Дінтану орталығының бас маманы
Б.Алпысбаев
2021 жылдың 08-қантарында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасының ұйымдастыруымен әскери оқу-жаттығу құрамында жүрген студенттерге ZOOM платформасы арқылы дін саласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл кездесуге Дінтану орталығының жетекшісі, дінтанушы-магистр Б.Қ.Алпысбаев қатысып, өз баяндамасында: «...еліміздің егеменді мемлекет ретінде қалыптасуының сипаты халықтың рухани, адамгершілік, имандылық көзқарасы, жастар арасындағы білім мен тəрбиеге байланысты болады. Ата-бабаларымыздың болашақ ұрпақтың өмірлік бет-бағдарын қалыптастыруға, яғни олардың бойында ерік, жігер, табандылық, тұрақтылық қасиеттерінің болуына үлкен мəн берген...» дей келе, ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында діни экстремизмнің алдын-алу жолдардың бірі - өз уақытында шынайы мәлімет беру. Діни ағымдардың қаупі және олардың белгілері туралы жастарға көбірек ақпараттар берілсе, радикалдық діни топтардың қатарына кете қоймайды. Іс-шараның соңында бейнеролик көрсетіліп, сұрақ-жауап ретінде жалғасты.