Мейіржан Әлібекұлы «Jambyl» телерадикорпорациясының директоры

Ойлы, білікті, дара тұлға тәрбиелеу заман талабы. Білімді ұрпақ, білікті маман дайындау ісінде Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті еліміздегі алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірі болып есептеледі. Алпыс жылдан астам тарихы бар университет түлектерінің басым бөлігі бүгінде елімізбен қатар алыс-жақын шетелдерде еңбек етіп, ел әлеуетін көтеру бағытында аянбай тер төгіп жүргендігін мақтанышпен айта аламыз. Олардың бір парасы «JAMBYL» телеарнасында өңіріміздің дамуына өз үлесін қосып жүрген осы білім ордасының түлектері.

Top