001 жылғы түлек, 2014 жылдан Жамбыл облыстық сотының судьясы.


БЕГИМБЕТОВА ГУЛЬВИРА СЕЙТАЕВНА

2001 жылғы түлек, 2013 жылдың 1 ақпанынан Тараз қалалық сотында судья.

БУРКИТБАЕВ СЕКЕР КАСЫМБАЕВИЧ

2001 жылғы түлек, 2017 жылдың наурыз айынан бастап Жамбыл облысы Жуалы ауданының прокуроры лауазымын атқаруда.


ҚОБЛАНДИН КАЛИЖАН ЖЕНИСБЕКУЛЫ

2001 жылғы түлек, 2016 жылдан бері Қызылорда облыстық жергілікті полиция қызметінің бастығы

ТОЙШЫБЕКОВ ДАНИЯР МЫРЗАГЕЛДІҰЛЫ

2001 жылғы түлек, 2014 жылдан ҚР-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша Департаментінің Жедел басқармасының бөлім басшысы.


ТАШТАМИРОВ ШОВКАТ СМАТЫЛАЕВИЧ

2001 жылғы түлек, 2014 жылдан Тараз қаласы прокуратурасының азаматтық, әкімшілік істер және атқару өндірісі бойнша сот қаулыларының заңдылығын қадағалау бойынша бөлімінің басшысы

АБУБАКИРОВ ТАЛҒАТ МЕЙРХАНОВИЧ

2002 жылғы түлек, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде Орындаушылық тәртіпті мониторингтеу басқармасының басшысы.


АДИЛОВ НУРЖАН АХМЕТҰЛЫ

2002 жылғы түлек, 2020 жылдан Талас ауданының прокуроры қызметтерін атқарды.

АХМЕТОВА АЙМАН АРЫСТАНБЕКОВНА

2002 жылғы түлек, 25.02.2016 ж. Қазақстан Республикасы Президентінің №203 Жарлығымен Жамбыл облысы Меркі аудандық сотының судьясы


БЕРДИБЕКОВ РУСЛАН МЕЙРАМБЕКОВИЧ

2002 жылғы түлек, Жамбыл облысы прокуратурасының арнайы прокурорлар басқармасының басшысы.

БУРКИТБАЕВ ЕРКЕБУЛАН УТЕГЕНОВИЧ

«Денсаулықты дамыту республикалық орталығы» РММ Менеджмент орталығының жетекшісі қызметін атқарады.


МҰХАМЕТҚАЛИЕВ РИНАТ ЗӘКИҰЛЫ

2002 жылғы түлек, 2010 жылғы ақпан айында ҚР Президентінің Әкімшілігіне Мемлекеттік қызмет және кадр саясаты бөлімінің инспекторы.

ТӘЖІКЕНОВ ЕРКІН ОНДАСЫНҰЛЫ

2002 жылғы түлек, Қызылорда облысының Әділет департаментінің жетекші маманы қызметін бастап, 2007 жылдан бастап осы департаментін бөлім басшысы қызметін атқарып келеді.


ШЫМЫРОВА АЙГУЛЬ АБДРАХИМОВНА

2002 жылғы түлек, 2016 жылдан бастап ҚР Президенті Жарлығымен Павлодар облысы Ақсу қалалық сотының судьясы қызметін атқарады

ҮСЕНҰЛЫ НҰРЛАН

2002 жылғы түлек, 2017 ж. 10 маусымынан бастап ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінде қызмет атқаруда.


БАЙСЕИТУЛЫ МУРАТ

2003 жылғы түлек, 2014 ж. Алматы қ. ҚР инвестициялар және даму Министрлігі, «Инфекцияға қарсы жабдықтар ғылыми орталығы» АҚ халықаралық ынтымақтастық бөлімінің бастығы қызметін атқарады.

СЕЙСЕБАЕВ АСПАНДИЯР МУРАТАЛИЕВИЧ

Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы


КАЛЕНДЕРОВ НҰРЖАН СӘБИТҰЛЫ

Шу ауданының әкімі

МАТЕН МАДИ МЕЙІРБЕКҰЛЫ

"Nur Otan" партиясы Жамбыл облыстық филиалы төрағасының орынбасары


ҚҰРМАНОВ АСЫЛЖАН ТҰРСЫНАЛЫҰЛЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің басшысы

АБДРАЛИЕВА САНДУГАШ ЕРМАХАНҚЫЗЫ

Жамбыл облысы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы. Басшы орынбасары


ҚАСЫМОВ РУСТЕМ ҚАЛМҰХАМБЕТҰЛЫ

"Nur Otan" партиясы Жамбыл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары

Қалтаев Ануар

«Альянс Банктің» директорлар кеңесінің төрағасы;


Әсілбеков А.А.

облыстық мәслихаттың хатшысы;

Айбасова Балжан

«Мұнай сақтандыру компаниясы» АҚ-ң директоры;


Құлбарақов Қ.А.

ҚР-ң Ұлттық банкінің Атырау филиалының директоры;-Мәдиев С.Ө. - Жамбыл облыстық статистика Басқармасының бастығы;

Махашев Ж.Қ.

«Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-ң Жамбыл облыстық бөлімшесінің директоры;


Мәдиев А.Ө.

Алматы қалалық әкімдігі кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы;

Мәдиев У.Ө.

Жамбыл облыстық Қаржы полициясы департаменті бастығының орынбасары;

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

Ғылыми-зерттеу жұмысы факультеттің қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Факультеттің ғылыми-зерттеу жұмысы келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

  • жоспарланған мемлекеттік бюджеттік ғылыми-зерттеу жұмысын орындау;
  • студенттерді ғылыми-зерттеу жұмысына тарту;
  • халықаралық және республикалық ғылыми конференцияларға, конкурстарға, симпозиумдарға қатысу;
  • республикалық, халықаралық журналдарда мақалалар жариялау.
  • ҚР білім және ғылыми министрлігімен ресми жарияланған гранттар, сыйақылар алу үшін халықаралық және республикалық деңгейде өткізілетін байқауларға қатысу;
  • ғылыми және ғылыми-практикалық конференцияларға, дөңгелек үстелдерге, студенттік олимпиадаларға қатысу, дайындау және өткізу;
  • студенттердің ғылыми жұмыстарын жандандыру және дамыту.

ҚР-да бітімгершілік рәсімдерді құқықтық реттеу, жастардың шығармашылық және ғылыми әлеуетін жүзеге асыру мақсатында факультетте 9 Студенттік ғылыми үйірме (СҒҮ) белсенді жұмыс істейді:

  • «Жеті жарғы»
  • «Цивилист»
  • «Әділет»
  • «Логос»
  • «Темірқазық»
  • «Қаржыгер»
  • «Жас экономист»
  • «Бухгалтер»
  • «Менеджер»

Сонымен қатар, факультеттің профессор-оқытушылық құрамы ғылымды зерттеу саласында халықаралық жоғарғы оқу орындарымен белсенді түрде бірігіп қызмет атқаруда. Факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамы ғылыми басылымдарда, нольдік емес импакт-фактор басылымдары дерекқорына кіретін Thomson Reuters, Scopus, РИНЦ және т. б. мақалалары бар.

Факультеттің профессор-оқытушылық құрамы шетелдік ғалымдарымен бірге монографиялар, оқу құралдары, ғылыми мақалалары жарық көрді. Конференциялар, олимпиадалар, дөңгелек үстелдер және басқа да ғылыми-зерттеу іс-әрекетінің түрлері өткізілді, олар факультеттің жақын және алыс шетел ЖОО-мен байланысын кеңейтеді.

Факультеттің профессор-оқытушылық құрамы гранттар, сыйақылар алу үшін халықаралық және республикалық деңгейде өткізілетін байқауларға жыл сайын қатысады.

Оқу-әдістемелік жұмыстар

Факультеттің оқу әдістемелік жұмыстарын ұйымдастыру және орындалу сапасын бақылаушы құрылым ретінде оқу әдістемелік бюро жұмыс істейді. Факультеттің оқу-әдістемелік жұмыстарының жоспары бекітілген іс шаралар мерзімінде орындалып отырды. «Экономика және құқық» факультетінің оқу-әдістемелік жұмыстары Қазақстан Республикасы БжҒМ Жоғары оқу орындарына қойылған міндетті талаптарына сәйкес орындалады. Факультет кафедраларында курстық жұмысты, дипломдық жұмыстарды және магистрлік диссертацияларды жазу бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірленген. Кафедрлардың оқу-әдістемелік жұмыстарын үйлестіру мақсатында әдістемелік семинарлар өткізіліп отырады. Сонымен қатар, кафедралардың пәндері бойынша оқу үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету деңгейі, қашықтықтан оқыту үрдістерін оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету ғылыми әдістемелік бюрода талқыланып отырады. Факультеттің оқу әдістемелік бюросында оқу жылында шығарылуға ұсынылған оқулықтар, оқу және оқу-әдістемелік құралдар, монография мен электрондық ресурстардың, оқу үрдісін заманауи оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен қамтамасыз ету деңгейлері, жұмыс оқу бағдарламалары (силлабус), оқу-әдістемелік кешендерді жоспарлау мәселелері қаралып отырады.

Факультеттің профессорлық оқытушылық ұжымы өздерінің оқу-әдістемелік іс-шараларын жоғарғы оқу жүйесінің талаптарына сай ұйымдастырады және оның ғылыми педагогикалық әлеуеті бакалаврлар мен магистрлерді даярлауға мүмкіндік береді. Факультет профессор-оқытушылар құрамы жыл сайын құқық және экономика бағытында оқу әдістемелік жұмыстар жоспарлап орындап отырады.

Оқу үрдісі және оның сапасы өзара сабаққа қатысу және ашық сабақ жүргізу түрінде қадағаланады. Жылдан жылға оқытудың қазіргі заманға сай жаңа педагогикалық технологиялары мен тәсілдері оқу процесіне енгізілуде. Кафедраның профессор - оқытушылары дөңгелек стол, шағын топтарға бөліп өткізу, дебат сияқты әдістерді кеңінен қолдануда. Кафедрада жаңа технологиялар мен электронды оқулықтар және оқудың жаңа әдістерін ендірумен студенттердің танымдық қызметін белсендіру саласында жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Мемлекеттік тілде оқу үрдісін және оқу-әдістемелік жұмыстары ұйымдастыруға ерекше назар бөлінеді. Мамандыққа қажетті барлық оқу-әдістемелік құралдар қазақ тілінде және орыс тілінде, ал көптілді білім алу топтары үшін ағылшын тілінде әзірленген.

Тәрбие жұмыстары

Біліктілігі жоғары мамандарды даярлау, білімді және тұлғалық даму – бұл кешенді үрдіс, осының ішінде маңызды орынды тәрбие алады, студенттерді инллектуалдық, ұйымдастырушылық және мәдени негізде дамытуға бағытталған. Оқыту мен тәрбиелеуді оқу үрдісінде бөліп қарастыруға болмайды.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Экономика және құқық» факультетіндегі тәрбие жұмысының стратегиясы жоғары оқу орнының студентінің тұлға ретінде қалыптасу үдерісіне белсенді қатысуына бағытталған. Тәрбие жұмысы оқудан тыс жеке әрекет емес, жалпы даму мен оқыту үдерісіне кіріктірілген іс-әрекеттің қажетті құрамдас бөлігі болуы тиіс.

Факультеттегі тәрбие жұмысы негізгі факторлары біріншіден, жоғары оқу орнының өзіндік ұйымдастырылуы, екіншіден ғылым және оқу саласында студенттердің өзін-өзі басқаруын ынталандыру және студенттердің бос уақытын ұйымдастыру.

Факультеттің міндеті білім мазмұнын құрайтын жоғары кәсіби сапаны қамтамасыз ете отырып, жоғары кәсіби мәдениетті маман-тұлға қалыптастыру. Осы бағыттағы «Экономика және құқық» факультетінің мақсаты - қазақстандық элита құрамына кіруге қабілетті, жоғары дамыған тұлға тәрбиелеу, сонымен қатар белгілі бір кәсіби салада бәсекеге қабілетті маман даярлау.

Факультет тәрбие жұмысына көп көңіл бөледі. Осы бағыттағы сұрақтар факультет Кеңесінде қарастырылып отырады, яғни бұл факультетімізде ҚР заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауын, Білім және Ғылым Министрлігінің нормативтік-құқықтық актілерін және жастар саясатының, ғылымның, мәденитеттің және ғылыми-техникалық революцияда сапалы түрде орындалуын қамтамасыз етеді.

Факультет студенттері салауатты өмір салтын жүргізуші Республикалық және халықаралық турнилердің спартакиадаларына қатысады. Студенттер білім алумен қатар университет көлеміндегі жастар ұйымдарының және басқа да мәдени шараларға қатысып отырады.

Top