«БАУЫРЖАНТАНУ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ

Телефон: -

Мекен-жайы: -

«БАУЫРЖАНТАНУ» ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ
Орталық туралы

2004 жылы құрылған. Бүгінгі таңда М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетіні жанынан «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығы болып, жұмысын жалғастарып келеді.

«Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының мақсаты – жауынгер жазушы, Совет Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының академиялық 100 томдық шығармалар жинағын даярлап, әдеби мұрасын келешек ұрпақ қолына рухани ұлттық мұра ретінде ұсыну.

Осыған орай «Бауыржантану» орталығының міндеттері Б.Момышұлының әдеби мұрасын толық жинастырып, басылымға қайта даярлау және Б. Момышұлының өмірі мен әдеби мұрасы туралы қазақ пен бүкіл әлем тілдерінде жазылған деректерді жинастыру болып табылады.

Ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі – ф. ғ. д., профессор Мекемтас Мырзахметұлы, Аға ғылыми қызметкер – п.ғ.магистрі Найзабаев Әлімбай Аманбайұлы.

Б.Момышұлының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында 30 томдық шығармалар жинағын дайындалып, баспадан шықты.

Қазақстан Республикасының Орталық Мемелекеттік Мұрағатында сақталған Әзілхан Нұршайықов, Ілияс Омаров, Қасым Қайсенов, Қаллибек Қуанышбаев, Мәлік Ғабдуллиннің және т.б. Б. Момышұлымен қарым-қатынаста болған адамдардыңжеке жеке қорларынан Б.Момышұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты оқырмандарға белгісіз жаңа материалдар мен фотоқұжаттар іздестіру, жинау және жариялау.

«Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының атқарған жұмыстарын оқырман жылы қабылдағанын ескерсек, онда орталықтың болашақта атқаратын жұмыстары одан да көп. Б. Момышұлы жайлы жазбаған Қазақстанда жазушы жоқтың қасы. Сол ақын-жазушылардың шығармаларын жинақтағанда алпыс томға жуық материалдар жинақталып отыр. Қазіргі уақытта 31-45-ші томдардың қолжазбасы дайындалып, баспадан шығаруға дайын.

Сонымен қатар республикалық, аймақтық басылымдарда «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығы қызметкерлерінің жүзден астам ғылыми-зерттеу, публицистикалық мақалалары жарияланып, теле-радио бағдарламаларда «Бауыржантану» орталығы туралы сұхбаттар берілді.

Қазақстан Қарулы күштерінің 25 жылдығы, Ұлы Жеңістің 72 жылдығы мен ТарМПИ-дың 50 жылдығына орай Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған кинохроника мен фотоқұжаттар, батырдың өлеңдеріне құрылған «Жүрекпен жырлап толғаймын» атты әдеби-сазды сахналық кеш өтті.

Орталықтың маңызды жетістіктері

1.«Бауыржантануға кіріспе» атты оқу құралы – соңғы жылдары мектеп пен жоғары оқу орындарында арнайы оқытыла бастаған тұңғыш оқулық. Оқу құралында қамтылған тапсырмалар батырдың нақыл сөздері, өлеңдері мен хаттары, әңгіме, повесть, естеліктері арқылы азаматтық тұлғасын тануға лайықталып іріктелген.
2.Бұл библиографиялық көрсіткіште түркі халықтарының әскери әдебиетіне негіз салған жауынгер-жазушы Б.Момышұлының 1941-2011 жылдар аралығында жарық көрген төл туындылары және көркем шығармалар мен естеліктер, зерттеулер толық қамтылған.
3.Мұхамеджан Кәтімханұлының «Төрт тұлға» атты кітабынан Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Шерхан Мұртаза туралы оқырманға беймәлім болып келген тың деректерді оқи аласыздар.
4.Бұл еңбекте тарихи тұлғаларды сомдаудағы көркемдік ізденістер мен дәстүр жалғастығы терең талданады. Б.Момышұлының көркем бейне ретінде қалыптасуы мен дамуы жайлы тың ізденістер, әдеби талдаулар жасалады. Оқу құралы филология мамандығы бойынша білім алатын студенттер мен қалың оқырманға арналады.
5.Белгілі жазушы, драматург Елен Әлімжанның бұл кітабына қазақтың біртуар ұлы, Совет Одағының Батыры, жазушы Бауыржан Момышұлы туралы жазылған бір әңгіме, бір драмалық шығармасымен бірге бірнеше публицистикалық туындысы топтастырылған. Бұлардың бәрінде де Баукеңнің қаһармандық, адамдық, ұлтжандылық қасиеттері жан-жақты көрініс тапқан.
6.Бауыржан Момышұлының 100 жылдық мерейтойына орай жарық көрген 30 томдық шығармалар жинағын оқи аласыздар.

Фотогалерея

Орталық қызметкерлері
Мекемтас Мырзахметұлы
Мекемтас Мырзахметұлы

«Бауыржантану» ҒЗО-ның жетекешсі

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Найзабаев Алимбай Аманбаевич
Найзабаев Алимбай Аманбаевич

Аға ғылыми қызметкер

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Құрбан Сайын Әлімұлы
Құрбан Сайын Әлімұлы

Кіші ғылыми қызметкер

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Top