РЕКТОР БЛОГЫ

ҚҰРМЕТТІ ТАЛАПКЕР!

Бүгін Сен өміріңдегі ең маңызды шешім қабылдау сәті алдындасың. Үлкен өмірге алғашқы қадамыңды жасап, өзіңнің арманыңдағы мамандық иесі атануға жетелейтін жол үстіндесің. Бұл сәтте жасаған әрбір қадамың мен қабылдаған шешімің Сенен үлкен жауапкершілікті талап етеді. Дұрыс жасалған таңдау жарқын болашаққа, табысқа жеткізетінін әсте естен шығармаған жөн.

Жастар – өркениетке бет бұрған еліміздің болашағы, ертеңгі мемлекет тірегі. Қазақстанның дамып, өркендеуі жастарымыздың білімі мен ақыл-ойының тереңдігіне байланысты. Қазақстандағы әрбір жас ұрпақтың ертеңгі күні дүниенің төрт түкпірінде өзінің қалаған, ұнатқан және қоғамға пайда ойлар мақсатта еркін еңбек ете алатын, заман талабына сай маман болуын Президент Н.Ә.Назарбаев басты назарда ұстап келеді. Сондықтан жас ұрпақтың Елбасы бастаған көш-керуенге кідіріссіз ілесуі – өзекті мәселе.
Бәсекеге қабілетті Қазақстанға ең қажеттісі – білімді жастар. Бүгінгі таңда нарықтық экономика заңдылықтарының терең тамырлануына байланысты қазақстандық жастар алдында сапалы білім алу мәселесі өткір тұр. Бұл ретте өзінің болашағын терең жоспарлаған әрбір жас ұрпақ заманауи жоғары оқу орнында білім алуы қажет.

Халқымыздың рухын асқақтататын ұлы Дулати бабамыздың есімін иемденген білім ордасы – Тараз өңірлік университеті жас ұрпақты әлемді мойындататын рухани биікке көтеруді басты мақсат тұтады. Университет еліміздің еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие кәсіби мамандарды даярлауда алдыңғы қатарда келеді. Білікті профессор-оқытушылар құрамы студенттерге сапалы білім беру барысында алдыңғы қатарлы білім беру технологиялары мен әлемдік озық тәжірибелерді игеріп, оқу үрдісінде кеңінен пайдаланады.

Жас дос! Тараз өңірлік университеті қабырғасынан алған заманға сай жан-жақты білімің, нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге қабілеттілік, бойыңа сіңірген білім мен ғылым, ұлттық рух, мәдениеттілік пен парасаттылық арманыңдағы мақсаттарыңа жетудегі баспалдақ болары сөзсіз. Сәттілік тілеймін!

Сұрақ қою

Жауап

Саламатсызба! Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес егер сизде ағылшын тілі бойынша Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm (TOEFL ITP – кемінде 460 балл), Test of English as a Foreign Language Institutional Testing Programm Internet-based Test (TOEFL IBT, шекті балл – кемінде 87), (TOEFL, шекті балл – кемінде 560 балл), International English Language Tests System (IELTS, шекті балл – кемінде 6.0) сәйкес шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификаттары бар болса сіз ағылшын тілінен тест тапсырмайсыз. Ондай сертификатыңыз болмаса сіз емтихан тапсырасыз. Сұрақтардың үлгісін сіз www.testcenter.kz/ сайтында аласыз.

Жауап

Айгерим, біздің мемлекетіміз бен қоғамымыз Конституциямызға сәйкес зайырлы мемлекет болып табылады, яғни мемлекет өз территориясында заңды әрекет етуші діндердің ешқайсысына артықшылық көрсетпейді. Біздің университетіміз өңірлік оқу орны болғандықтан барлық ұлттар мен конфессия өкілдерінің зайырлы киім үлгісімен жүруі дұрыс.

Жауап

Құрметті, Ақмарал! Академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысу үшін бірқатар талаптарға сәйкес болуыңыз қажет. Толық ақпаратты Төле би көшесі, 60, Балон үрдісі және академиялық ұтқырлық бөліміне келіп біле аласыз. 2.1-302 А кабинеті тел: 45-47-53

Жауап

Құрметті Арман! Осы орайда қазіргі таңда қысқы және жазғы емтихан сессияларының өту барысын тексеру мақсатында университетіміздің белсенді студенттерінен құрылған тәуелсіз топ жұмыс атқарады. Топтың негізгі мақсаты емтиханның адал өтуін тексеру. Топ тәуелсіз болғандықтан ешқандай беделді азаматтар сыртжақтан олардың жұмысына әсер ете алмайды, сондықтан әр-бір студент бірінші кезекте шпоргалка, таныс арқылы емес өзінің біліміне сүйене отырып жауап береді. Сонымен қатар, университетіміздегі тәрбие жұмысын жүзеге асыру мақсатында студенттердің сабаққа келуі үнемі бақыланып отырады. Егер студент сабақтан көп қалып немесе ол студенттің үстінен мұғалімінің не кураторырың атынан мәлімдеме түскен жағдайда оларды оқудан шығаруға дейінгі шаралар қолданылады, оқудан шығарылады. Сабаққа қатысуы төмен барлық студенттер тізімі оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі департаментіне өткізіледі және олардың тікелей бақылауында болады. Егер сабаққа қатысу көрсеткіші төмен студент жоғары балға ие болған жағдайда мұғалімнен түсінінтеме алынад және шара қолданылады. 2.сұрақ бойынша: ғылыми жұмыстардың нәтижесін қорытындылау арнайы комиссияға жүктеледі. Комиссияның шешімінің негізінде жүлделі орындар беріледі. Ал, комиссия жұмысы ашық жүргізіледі. Сондықтан комиссияның шешіміне күмандануға негіз жоқ.

Жауап

Найзакеева Улжан Койбагаровна Мұрағаттық анықтама алу үшін, Сіз ТарМУ-ің мекен жайына (080012, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 60) келесі құжаттарды жіберуіңіз керек: 1) Өтініш (ректорға) 2) Дипломның ксерокөшірмесі 3) Жеке куәліктің ксерокөшірмесі

Жауап

Сіз қандай мамандықта және қай курста оқитындығыңызды көрсетуіңіз керек. Біздің университетте сырттай оқу бөлімінің 27 мамандығының студенттері қашықтан оқыту технологиясын қолданып білім алады. Егер сіз қашықтықтан оқыту технолгиясымен білім алатын болсаңыз сізге қажетті ақпаратты cde.tarsu.kz сайтынан көре аласыз және сұрақтарыңызды осы сайтқа жазыңыз. Пароль алу мәселесін сайтқа сұрақ беріп шешуге болады. Ал қашықтан оқыту технологиясын қолданбай оқитын болсаңыз, ондай студенттерге пароль берілмейді, себебі олар университетке өздері келіп, барлық сұрақтарын сырттай оқыту деканатында шешеді.

 

Top