ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТ

Байланыс нөмірлері: 8 (7262) 45-23-44

Мекен-жайы: Тараз қ., Төле би көшесі, 60

Факультет жайлы

Технологиялық факультет университеттегі алдыңғы қатардағы факультеттердің бірі болып табылады, 6 кафедра бойынша кадрлар даярланады:

  • «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасы
  • «Стандарттау және метрологияі» кафедрасы
  • «Туризм және сервис» кафедрасы
  • «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен конструкциялау және дизайн» кафедрасы
  • «Тоқыма өндірісінің технологиясы және материалтану» кафедрасы
  • «Тамақ өндірісі мен қайта өңдеу өндірісінің технологиясы және биотехнология»кафедрасы

Факультеттің жоғары квалификациялы профессорлық-оқытушылық құрамы және заманауи материалды-техникалық базасы квалификацияланған маманды дайындауға кепіл бола алады.
Факультеттің базасында Қазақстанда жалғыз (PhD) философия докторы ғылыми дәрежесіне үміткерлерді дайындайтынДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСбар. Төмендегі мамандықтар бойынша: 6D072600 – Жеңіл өндірісінің бұйындарын құрастыру және технология (қолдану саласы бойынша), 6D073500- Тамақ қауіпсіздігі, төрағасы ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Мадиев У.К.
Біздің түлектердің арасында көптеген ғұлама ғалымдар, ғылым және мәдениет саласының көрнекті тұлғалары, ірі өндірістердің жетекшілері, мәдениет, саясат және экономикалық басқарудың мәселелерін оң шешіп жүрген министрлік пен министрлер кабинетінің жауапты қызметкерлері бар.
Біздің факультетте 6 мемлекеттік грант иегерлері жұмыс істейді «Үздік ЖОО оқытушысы»: Сахы М.С., Аймен А.Т., Шардарбек М.Ш., Мунасипов С.Е., Боданов К.И., Джанахметов У.К
Қазақстандағы нанотехнологияның дамуына біздің факультет өз үлесін қосуда. Факультетте нанотехнологиялар облысындағы зерттеулер фундаментальді және қолданбалы зерттеулер бағдарламаларының приоритетті бағыттары болып табылады. Университетте осындай зерттеулерді жүргізетін және берілген салада ауқымды жетістіктерге жеткен ғылыми ұжымдар бар, бұл өз кезегінде Қазақстанға инновациялық өнімдерді өндіру бойынша индустриальді дамыған елдер арасында беделді орын алуға мүмкіндік береді.
Нанозертхана қызметінің маңызды бағыттарының бірі профессор Н.А.Горбатовская жетекшілігімен, өсімдік тектес наноқұрылымды материалдарды пайдалану негізінде тағамдық құндылығы жоғары жаңа заманғы тамақ өнімдерін құру болып табылады. Зерттеулер«Нанотехнология сверхизмельчения Башкирцева» ЖШС-мен (Өскемен қ.) бірге жүргізіледі.

Қазақстанның жұмсақ жаздық және күздік бидайының перспективті іріктемелері дәндерінің анатомиялық бөліктерінің микроқұрылымы алғаш рет меңгерілген және келтірілген. Осы бойынша дән сапасының көрсеткіштерімен байланыста олардың технологиялық қасиеттеріне баға берілген.
Жыл сайын факультет білімгерлерінің зерттеу нәтижелері ғылыми конференцияларға ұсынылады, олардың шамамен 10 ҚР Білім және ғылым Министрлігінің және «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Фондының» ең жақсы ғылыми жұмысы байқауларына қатысады.
Жүргізілетін зерттеулерді кеңейту және жоғары білікті мамандарды дайындау (PhD докторларын, магистрлерді) үшін университет келесі шет елдердің ЖОО-мен және ғылыми орталықтарымен келісімдер бекітті: Калининград мемлекеттік техникалық университеті, Познаньдегі Жаратылыстану ғылымдарының университеті (Польша); «Манас» Қырғыз-Түрік университеті (Қырғызстан Республикасы); тамақ өндірістерінің Мәскеу мемлекеттік университеті (Ресей); төмен температуралы және тамақ технологияларының Санкт-Петербург мемлекеттік университеті (Ресей); «азық-түліктер бойынша Белорусияның НҒА ғылыми-тәжірибелік орталығы»; К.Разумовский атындағы Мәскеу технология мен басқару мемлекеттік университеті, Б.Н.Ельцин атындағы Орал мемлекеттік техникалық университеті, Ташкент жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің институты, Бишкек мемлекеттік университеті, Ельцы қ. И.А.Бунин ат. Мемлекеттік университет, Каунасс технологиялық университеті, сонымен қатар Қазақстанның да: Алматы технологиялық университеті, «Сымбат» сән және бизнес Академиясы, Рудненск Индустриялы институты.

Деканат
АЙМЕН АНУАРБЕК ТАЛХАҰЛЫ

Факультет деканы

Экономика ғылымдарының докторы, профессор

Байланыс телефоны: 8 (7262) 45-23-44

Ұялы телефоны: 8 (701) 111-45-81

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Тараз қ., Төле би көшесі, 60 2.1-406


ХАЖГАЛИЕВА ДИНА МАҚСЕТҚЫЗЫ

Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі декан орынбасары

Магистр

Байланыс телефоны: 8 (7262) 45-23-44

Ұялы телефоны: 8(702) 612-10-20

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Тараз қ., Төле би көшесі, 60 2.1-406


ДЖУМАБЕКОВА ГУЛЬЗИРА БАЛТАБАЙҚЫЗЫ

Ғылыми жұмыстар жөніндегі декан орынбасары

PhD докторы

Байланыс телефоны: 8 (7262) 45-23-44

Ұялы телефоны: 8(705)733-52-57

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Тараз қ., Төле би көшесі, 60 2.1-406


АНАРОВА ГАИНИ СЕРИКОВНА

Тәрбие жұмыстары жөніндегі декан орынбасары

Техника және технология магистрі

Байланыс телефоны: 8 (7262) 45-23-44

Ұялы телефоны: 8 (747)765-17-69

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Тараз қ., Төле би көшесі, 60 2.1-406


МАРАТКЫЗЫ НАРКЕС
МАРАТКЫЗЫ НАРКЕС

Факультеттік кәсіподақ мүшесі

Байланыс телефоны: 8 (7262) 45-23-44

Ұялы телефоны: 8(702)656-99-50

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Тараз қ., Төле би көшесі, 60 2.1-413

Факультет жетістігі

Химия және химиялық технология кафедрасы

  • Химия ғылымдарының кандидаты, доцент Б.К. Масалимова 2019 жылы қауымдастырылған профессор ғылыми атағын алды.
  • 6D060600-Химия мамандығының 2 курс докторанттары А. Қадирбеков және Л.Ыбырайымжанова Д.И.Менделеев атындағы Ресей химико-технологиялық университетінде 10.06.2019- 10.07.2019 аралығында ғылыми тағылымдамадан өтті.
  • 6D060600-Химия мамандығының 2 курс докторанттары – Г. Джетписбаева, Д.Алтынбекова, С.Наурызкулова Г.К. Боресков атындағы катализ институтында және Новосибирск мемлекеттік университетінде 15.09.2019-25.10.2019 аралығында ғылыми тағылымдамадан өтті.
  • 6D060600-Химия мамандығының 2 курс докторанты – А.А. Шинибекова 02.11.2019-04.12.2019 аралығында Браганса Политехникалық институтында ғылыми тағылымдамадан өтті. (Браганса қаласы, Португалия.)
  • Ә. Шолақ т.ғ.к., профессор 2018 жылдың 26 қарашасында университеттің ғылыми кеңесінің шешімімен ТарМУ құрметті профессоры атағын иеленді.

Стандарттау, мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі кафедрасы

  • Т.ғ.д., профессор Байтуреев А.М. «Үздік ғылым кандидаты - 2019» республикалық байқауының жеңімпазы, «Үздік ғылым кандидаты-2019» жинағына енген, І дәрежелі дипломмен марапатталған, «Үздік ғылым кандидаты-2019» медалімен марапатталған.
  • 2019-2020 оқу жылында «5В073200-Стандарттау және сертификаттау» мамандығының студенті Мұратбайұлы Жалғас Польша, Гданьск қаласында Гданьск технологиялық университетінде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білімін жалғастыруда.

«Туризм және сервис» кафедрасы

  • 2019 жылы э.ғ.к., доцент К. Р. Смагулова 2019 жылы «М. Д. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне 60 жыл» төс белгісімен марапатталды.
  • 2019 жылы сәуір айында ТарМУ-ңің Enactus Dulaty командасының құрамындағы кафедра студенттері Ким Э., Тухтаева З. және Уразбеков Н. Enactus Kazakhstan National Expo 2019 Ұлттық жарыстарынын жеңимпаздары атанды. (команда жетекшісі Насибулина А.В.)
  • Орманова Лана 90200 - «Туризм» мамандығының В18Тур – көптіліді тобынын студенті 2019 ж Қазақстан Республикасындағы Жастар жылына арналған «Нарық және –өндіріс тиімділігі-16» студенттердің Халықаралық ғылыми –тәжірібелік конференциясы «Үздік студенттік баяндама» байқауында 2 орынға иеленді.

«Жеңіл өнеркәсібі бұйымдарының технологиясы мен конструкциялау және дизайн» кафедрасы

  • 2020 жылдың 12-13 наурызында Алматы қаласында Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының халықаралық білім беру корпорациясының ұйымдастыруымен өткен Республикалық пәндік олимпиадаға "Графикалық дизайн" және "костюм дизайны" мамандықтарының 3,4 курс студенттері мен "ТКИЛП және дизайн" кафедрасының аға оқытушысы А. М.Мукаеваның жетекшілігімен қатысты.
  • 2019 жылдың 10-13 қазан күндері кафедра доценттері Б. Абзалбекұлы мен Г. Джумабекова Измир қаласында (Турция) өткен V Халықаралық «Былғары инженерингі конгресіне» қатысып, ғылыми жұмыстарын таныстырды.

«Тоқыма өнеркәсібінің технологиясы және материалтану»кафедрасы

  • 2019 жылдың 25-26 сәуір аралығында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінде өткен «Заманауи білім беру: сын-қатерлер, трендтер мен стратегиялар» жаңашыл педагогтардың II халықаралық форумына кафедраның доценті К.Т. Маханбеталиева қатысып, ректорының Құрмет дипломымен марапатталды.
  • Наурыз 2019ж. «Студент –зерттеуші – 2019», М.Х. Дулати атындағы ТарМУ Серікова Айтгүл В16ТПТМ-1, Асқаров Дүйсенілі, В16ТПТМ-1, Жұман Динара , В16ТПТМ-1 «Студент-зерттеуші» атағының иегерін алды. Жетекшісі- Маханбеталиева К.Т.
  • 11-12.04.2019ж В16ТПТМ-1 тобының студенттері Асқаров Дүйсенәлі Асқарұлы, Жанұзақова Жанерке Бақбергенқызы, Майрова Жанерке пәндік олимпиада (команда бойынша) 2 орын алды.
  • 04-07.03.2019ж. В16-ТПТМ-1 тобының студенті Майрова Ж «Бүгінгі жастар – үлкен мүмкіндіктер буыны» тақырыбындағы XXI студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Әйелдер көйлегіне арналғанмақта матасының қыртыстанғыш қасиетін зерттеу» баяндамасын қорғап жүлделі 3 орынға ие болған. Жетекшісі- Манапбаева У.Е., аға оқытушы
  • 04-07.03.2019ж. В16-ТПТМ-1 тобының студенттері Асқаров Д., Серікова А. «Бүгінгі жастар – үлкен мүмкіндіктер буыны» тақырыбындағы XXI студенттердің ғылыми-тәжірибелік конференциясында «Адаптивті білікті станок құрылымын жобалау» баяндамасын қорғап жүлделі 3 орынға ие болған. Жетекшісі- Маханбеталиева К.Т., PhD доктор

«Тамақ өнімдері мен қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы және биотехнология» кафедрасы

  • 2019 жылдың қазан айында т.ғ.к., доцент м.а. Садыбаев А.К. Ресей Федерациясы, «Воронеж мемлекеттік инженерлік технологиялар» университетінде «Тағам өндірісінің инновациялық жабдықтары мен технологиялары» тақырыбында біліктілікті жоғарлату курсынан өтті.
Түлектерімізбен мақтанамыз
КАЛМАХАНОВА МАРЖАН СЕИТОВНА

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде PhD, доцент м.а.6D060600-«Химия» мамандығы бойынша оқыды, 2016-2019 жж.

АДЫРБЕКОВА ДИАНА

2008 оқу жылғы түлегі Жамбыл облысы әкімдігі «Тараз туризм» басқармасының туристік ақпараттық орталығының мүшесі


ТАҢАТАРОВА СЫМБАТ

2016 оқу жылғы түлегі «АркМС» мейманхана кешенінің әкімшісі

ЛЕШТАЕВ АСЕТ

2016 оқу жылғы түлегі «Інжу – Маржан», «Гауһартас» мейрамханаларының басшысы


БАДАНОВА АЙГЕРИМ КЕНЖЕБЕКОВНА

Алматы технологиялық университетінің Жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультетінің деканы 2011 жылы 6M073300 Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалау мамандығы бойынша магистратураны бітірді

БОЛЫСБЕКОВА РАЙХАН

Алматы технологиялық университетінің Жеңіл өнеркәсіп және дизайн факультетінің оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі декан орынбасары 6М071000 Материалтану және жаңа материалдар технологиясы мамандығы бойынша 2012-2014жж. магистратурада оқыды


АБСАЛИМОВ АСАН

"Фабрика ПОШ-Тараз" ЖШС топс өндіру цехының басшысы» 2013-2015 жылдары 6м073300технология және тоқыма материалдарын жобалау мамандығы бойынша магистратурада оқыды

ШАЙМЕРДЕНОВ РАШИД

AZALATEXTILE ЖШС логистика және сатып алу бөлімінің бастығы 2008 жылдың маусым айында 050726 тоқыма және жеңіл өнеркәсіп тауарларының технологиясы мамандығы бойынша бакалавриат аяқтады

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

Технология факультеті «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарының технологиясы мен конструкциялау және «дизайн», «Тоқыма өнеркәсібінің технологиясы және материалтану», «Химия және химиялық технология», «Тамақ өнімдері мен қайта өңдеу өндірісі технологиясы және биотехнология», «Стандарттау және метрология» және «Туризм және сервис» мамандандырылуына сәйкес жүзеге асырылатын, нарықты тұтыну тауарларына қанықтыруға және өндіруге бағытталған тәуелсіз, сонымен бірге өзара байланысты ғылыми бағыттардың жиынтығын көрсетеді.

Осыған байланысты жеңіл өнеркәсіп өнімдері мен тамақ өнімдерін өндіру процесін жетілдіру саласындағы зерттеулер белгілі ғылыми және практикалық қызығушылық тудырады, және осыған байланысты мәселелер шеңбері қазіргі заманғы нарық пен өндіріс талаптарына сәйкес әрі қарай дамуды талап етеді.

Факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамының ғылыми-зерттеу жұмысының бағыттары тоқыма шикізатын өңдеудің инновациялық технологияларын әзірлеумен және ұйымдастырумен, тоқыма өнеркәсібінің импортты алмастыратын қауіпсіз өнімдерін құрумен, тоқыма өнеркәсібі үшін бәсекеге қабілетті және заманауи тиімді ресурстарды үнемдеу технологияларын әзірлеумен байланысты; киім, аяқ киім және былғарыдан жасалған галантереялық бұйымдардың дизайнын жақсарту саласындағы зерттеулер белгілі ғылыми және практикалық қызығушылық тудырады, және осыған байланысты мәселелер шеңбері қазіргі заманғы нарық пен өндіріс талаптарына сәйкес әрі қарай дамуды талап етеді; тамақ өнімдерін және жеңіл, тоқыма өнеркәсібі өнімдерін экологиялық сертификаттау қағидаттарын әзірлеу және енгізу; өндіріс аспектілеріне сәйкес интеграцияланған сапа менеджменті жүйесін дамыту.

Факультетте тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінде шағын және орта бизнесті дамыту үшін импортты алмастыратын, ресурстарды үнемдейтін, қалдықсыз технологиялар мен жоғары тиімді машиналар, қондырғылар мен өндіріс желілерін құру мақсатында тамақ өнеркәсібі және ауылшаруашылық шикізатын қайта өңдеу саласында ауқымды зерттеулер жүргізіледі; туризм және қонақжайлылық және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызмет саласындағы зерттеулер жүргізіледі.

Оқу-әдістемелік жұмыстар

Әдістемелік жұмыс – бұл өндірістік үдерісті оқу-әдістемелік құжаттамамен қамтамасыз етуге, оқытушыларды педагогикалық шеберліктерін арттыруға, оқушылардың сыныптық және өзіндік жұмыстарын жетілдіруге, өндірістік кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің жағдайы мен даму перспективаларын ескере отырып, оқу жұмысының барлық формаларын, түрлері мен әдістерін жетілдіруге бағытталған шаралар кешені, ол үшін университет мамандарды дайындайды.

Әдістемелік жұмыстың мақсаты – оқу процесінің тиімділігі мен сапасын арттыруға қолайлы жағдайлар жасау. Факультет деңгейінде факультеттің бағыттары бойынша мамандар дайындауға байланысты факультеттің әдістемелік қызметі және кафедра аралық ауқымы жүзеге асырылады.

Оқу-әдістемелік жұмыс пәндерді оқыту әдістемесін жетілдіруге, оқу үдерісін тікелей әдістемелік қамтамасыз етуге, ҒӘБ енгізу нәтижесінде әзірленген ұсыныстарды енгізуге, оқытушылар құрамының педагогикалық біліктілігін арттыруға бағытталған және мыналарды қамтиды:

  • мамандарды даярлау бағыттары бойынша жаңа білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
  • жаңадан енгізілген пәндер бойынша жұмыс бағдарламаларын құру, қолданыстағы бағдарламаларды қайта қарау;
  • жаңа зертханалық жұмыстарды құру және жаңарту;
  • студенттердіңбілімінбақылауғаарналғаноқуматериалдарынәзірлеу;
  • пәндерді оқу және оқу-әдістемелік әдебиеттермен, оқу-әдістемелік құжаттармен қамтамасыз ету карталарын құру;
  • кафедра меңгерушілерінің сабақты бақылауы: сабаққаөзара бару, демонстрациялық, ашық және сынақ сабақтарына қатысу;
  • оқу үдерісіне қажетті оқу-бағдарламалық құжаттаманы әзірлеу;
  • өндірістік практиканы әдістемелік қолдау, олар үшін жеке тапсырмалар пакетін әзірлеу;
  • ғылыми-әдістемелік зерттеулердің нәтижелерін, жаңа ақпараттық оқыту технологияларын оқу процесіне енгізу;
  • студенттердің өзіндік жұмысына әдістемелік қолдау дайындау.
Тәрбие жұмыстары

Технологиялық факультетте тәрбие жұмысы сапа саласы мақсаттарының жүзеге асырылу жоспарына сәйкес ұйымдастырылып, тәрбие жүйесінің біртұтастық принципіне негізделген: тәрбие үрдісінің әдістері мен формаларын жасау, шығармашылық ойлауды дамыту, рухани-адамгершілік және эстетикалық мәдениет, сондай-ақ, азаматтық позициясы мен саяси-құқықтық мәдениеті қалыптасқан, көп конфессиялық және көп ұлттылық жағдайында тәрбиеленген, салауатты өмір салтын қалыптастырған студентті жан-жақты, үйлесімді тұлға ретінде дамыту бағытындағы тәрбиелік іс-шаралар кешені қоғамдық-саяси және мәдени-көпшілік шаралар арқылы жүзеге асырылады.

Факультетте тәрбие үрдісінің түрлі бағыттары бойынша көптеген мәдени-көпшілік іс-шаралар атқарылады. Студентерге арналып түрлі тақырыптағы ғылыми-практикалық конференциялар; жастар акциялары; флеш-мобтар, дөңгелек үстелдер; түрлі шығармашылық жанрдағы байқаулар (ән-би байқаулары, жатақхана бөлмесінің үздік безендірілген үлгісі, студенттік үздік тағам, т.б.); спорттық жарыстар, спартакиадалар; балалар үйіне, мүгедек балалар үйіне, қарттар үйіне қамқорлық акциялары; көрнекті қоғам және саясат қайраткерлерімен, құқық қорғау органдары өкілдерімен, денсаулық сақтау органдары және түрлі діни конфессиялар өкілдерімен, телеарна және республикалық, облыстық бұқаралық баспасөз тілшілерімен, жазушылармен, әртістермен және т.б. кездесулер ұйымдастырылып отырылады.

Факультеттің тәрбие жұмысының жоспары ТарӨУ-дың 2020-2021 оқу жылына арналған тәрбиелік жұмыс жоспарының негізінде құрастырылып, бекітілді.

Факультеттің жалпы 1004 студент білім алады. Оның ішінде

1 – ші курста – 143 студент;

2 - ші курста – 114 студент;

3 - ші курста – 130 студент;

4 - ші курста –74 студент;

5 – ші курста – 12 студент.

Олардың ішінде шетелден келіп оқитын студенттер: 48

-Түркменстаннан келіп оқитындар бойынша 37 студент;

-Өзбекстаннан келіп оқитындар бойынша 10 студент;

- Қырғыз республикасынан келіп оқитын 1 студент

Жалпы академиялық топтар саны – 88; Жалпы кураторлар саны – 55

Факультеттің тәрбие жұмысының мақсаты: - жаңа уақыт талаптарына жауап бере алатын, кәсіби білікті, бәсекеге барынша қабілетті мамандарды даярлап, олардың бойында қазақстандық патриотизмді, төзімділікті, жоғары адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеп, үйлесімді дамыған жауапты тұлғаны қалыптастыру.

Оқу ордасында студент жастарды біліміне білігі сай, нарықтық кезең өзгерістеріне бейімделе алатын, ұлт тағдыры мен болашағына бей-жай қарамайтын, отан сүйгіш және елжанды етіп тәрбиелеу мақсатында «М.Х.Дулати атындағы ТарӨУ тәрбие жұмысының тұжырымдамасы» қабылданды. Сол тұжырымдама негізінде әр оқу жылына арналған тәрбие жұмысы, жастар саясаты және мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі 12 бағыттан тұратын жылдық жұмыс жоспары әзірленген. Тәрбие жұмысының жоспары университеттегі тәрбие жұмысы жүйесінің стратегиялық құрылымын, басым бағыттары мен мақсатын, іске асырылу тетігі мен мерзімін белгілейді.

Тәрбие жұмыстарының негізгі функциялары:

  • Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігінің нормативті-құқықтық актілері мен өкімдік құжаттарына, халықаралық және республикалық сапа стандарттарына, Университет Жарғысына сәйкес тәрбие жұмыстарын жүзеге асыру;
  • жоспарлардың тұжырымдамаларын және т.б., тәрбие үрдісі бойынша құжаттарды әзірлеу, бекіту, олардың орындалуын бақылау;
  • Академиялық топ кураторларының және факультеттің студенттік қоғамдық ұйымдардың тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру барысындағы іс-шаралардың орындалуын және есептерін қарау;
  • Факультеттің, кафедралардың, студенттік қоғамдық ұйымдардың тәрбие жұмыстары бойынша жоспарлар мен есептердің сапасын тексеруді жүзеге асыру, олардың нақты орындалуы;
  • Кураторлар кеңесінің, Факультеттің тәрбие жұмыстары жөніндегі кеңестің, құқық бұзушылықтың, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және әдеп бойынша кеңестің жұмысын жоспарлау және ұйымдастыру;
  • Студенттің жеке дамуына қолайлы жағдай жасауға және рухани-адамгершілік жағынан қалыптасуына ықпал ету;
  • Факультеттің тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып жетілдіру және салауатты өмір салтын насихаттау.

Тәрбие жұмыстары 12 бағыт бойынша жүргізеледі:

  1. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар;
  2. Жастар саясаты;
  3. Азаматтық – патриоттық тәрбие;
  4. Әскери – патриоттық тәрбие;
  5. Рухани – адамгершілік тәрбие;
  6. Құқықтық тәрбие;
  7. Студенттердің шығармашылығын дамыту;
  8. Дене тәрбиесі;
  9. Салауатты өмір салтын қалыптастыру;
  10. Кәсіби еңбек тәрбиесі;
  11. Кураторлық жұмыс;
  12. Студенттік жатақхана жұмысы.
Top