ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА ДЕПАРТАМЕНТІ

КУБЕЕВА ЖАНАР УМИРБЕКОВНА

КӨБЕЕВА ЖАНАР ӨМІРБЕКҚЫЗЫ

Қаржы және экономика департаментінің директоры, бас бухгалтер

Ғылыми дәрежесі: Экономика ғылымдарының магистрі

Байланыс телефоны: 8 (7262) 45-41-10

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Сүлейменов көш. 7, 1.2-100


ОРЫНБАЕВА АККЕНЖЕ ТУРКИСТАНОВНА

ОРЫНБАЕВА АККЕНЖЕ ТУРКИСТАНОВНА

Бас бухгалтердің орынбасары

Байланыс телефоны: 8-701-448-8991

Мекен-жайы: Сүлейменов көш. 7


Қаржы және экономика департаменті «М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің» коммерциялық емес акционерлік қоғамы дербес құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Департамент директоры - бас бухгалтер басқарады және орындалатын жұмыс түрлерінің бөлім бойынша жұмыс істейді: жоспарлау бөлімі, еңбек ақыны есептеу бөлімі, қаржыландыру және стипендия бөлімі, негізгі құралдар мен материалдарды есепке алу бөлімі, білімгерлермен жұмыс жасау бөлімі.

МАҚСАТЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ

  • Қаржы және экономика департаментінің негізгі міндеттері  жоспарлау, есепке алу, бақылау және талдау болып табылады:
  • Тиісті оқу жылына университеттің кірістері мен шығындарын жыл сайын жоспарлау, университеттің жоспарлау және қаржыландыру жүйесін жетілдіру бойынша іс-шаралар әзірлеу.
  • Жыл сайын университеттің ӘБП, оқу-көмекші және қызмет көрсету персоналдарының штаттық кестесін құру, тиісті оқу жылына ПОҚ тарификациялық тізімін құру.
  • Студенттерге, магистранттарға және докторанттарға оқу үлгеріміне сәйкес стипендия мөлшерінесептеу және беру.
  • Университеттің республика бюджетінен бөлінетін еңбек және ақшалай қаражаттың, сондай-ақ бюджеттен тыс қаражаттың дұрыс және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету.
  • Контингентті ақылы негізде оқытуға ақшалай қаражаттың уақтылы түсуін бақылау.
  • Бекітілген нормаларға, нормативтерге, сметаларға сәйкес материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалануға, мүліктің болуына және қозғалысына бақылауды қамтамасыз ету.
  • Университеттің бухгалтерлік есеп стандарттарымен регламенттелген активтер, меншікті капитал, міндеттемелер, кірістер мен шығыстар туралы ақпаратты жинау, тіркеу және жинақтау.
  • Шаруашылық-қаржылық қызметтің жағымсыз құбылыстарын уақтылы ескерту және ішкі шаруашылық ресурстарын жұмылдыру.
  • Нормативтік құжаттарға сәйкес салықтық және статистикалық есепті жүргізу және бухгалтерлік есепті белгіленген мерзімде жоғары тұрған тиісті органдарға ұсыну.
Top