ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

ҰЛТАНБАЕВ АРНАТ БЕГДАЛЫҰЛЫ

ректордың жастар ісі жөніндегі көмекшісі

Байланыс телефон: 8 707 456 1744

Әлеуметтік желілердегі аккаунттар: https://www.instagram.com/dulaty_jastary/

Жастар ісі жөніндегі комитеттің басты мақсаты:

Университетте өзін-өзі басқару жүйесін дамыту, жастардың қоғамдық қызметін жандандыру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, университет жастарының физиологиялық және рухани, интеллектуалды дамуына ықпал ететін қажетті жағдай жасау болып табылады.

Жастар ісі жөніндігі комитеттің негізгі міндеттері:
  • мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру;
  • жастардың жеке жетістіктерге жету мүмкіндіктерін кеңейту;
  • жастардың бойында еңбек мотивациясын, жоғары іскерлік белсенділікті, кәсіби білім алу мен еңбек саласында тиімді дағдылар мен негізгі ұстанымдарды табысты меңгеру икемділігін қалыптастыру;
  • университеттің жас ғалымдары мен студенттерінің азаматтық-патриоттық және физиологиялық, әлеуметтік, мәдени, рухани-адамгершілік дамуына ықпал ету;
  • қоғамымыздың рухани құндылықтарының сабақтастығы мен экономиканың өркендеуін қамтамасыз ететін өз елінің патриотын, өз елінің тарихы мен мәдениетін және ғылымдағы, әдебиеттегі, өнердегі жетістіктерін білетін жоғары білімді зиялы тұлға, мемлекет пен қоғам өміріне қатысатын белсенді азамат тәрбиелеу;
  • жастардың әлеуметтік-экономикалық, ғылыми, шығармашылық және спорт салаларындағы белсенділігі мен жетістіктерін қолдау, ары қарай дамыту және анықтау;

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Жастар саясаты студенттің тұлға болып қалыптасуында ЖОО-ның белсенді араласуына, сонымен қатар жастардың рухани, мәдени, саяси, әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған, жастар мәселесiмен айналысатын, ресми түрде бекітілген «Жас Отан» жастар қанаты, «Студенттік Парламент», «Қазақстан студенттер Альянсы», «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары, студенттік құрылыс жасақтары, «Enactus» халықаралық жастар ұйымы, «Достық» студенттер ассамблеясы және қызығушылығы бойынша «Еркін ойлар алаңы» интеллектуалды пікірсайыс клубы, «Жайдарман» көңілді тапқырлар клубы, «Беркут» полицияға көмек көрсету отряды, «Студент айнасы» газеті, «Инабат» қыздар клубы, «Тараз әдеби жастар» клубтары мен қатар жұмыс атқарады. Мақсаты мен мiндетi айқындалған, жастар мәселесiмен жiтi айналысатын ұйымдар баршылық. Әлеуметтiк жұмыс пен жастардың тәжiрибе алмасуы, мәдени және экономикалық мәселелерге қатысты семинарлар, конференциялар мен дөңгелек үстелдер өткiзiп, өзектi мәселелер жөнiнде бiр мәмiлеге келу, бағдарламаларына қатысу көшбасшылардың дәстүрге айналдырған iсi.
Бұл аталған Жастар ұйымдарының атқаратын жұмыстары төмендегідей шарттарға негізделген:
біріншіден, жастарды түрлі әлеуметтік тәжірибелерге белсенді тарту қажеттілігі, мұндай әрекеттер жас мамандар мен студенттердің мүмкіншіліктерін тек жүзеге асырып қоймай, сонымен қатар олардың өз күші мен болашағына деген сенімін арттырады; 
екіншіден, университет жастарының бастамаларын қолдау, университет әкімшілігі мен жастар ұйымдары арасында кері байланыс орнату, университет басшыларына жастар мен жас ғалымдардың әлеуметтік көңіл-күйін бақылап, болашақ басшыларды дайындауға мүмкіндік береді. 
Бұл шарттар М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті жастар саясатын жүзеге асырудың шаралары мен бағыттарын, негізгі басымдықтарын, мақсаттары мен міндеттерін анықтайды және жастардың жеке тұлғалық, кәсіби әлеуетін жүзеге асыру және дамыту үшін әлеуметтік бағытын сипаттайды.

Фотогалерея

Top