Дулати университетінің студенттері мен «ТаразКожОбувь» ЖШС кәсіпорын қызметкерлерімен кездесу

2024 жылғы 28 қарашада университеттің Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлімі мен «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының 6В07222-«Былғары бұйымдарының инновациялық технологиялары» және 6B07511 – «Өнеркәсіпте стандарттау және сапаны басқару»  білім беру бағдарламаларының студенттеріне, магистранттар мен докторанттарымен «ТаразКожОбувь» ЖШС кәсіпорны басшылықтары және қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

      Кездесуге Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлімнің қызметкерлері мен «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамынан: Б. Абзалбекұлы, А.Онлабекова, Л. Юсупова және студенттері, магистранттары және докторанттары қатысты.

Толығырақ

ROAD SHOW ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ

ROAD SHOW ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ

2024 жылғы 28-30 қараша аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде ENACTUS KAZAKHSTAN Road-Show Taraz 2024 ауқымды іс-шарасы өтті. ENACTUS Kazakhstan-мен серіктестікте ұйымдастырылған бұл оқиға өңірдегі кәсіпкерлік экожүйені дамытудағы маңызды қадамға айналды.

ENACTUS Dulaty инновациялық кабинетінде ENACTUS Dulaty мүшелері үшін интенсив басталды. Іс-шара аясында жоба басқару дағдыларын, бағдарламалардың тұрақтылығын дамыту және стратегиялық жоспарлауға арналған оқыту сессиялары өтті. Алғашқы сессия TEAM LEADERS SESSION атауымен өтіп, көшбасшылық пен топтық өзара әрекеттестікке арналды. Қатысушылар жобаларды басқарудың тиімді стратегиялары мен командаларды ынталандыру жолдарын талқылады.

Толығырақ

"ӨЗІН-ӨЗІ БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ӨЗІНЕ ДЕГЕН СЕНІМДІЛІК" АТТЫ АЛҒАШҚЫ ҚОНАҚ ДӘРІСІ

samoc1 1

"Анаға тағзым"орталығы психологтарының қатысуымен "Өзін-өзі бағалау және өзіне деген сенімділік"атты алғашқы қонақ дәрісі ұйымдастырылды.Аталған жиынға "Әлеуметтік психология"кафедрасының оқытушылары мен университет студенттері қатысты.
Шараның мақсаты-студенттердің өзіне деген сенімділігімен қатар өзін-өзі бағалауы арқылы болашағы туралы ойланып,кәсіби мақсаттарына саналы түрде жету.
"Анаға тағзым"орталығының психологы Тәтті Мадиярқызы еркін әңгіме өрбіту барысында,тұлғалық даму мен өзін және өзгені қабылдай алу құндылықтары жайлы сөз қозғады.Жиын барысында түрлі ойындар ойнатылып,студенттерді қызықтырған сауалдарға спикерлер жауап берді.Кері байланыста білімгерлер белсенді қатысып,жағымды эмоцияларымен бөлісті.

Толығырақ

Кәсіпкерліктің құпияларын ашты

k 2 3

Дулати  университетінің «Enactus Dulaty» командасы және бір топ  талантты студенттердің қатысуымен  Кітапханалық-ақпараттық орталық, Co-working аймағында  "Бизнес идеялар. Өз бизнесіңізді қалай бастауға болады? Кәсіпкерліктегі инновациялар мен трендтер» тақырыбы  аясында қонақ дәрісі өтті.

Кездесуге Жамбыл облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының аймақтық филиалының директоры Бакытжан Исаков, «Атамекен» Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының экономикалық сұрақтар бойынша директор орынбасары Айдар Абдыкадыров және Жамбыл облысы әкімдігінің  Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының маманы Бексұлтан Қосыбай мырза арнайы келіп қатысты.

Толығырақ

Олимпиада жеңімпаздары анықталды

O 3 1

Дулати университетінің Ғылым және коммерцияландыру департаменті, Техникалық қолдау және IT қолдау орталығы және Спорттық бағдарламалау федерациясы Жамбыл облысының Білім басқармасымен бірлесіп "CPFED Zhambyl Olymp" бағдарламалау бойынша облыстық Олимпиадасын өткізді. Волонтерлер болып университеттің «Enactus Dulaty» командасы атсалысты.

Олимпиаданың негізгі мақсаты: Жамбыл облысының мамандандырылған емес орта мектептерінің 9-11 сынып оқушыларына бағдарламалаудан өз дағдыларын көрсетуге мүмкіндік беру.

Олимпиада 24 наурызда онлайн форматта өткен іріктеу кезеңін және 30 наурызда Дулати университетінде өткен қорытынды кезеңді қамтыды.

Толығырақ

DULATY HACHATHON - 2024

foto21

Дулати университетінде Zhambyl IT hub-тың қолдауымен “DULATY HACHATHON - 2024” университетішілік байқауы өтті. Хакатонға университетіміздің студенттерінен құралған 9 команда қатысты.

Хакатон өткізудегі басты мақсат - дарынды жастарды анықтау, шығармашылық қабілеттерін дамытуды ынталандыру, презентациялар (питч) нысанында идеялар мен жобаларды ұсынудың практикалық дағдыларын пысықтау, жастардың кәсіби салада жүрген менторлармен және жетекші мамандармен қарым-қатынас жасау мүмкіндігін арттыру.

Толығырақ

ЧЕМПИОНАТ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ch 5 1

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен «Спорттық бағдарламалау федерациясы» Республикалық қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруымен мектеп оқушылары, студенттер және оқытушы-профессор құрамы арасында Қазақстан Чемпионатының төртінші іріктеу кезеңі мен аймақтық Чемпионаты өтті.

Чемпионаттың ұйымдастырушылары – спорттық бағдарламалау Федерациясы мен Өкілдіктері. Федерацияның Бас серіктесі «Freedom Holding Corp.» компаниясына шексіз алғысымызды білдіреміз. «Freedom Holding Corp.» Қазақстан және шетелдердегі инвестиция мен қаржылық қызметтер саласындағы көшбасшы. Компания спорттық бағдарламалау индустриясын дамытуды жан-жақты қолдауда.

Толығырақ

«DULATY START-UP- 2024: STUDENT ENERGY CHALLENGE» БАЙҚАУЫ

foto31

Дулати университеті қабырғасында «DULATY START-UP-2024: Student Energy Challenge»  атты командалық зияткерлік стартаптар байқауы өтті.

Байқауды ұйымдастыру комитеті: Коммерцияландыру бөлімі және Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлім.

Толығырақ

МАМАНДАР КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ҚҰПИЯСЫМЕН БӨЛІСТІ

Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлімнің ұйымдастыруымен «Экология және газдың қоршаған ортаға әсері. Өңірдің экологиялық және газ өнеркәсібінің мәселелері және олардың шешу жолдары» тақырыбы аясында кездесу өтті.

Кездесуге Жамбыл облысы бойынша «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының

аймақтық филиалының бас менеджері Б.Рахымбердиев, «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз» магистральдық газ құбырлары дирекциясының бөлім бастығы С.Қонарбаев, Жамбыл облысы бойынша  Экология департаментінің сынақтау зертханасының басшысы Ж.Назарбеков және «Enactus Dulaty» студенттік кәсіпкерлік, стартаптар және инновациялар командасының студенттері қатысты.

Кездесу мақсаты – «Enactus Dulaty» студенттік кәсіпкерлік, стартаптар және инновациялар командасы студенттерінің жобалары арқылы қоршаған ортаны қорғау бағытындағы мәселелерді шешу. Жасыл экология талаптарын ескеріп, технологиялық және экономикалық тиімділікті, өндірістің экологиялық қауіпсіздігін бағалау, әр түрлі салаларда қоршаған ортаны қорғау шараларын жоспарлау мен жүзеге асыру.

Кездесу барысында қонақтар «Enactus Dulaty» студенттік командасына қазіргі таңда экология және газдың қоршаған ортаға әсерін, өңірдің экологиялық және газ өнеркәсібінің мәселелері және олардың шешу жолдарының ерекшеліктері туралы түсіндіріп өтті. Мамандар студенттік команданың дайындаған бірнеше жобаларымен танысып, жобаның қоғамға пайдасы мен экономикалық тиімділігіне назар аударды.

Сонымен қатар, спикерлер өз істерінің негізгі кезеңдері туралы мәселелерді қозғап, бизнес туралы кең тараған қателіктер мен қиындықтары, кәсіпкер ретінде қалыптасуы, табысты және сәтсіз жобалары туралы кеңестерімен бөлісті.

Кездесу соңында қонақтар мен студенттер еркін форматта пікір алмасты. Мамандар кәсіпкерлік қызметтің құпиясымен бөлісіп, студенттердің сауалдарына жауап берді. «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Тараз» магистральдық газ құбырлары дирекциясының кадрлар бөлімінің бастығы С.Қонарбаев кездесуге қатысқан студенттерге алғысын айта отырып, аталған мекемеге биылғы оқу жылын бітіретін әр саладағы білімді студенттерді жұмыспен қамтитынын жеткізді.

Толығырақ

Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының бірінші ректоры Р.Ж.Жолаевтың құрметіне ескерткіш тақтасы орнатылды

Дулати университеті қабырғасында Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтында білім алған 1971 жылғы  түлектердің кездесуі өтті.

Кездесу мақсаты  –  Қазақстан Республикасының ғылым академиясының корреспондент мүшесі, ҚазҚСРО-ның еңбек сіңірген гидротехнигі, т.ғ.д., профессор Рахмет Жолаевтың құрметіне ескерткіш тақтасын орнату.

Кездесуге Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының профессор-оқытушылар құрамы ,ректор кеңесшісі М.Н.Сенников,«Су ресурстары» кафедрасының профессоры, т.ғ.д., Ғ.Е.Омарова, «Су шаруашылығы және табиғатты үйлестіру» институтының директоры, т.ғ.д., қауымдастырылған профессоры, Б.А.Алимбаев, т.ғ.д., «Құрылыс және материалдар өндірісі» кафедрасының профессоры, Ә.С.Сейтказиев, т.ғ.д., «Мелиорация және агрономия» кафедрасының профессоры, Л.С. Харчук, «Мұнай-газ және тау-кен ісі» кафедрасының қауымдастырылған профессоры, т.ғ.к. және Ғ.М.Зарубаев ардагер ұстаз-гидротехник, т.ғ.к, қатысты.

Кездесу модераторы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтының 1971 жылы бітірген түлегі, ҚР Су шаруашылығының еңбек ардагері Нұртаза Құдайбергенов кездесудің маңыздылығына тоқталып, орнатылған ескерткіш тақта арқылы белгілі тұлғаның оқу ордасында еңбек еткенін, білім беру саласында қосқан зор үлесін жастарға ұғындыру екенін жеткізді.

Аталмыш естелік тақтайша өзінің ұстаздық ғұмыры өткен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті қабырғасына ілінді.

Кездесуге 1971 жылғы бітірген түлектер қатарынан А.М.Мамажанов «Казюжгипроводхозстройгранит» мекемесінің директоры, Н.Н. Балғабаев , «Казақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу» институтының бас директоры, а/ш.ғ.д. профессор, А.Қ.Кешимов, ҚР Аралды құтқару халықаралық Қорының орындаушы дирекциясының бас маманы, Ю.Б.Айдарбеков, ҚР Су шаруашылығының еңбек ардагерлері А.Вотяшев, Ә.Қ.Баялиев, А.Өтебаев арнайы келіп, су мамандары еліміздің экономикасы мен экологиясына және даму деңгейіне қаншалықты әсер етіп жатқандарын талқылады.

Шақырылған қонақтар мен алыстан келген түлектер сөз алып, өздерінің қызықты оқиғаға толы студенттік естеліктерімен бөлісті. 

Кездесу соңында түлектер университет басшылығы мен  профессор-оқытушылар құрамына  ерекше алғыстарын білдіріп, білім ордасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындыруға тілектес екендерін жеткізді.

Толығырақ

«МОБИЛЬДІ ТЕХНОПАРК» МАСТЕР-КЛАСС МАРАФОНЫ – ЦИФРЛАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ІС-ШАРА

Ағымдағы жылдың 18 қыркүйегінде М.Үркімбаев атындағы «Жастар сарайында» М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде бірлескен қызмет туралы меморандум шеңберінде Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлім мен Татарстан Республикасының «Кванториум»  «Балалар технопаркі» коммерциялық емес дербес ұйымымен бірлесіп, Набережные Челны қаласы  «Мобильді технопарк» шеберлік сыныптарының марафонын ұйымдастырды.

Марафонның мақсаты – Тараз қаласының студенттері мен жоғары сынып оқушыларын интерактивті мастер-класстардың көмегімен заманауи технологиялар тақырыптарына қызықтыру, одан әрі технологиялық жаңалықтарды зерделеуге және ойлап табуға ықпал ету, жаңа жоғары білікті инженерлік кадрларды даярлауға, инновациялық технологиялар мен идеяларды әзірлеуге, тестілеуге және енгізуге бағытталған жоғары технологиялық жабдықтармен таныстыру, техникалық ғылымдар саласында білім беруді жалғастырғысы келетін мектеп түлектерінің санын көбейту, сондай-ақ, IT ғылымына танымдық қызығушылықты дамыту мақсатында ғылыми-техникалық қоғамдастықтың жетістіктерін дәріптеу болып табылады.

Аталған іс-шараға М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің студенттері мен Тараз қаласының №7, №40 және №41 гимназияларының жоғарғы сынып оқушылары қатысты.

«Кванториум» технопаркінің тұсаукесерінен кейін, барлық қатысушы студенттер мен оқушылар дайындалған аудиторияларда 8 тақырыптық   бағыт ұсынылды. Олар:

  • Ғарыштық технологиялар-ғарышкерліктің негіздерімен танысу және жердің шағын жасанды серіктерін жобалау;
  • Нейротехнология-адам бетінен электробиосигналдарды зерттеу және алу. Бағдарламалау және нейропилоттау.
  • Аэромодельдеу-мультикоптерлерді жобалау және құрумен танысу, ұшқышсыз ұшу аппараттарын басқарудың практикалық дағдылары;
  • Геоинформатика-онлайн карталарға арналған ArcGIS Online платформасының құралдарымен географиялық модельдеумен, геодеректерді визуализациялаумен танысу;
  • Робототехника-роботты жобалаумен, құрастырумен, бағдарламалаумен танысу;
  • Сандық дизайн - цифрлық өнеркәсіптік дизайн негіздерімен танысу;
  • VR/AR технологиялары – мобильді құрылғыларға арналған AR қосымшаларын құруға арналған ПО Unity әзірлеу ортасымен танысу;
  • 3D модельдеу көпбұрышты модельдеу орталарымен танысу, Blender бағдарламасында 3D модельдер мен компьютерлік графиканы құру.

Барлық дайындалған 8 аудиторияларда студенттер мен оқушылар қызығушылық танытып,оқу бағыттарының біріне барып, екіншісіне де қатысуға ниет білдіріп, өз қолдарымен модельдеуге, дрондарды басқаруға, роботтарды жинауға, жасанды спутниктерді құруға тырысты.  Нәтижесінде, жобаның барлық қатысушылары осы іс-шараның өте пайдалы болғанын, сонымен қатар жақсы пікірлерін айтып, болашақта осындай жобаларға қатысуға ниет білдірді.

Толығырақ

ТҮЛЕКТЕР КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Дулати университеті қабырғасында «Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлім» және «Қаржы және есеп» кафедрасының ұйымдастыруымен Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтының «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша білім алған 1974 жылғы түлектердің 50 жылдық салтанатты кездесуі өтті. Салтанатты шараға «Бухгалтерлік есеп» мамандығының түлектері, Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Шолпан Есімова, Басқарма мүшесі – ғылым және цифрландыру жөніндегі проректор Сейітжан Орынбаев, Басқарма мүшесі – әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Аслан Тұрлыбек, «Экономика және құқық» факультетінің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты. Кездесу мақсаты – қара шаңырақта білім алып, бүгінде еліміздің түкпір-түкпірінде қызмет жасап, табысқа жеткен тұлғалардың өмір жолын өскелең ұрпаққа насихаттау. Жиынды Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Байжұманов құттықтау сөзбен ашып, түлектердің еңбек жолындағы үздік жетістіктері – университет үшін мақтаныш екенін жеткізді. Сондай-ақ, білім ордасының тарихына тоқталып, мыңдаған жоғары білікті мамандарды даярлаған оқу ордасы екенін тілге тиек етті. «Бухгалтерлік есеп» мамандығын ашуға бар күшін жұмылдырған экономика ғылымдарының докторы, профессор Алданыш Нұрымовтың еңбегін ерекше атады. Түлектерді алғыс хаттармен марапаттап, естелік сыйлықтарды табыстады. Замандастарының жүріп өткен жолдары, атқарған еңбектері жөнінде ерекше тебіреніспен еске алған түлектер өздерінің қызықты оқиғаға толы студенттік естеліктерімен бөлісті. Кездесу барысында Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Байжұманов пен бірқатар қатысушыларға «Ыбырай Алтынсарин» мерекелік алтын төсбелгісі мен Құрмет грамоталарын табысталды. Сонымен қатар, оқу орнымызға кітаптар мен мұражайға «1974 жылғы сынақ кітапшасын» сыйға тартты. Кездесу соңында түлектер университет басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамына ерекше алғыстарын білдіріп, білім ордасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындыратынына сенімдерін білдірді.

Толығырақ

РЕКТОР ФРАНЦИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫН ҚАБЫЛДАДЫ

10 1

Басқарма төрағасы – ректор Мұхтар Байжұманов «Total Energies» компаниясының бас директоры мен «Total Energy тұрақты даму мектебінің» профессор-оқытушылар құрамын қабылдады. Кездесу мақсаты – өзара тиімді стратегиялық ынтымақтастықты дамыту және бірлесе жұмыс жасау арқылы жастарға білім мен дағдыны пайдаланып, тәжірибе алу арқылы кәсіби салаға қадам басуға мүмкіндіктер ашу. Мұхтар Қазбекұлы қонақтарға жылы лебізін білдіріп, жұмыс жоспарлар мен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады. «Total Energies» компаниясы– автомобиль жасау, металл өңдеу, құрылыс саласы, энергетика, тау-кен, химия өнеркәсібі секілді көптеген түрлі сала өндірістерімен танымал. «Total Energy тұрақты даму мектебінің» профессор-оқытушылар құрамы төрт күн бойы ұстаздар мен студенттерге бес түрлі бағытта дәріс оқып, сертификаттар табыстайды. Дәріс алу үшін 660-қа жуық адам тіркелген. Тіркелгендер қатарында өңіріміздің кәсіпкерлері мен кәсіпорын мамандары да бар. Қонақтарымыз бас ғимаратта орналасқан мұражайда М.Х.Дулатидің шығармашылығымен танысып, әйгілі тарихшының жәдігерлері мен қоғамдық қызметін сипаттайтын мұрағат құжаттар, тарихи фотосуреттер, сирек басылымдарына қызығушылық танытты. Сондай-ақ. Дулати ұжымының қонақжайлығы мен жылы қабылдауына алғыстарын білдіріп, білім ордасы алдағы уақытта да биік белестерді бағындыратынына сенім білдірді.

Толығырақ

«DECENTRATHON 2.0» МУЛЬТИЛОКАЦИЯЛЫҚ ХАКАТОНЫ ӨТТІ

9 1

Дулати университеті қабырғасында $50,000 жүлде қоры бар республикалық «Decentrathon 2.0» мультилокациялық хакатоны өтті. Байқауды ұйымдастыру комитеті: Astana Hub, аймақтық Zhambyl Hub және Blockchain Center зерттеу зертханасы, Дулати университетінің коммерцияландыру бөлімі, Корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлім. Байқаудың мақсаты – IT саласындағы жас мамандарға инновациялық стартаптар мен кәсіпкерлік бастамаларды қажетті ресурстармен, біліммен және қолдаумен қамтамасыз ету. Қатысушы командаларға қойылған шарт – 48 сағат ішінде өзекті мәселелердің жаңа шешімдерін ұсыну, инновациялық өнім идеяларын дамыту. Онлайн форматта Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев қатысушыларға сәттілік тілеп, жаһандық жобалар жасайтын жас мамандардан үлкен үміт күтетінін жеткізді. «Decentrathon 2.0» хакатоны Қазақстанның 17 өңірін және Астана мен Алматы қалаларын қамтиды. Биылғы хакатонға 2500-ден астам қатысушы тіркелсе, Жамбыл облысынан 113 адамнан құралған 43 команда бақтарын сынады. Олар төрт негізгі бағыт бойынша тапсырмаларды шешумен айналысты: жасанды интеллект (AI), Blockchain, ойын индустриясы (GameDev) және Telegram шағын қосымшаларын жасау. Дулати университеті Коммерцияландыру бөлімінің басшысы Жайдарбек Танаев сөз алып, байқаудың маңыздылығына тоқталды. Өз сөзінде технология дәуірінде әр жас буын өзінің стартапын іске асыра алатынын, ең бастысы — өзекті мәселені тауып, оны шешудің жолдарын ойлап табу екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ, мультилокациялық хакатон елімізде ғана емес, жаһандық салаларды да өзгертіп, жас таланттарға технологиялар мен жасанды интеллекттің дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік екенін жеткізді. Байқауда командалар өзара бақ сынап, білімін, біліктілігін және тәжірибесін сынай отыра, жетекші компанияларға жобаларын таныстырды. Дайындалған жобаның қоғамға пайдасы мен экономикалық тиімділігіне баса назар аударылды. IT мамандарының жетекшілігімен қатысушылар білім мен практикалық дағдылар алу мүмкіндігіне ие болды.

Толығырақ
Top