СТУДЕНТТІК ЖАТАҚХАНА

    М.Х. Дулати атындағы Тараз университетіне қарасты 2 Студенттік жатақханалар бар. №1 (Төле би, 60) Студенттік жатақхана – 510 орын, №2 (Жамбыл даңғылы, 16А) Студенттік жатақхана – 422 орынмен қамтылған.

    «Жоғары оқу орындарында оқитындарға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет Стандартына сәйкес ұсынылады (әлеуметтік жеңілдікпен қамтылған студенттерге жатақханадан міндетті түрде орын беріледі). Ең бірінші орында мүгедектер қатарынан мүмкіндігі шектеулі адамдар; бала кезден мүгедектер; І және ІІ топтағы мүгедектер; мүгедек балалар; жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар; ата-анасының екеуінде де немесе бірінде мүгедектігі барлар; ауыл жастары қатарынан шыққан, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтарға оқуға түскен адамдар; сондай-ақ ҚР азаматтары болып табылмайтын қандастар; «Алтын белгі» иегерлері болып табылатын бірінші курсқа қабылданған білім алушылар; ҰБТ қорытындылары бойынша жоғары балл жинаған мемлекеттік білім беру гранты бойынша оқуға қабылданған бірінші курс білім алушылары; білім алушылар қатарындағы шетелдік азаматтар халықаралық және үкіметаралық шарттарға сәйкес жатақханалардағы орындармен қамтамасыз етіледі. 

     Студенттер жатақханаға орналасу кезінде «Жатақханада тұратын студенттердің міндеттері мен құқықтары» екі тілде түсіндіріледі. Оларға жеке-жеке әр қайсысының қолына ереже (памятка) беріліп, студенттерге Жатақханада тұру қауіпсіздігін сақтау мақсатында өртке қарсы бағытталған іс-шаралар кешені жүзеге асырылып, сонымен қатар студенттердің тұрмыстық жағдайлары мейлінше жақсартылған. Студенттер үйінің тұрғындары ғаламтор ресурстарын қалыпты қолдану және спорттық-мәдени іс-шаралармен айналысу мүмкіндіктеріне ие. Студенттер жатақханаларында Студенттік кеңестері мен Студенттік старостаттарының да жұмыстары тиімді ұйымдастырылуда. Жатақхана студенттері уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында түрлі патриоттық, рухани, салауатты өмір салтын насихаттайтын іс шаралар ұйымдастырылады.

Төменде көрсетілген санаттарға жататын студенттерге университет әкімшілігі тарапынан студенттік жатақханаларда тегін тұру мүмкіндіктері қарастырылған.

  • мүгедектер қатарынан мүмкіндігі шектеулі адамдар;
  • бала кезден мүгедектер;
  • І және ІІ топтағы мүгедектер;
  • мүгедек балалар;
  • жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар.

 

ТҰРУ АҚЫСЫ

№ п/п

Студенттік жатақхананың атауы,

мекен-жайы

Оқу жылына тұру құны

1

№1 жатақхана, Төле би, 60

60 000

2

№ 2 жатақхана, Жамбыл даңғылы, 16 А

60 000

 

 

Жатақхана коменданттары туралы мәлімет

 

 

 

 

foto obwaga osvr 1

Top