ӘСКЕРИ КАФЕДРА

Электронды пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Байланыс нөмірлері: 8(7262) 45-33-23 (факс), 43-34-61, 45-66-19

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі, 62

Кафедра жайлы

Әскери кафедра 1963 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының негізінде құрылған. 1998 жылы Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институты, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институты мен Жамбыл педагогикалық институты біріктірілгеннен кейін М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің әскери кафедрасы болып өзгертілді.
2012 жылдан бастап әскери даярлықтың негізгі бейіні ЖОО-ның азаматтық техникалық мамандықтары бойынша алған білімдеріне негізделген инженерлік-техникалық мамандықтар болып табылады. Әскери даярлыққа тартылатын студенттердің саны Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекітетін қабылдау жоспарымен айқындалады.
Әскери даярлыққа 24 жастан аспаған студенттер - Қазақстан Республикасының азаматтары тартылады.
Әскери кафедрада оқу үшін студенттерді іріктеу конкурсы төрт кезеңде жүзеге асырылады:

  • медициналық куәландырудан өту;
  • кәсіби-психологиялық тестілеу өткізу;
  • дене дайындығын тексеру;
  • рейтингтік балл есебіне сәйкес конкурстық іріктеу.

Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлықтың толық курсын бітірген және бітіру емтихандарын тапсырған студенттер жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін «ЗАПАСТАҒЫ ЛЕЙТЕНАНТ» әскери атағын беруге ұсынылады.

Басшылық
МҰҚЫШЕВ САҒАТ АМАНГЕЛДІҰЛЫ

Әскери кафедра басқарушысы

магистр, полковник

Мекен-жайы: Төле би көшесі 62

Байланыс телефоны: 8 (7262) 45-33-23

Факс: 8 (7262) 45-33-23


ӘЛІБЕКОВ МАРАТ ФАЙЗРАХМАНҰЛЫ

Әскери кафедра басқарушысының орынбасары

Запастағы подполковник

Мекен-жайы: Төле би көшесі 62

Байланыс телефоны: 8 (7262) 43-34-61

Факс: 8 (7262) 45-33-23

Top