Владимир Стефанович Бугаев «ЕвроХим-Қаратау» ЖШС филиал директоры

Химия саласының мамандарына сұраныс әрдайым жоғары. Бұл сала тынымсыз ізденісті, зерттеуді қажет етеді. Заманымыз қарыштап дамыған сайын, күнде небір жаңалықтар ашылып, өндіріс өнімдері үздіксіз өсуде. Сұраныс артқан сайын, білікті маманға деген қажеттілік те арта түседі. Сондықтан да біз М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетімен берік байланыс орнаттық. Жыл сайын химия мамандығының студенттері арасында байқау, конкурстар ұйымдастырып үздіктерді анықтаймыз. Жеңімпаздарын жұмыспен қамтып, қатарымызға қуана қабылдаймыз. Университеттен сапалы білім алған жастар, біздің кәсіпорында біліктіліктерін арттыра түседі.

Top