ERASMUS+ DULATY UNIVERSITY

Телефон: 8-747-082-5196

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі, 60

REILEAP жобасы туралы

Erasmus+ 618930-EPP-1-2020-1-EL-EPPKA2-CBHE-JP “Reinforcing capacities of HEIs for leather and leather products in Uzbekistan-Kazakhstan” REILEAP

Жобаның қысқаша сипаттамасы:

Жоба былғары өндірісі және былғары бұйымдарын жобалау үшін жабдықталған және функционалды орталықтарды құруға бағытталған (екеуі Өзбекстанда, екеуі Қазақстанда). Оқытылған құрамы бар орталықтар былғары және былғары бұйымдарын шығаратын компаниялар үшін жаңа қызметтер ұсынады. Ұсынылатын қызметтерге былғары мен былғарыдан жасалған бұйымдардың сапасын бағалау, жобалауды оқыту, семинарлар мен ақпараттық іс-шаралар өткізу кіреді.

Жобаның мақсаты – былғары бұйымдары орталақтары мен былғарыдан жасалған бұйымдарды жобалаудың жаңа әдістерін үйрететін орталықтар құру арқылы Өзбекстан мен Қазақстандағы былғары өнеркәсібін жаңарту.

Жобаның міндеттері:

  • Өзбекстан мен Қазақстанның серіктестеріне Еуропалық тәжірибені үйренуге мүмкіндік беру үшін әлеуетті арттыру бағдарламасын әзірлеу;
  • ЕО тәжірибесіне сүйене отырып, Өзбекстан мен Қазақстандағы былғары секторларының шеберлігін арттыратын орталықтар үшін жабдықты баптау және орнату;
  • Білім беру орталықтарының бизнеспен бірлескен жұмысы үшін алаң құру арқылы жобаның тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Күтілетін нәтижелер:

Өзбекстан мен Қазақстанның университеттері әлеуетті арттырады, яғни былғары және аяқ киім саласындағы оқыту мазмұнын жаңарту үшін қажет оқу материалдарды, жабдықтарды және т.б. алады. Осы саламен байланысты ЕО институттары мен қауымдастықтары бұл әлеуетті арттыру процесін қолдап отырады.

Институттар былғары туралы көбірек ғылыми білімдерге ие, сондықтан олар Өзбекстан мен Қазақстандағы былғары өндірісінің жағдайы мен ерекшеліктері туралы білімді қамтамасыз етуге үлес қосады деп күтуге болады, ал қауымдастық жергілікті кәсіпкерлермен және жалпы былғары секторымен байланыс жасайды.

Еуропалық Одақтың серіктестері былғары және былғары бұйымдарын өндіруде ноу-хау мен тәжірибені, сондай-ақ жаңа жабдықты құру мен пайдалану тәжірибесін ұсынады.

Барлық серіктестердің бюджеті персонал шығындарын, іссапар/тұру шығындарын және мердігерлік шығындарды қамтиды. Өзбекстан мен Қазақстан университеттеріне арналған бюджетте жабдықтар да бар.

Жоба үйлестірушісі: Крит техникалық университеті, Греция

Ұзақтығы: 15/01/2021- 14/01/2024

Қаржыландыру: 914.603,00 EURO

Жоба мүшелері

ЕУРОПАЛЫҚ ОДАҚТАН ҚАТЫСУШЫ ЕЛДЕР

  1. Technical University of Crete (TUC), Греция - грант алушы, былғары және аяқ киім саласындағы ERASMUS+ жобасына қатысу тәжірибесі бар.
  2. “Gheorghe Asachi” Technical University of Iaşi (TUIASI), Румыния - «Былғары және былғары бұйымдарының технологиясы» бағыты бойынша жоғары білім беру жобаларын жүзеге асыруда өте үлкен тәжірибеге ие.
  3. EGE University, Түркия - былғары және аяқ киім саласында ERASMUS+ жобаларын жүзеге асыруда тәжірибесі бар.
  4. Link Campus University, Италия - заманауи былғары және аяқ киім технологиялары мен технологиялық емес инновациялар сарапшысы.
  5. Creative Thinking Development (CRETHIDEV), Грекия - өмір бойы білім алу, қоршаған ортаны қорғау, инновациялар, жұмыспен қамту саласындағы зерттеулер мен іс-шаралар жоспарларына баса назар аударады.

СЕРІКТЕС ЕЛДЕР

Қазақстан

  1. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті.
  2. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті.

 Өзбекстан

  1. Ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп институты.
  2. Джизак политехникалық институты.
  3. Өзбекстанның өнертапқыш әйелдер орталығы.
DU жоба мүшелері

Аты-жөні

Қызметі

Байланыс

1

Абзалбекұлы Б.

PhD, доцент м.а.

Жергілікті үйлестіруші

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

2

Джумабекова Г.Б.

PhD,  доцент м.а.

Менеджер

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

3

Бейсен Н.Ә.

Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор м.а.

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

4

Аймен А.Т.

э.ғ.д., профессор, технологиялық факультет деканы

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

5

Халметова Ш.Т.

т.ғ.к.,  доцент м.а.

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

6

Мунасипов С.Е.

т.ғ.к., доцент

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

7

Грибенюк М.А.

аға оқытушы

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

8

Бурдеева С.Н.

лаборатория меңгерушісі

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

9

Байдильдаева А.К.

PhD докторант

Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Top