ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР ҰЛЫҚТАЛДЫ

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Мұнай, газ және механика» факультетінде «Ұлттық ойындар – ұлт қазынасы» атты ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті.

Алғы сөз алған факультет деканы Кенжеғали Шилібек Наурыз мерекесіне орай білім және ғылым саласын дамыту мен жетілдіруге қосқан елеулі үлесі және аймақтың қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін аға оқытушылар Ғ.Карнакова, Н.Сапарова, Э.Алмаханова, Н.Сиротинаға Жамбыл облысы білім және ғылым қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағының Құрмет грамотасын табыс етті.

Профессор Исан Тілегеновтің Наурыз батасынан соң жарысқа қатысушылар арнайы әзірленген Наурыздың ақ дастарханынан дәм татты.

Жарысқа кафедралардың профессор-оқытушыларынан құралған «Қыран», «Сұңқар», «Көкбөрі», «Тұлпар», «Барыс» және студенттерден құралған «Мұзбалақ» командалары тоғызқұмалақ, шекемтас, асық ату, арқан тарту, «Қазақ шаңырағы» инновациялық ойындар бойынша күш сынасты.

«Дене тәрбиесі» кафедрасының білікті оқытушылары төрелік етті.

Жарыс соңында жеңімпаз командалар мен ойыншылар арнайы дипломдармен марапатталды.

ae86daa2 7ed5 46de a763 8aa9a473550e

b32b002e e45f 4d1b 9129 ffa3cd679f14

Медиа-қызмет

 

Прочитано 1166 раз
Top