Дінтану орталығының бас маманы Б.Алпысбаев
ДУЛАТИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ № 1 СТУДЕНТТЕР ҮЙІНДЕ ТӘРБИЕ САЛАСЫНДА ӨТІЛГЕН АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ
2021 жылдың 09-сәуірде Дінтану орталығының бас маманы, дінтанушы Б.Қ.Алпысбаев және «Sanaly urpaq» жобалық фронт-офисінің бас маманы А.Қадырқұлов жатақхана студенттерінің бойындағы академиялық адал қасиеттерді қалыптастыру жолдарына байланысты тәрбиелік бағытта кездесу өткізді. Аталған кездесуде ең бастапқы жатақхананың ішкі тәртіп Ережесі, студенттерге арналған Ар-намыс кодексі және білім беру жүйесіндегі академиялық адалдықты сақтауына байланысты жан-жақты ақпараттар айтылды. Сонымен қатар, дінтанушы Б.Қ.Алпысбаев өз баяндамасында студенттерді дәстүрлі емес діни ағымдардың идеологиясынан сақ болуға шақырды және интернет-желісінде діни-саяси экстремизмді насихаттайтын парақшаларды мүлдем оқуға, таратуға болмайтындығы туралы айтып өтті. Соңында сұрақ-жауап ретінде жалғасын тапты.