Дінтану орталығының бас маманы
Б.Алпысбаев
2021 жылдың 27-қантарда Жамбыл инновациялық колледжінде «Теріс пиғылды діни ағымдар» тақырыбында ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу ұйымдастырылды. Аталған кездесуге М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Дінтану орталығының жетекшісі Б.Қ.Алпысбаев баяндамашы ретінде қатысып, қоғамдағы дәстүрлі емес діни ағымдардың ықпалынан сақтану жолдарына байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Ислам бағытындағы жат діни ағымның идеологиясы демократиялық мемлекеттің зайырлылық принциптеріне, ханафи мазхабына, дәстүрлі қоғамның құндылығына қарама қайшы пікірлері бар екендігі және интернет желісінде олардың діни мазмұндағы үгіт-насихатын бөлісуге, тындауға және таратуға мүлдем болмайтындығы туралы кеңінен ақпараттар айтылды. Соңында сұрақ-жауап ретінде жалғасты. Барлығы қатысқан адам саны - 44.