МАГИСТРАТУРАҒА ГРАНТТАР ТАҒАЙЫНДАУ КОНКУРСЫНА ҚАТЫСУ ҮШІН ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

Кешенді тест тапсырып жоғары балл жинаған үміткерлер мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу мүмкіндігіне ие болады, яғни олар ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша кемінде 75 балл, бейіндік бағыт бойынша кемінде 50 балл жинаған болуы керек.

Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсына өтініштер М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің қабылдау комиссиясында 11-14 тамыз аралығында жүргізіледі.

Мекен-жайы: Төле би көшесі 60

Байланыс телефондары:

8-(726)2-457392;
8-771-285-9392;
8-747-798-7332

Top