2020 жылдың 03-қарашада «Қазақстан Республикасындағы Лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелерін даярлау және қайта даярлау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру» гранты аясында қазақ және орыс тілдерінде жоғары кәсіби тренерлерді тарта отырып, оқыту курсы жүзеге асырылды. Аталған іс-шараға облыстық дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру топ мүшесі ретінде Дулати университеті Дінтану орталығының бас маманы Б.Қ.Алпысбаев қатысып, ақпараттық-түсіндіру жұмыстары мүшелерінің құзыреттілігі мен әлеуетін арттыру және профилактикалық жұмыста инновациялық тәсілдерді қолдану бағыттарымен танысты.
Оқыту курсын жүргізген кәсіби тренерлер:
- Теолог, исламтанушы, "Нұр-Мүбарак" ислам мәдениеті университеті жанындағы экстремизмнің алдын алу саласындағы мамандарды қайта даярлау институтының директоры – Сабдин Асқар Калимжанұлы;
- ҚР-ның мәдениет қайраткері, Т.Қ.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА профессоры – Абзелбаев Мұрат Назтайұлы;
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры, "Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығы" ққ президенті – Бишманов Кәкімжан Мұратжанұлы;
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Филос.ғ.д., профессоры, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі – Құрманалиева Айнұр Дүрбелеңқызы.