ТҮЗЕТУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕ ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАР

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің 14.04.2021ж. күні жолдаған сұраныс хатына сәйкес М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Дінтану орталығының бас маманы Б.Қ.Алпысбаев 27-29 сәуір аралығында УЖД 158/2, УЖД 158/4 түзету мекемелерінде дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл кездесуде сотталғандарға ҚР «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңы, ҚР «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған бағдарламасының» бағыт-бағдарын жүзеге асыру және мемлекеттің ішкі тұрақтылығына нұқсан келтіретін дәстүрлі емес діни ағымдардың идеологиясынан сақ болу шақырды. Сонымен қатар, А.Құнанбайұлы, Ш.Құдайбердіұлы қазақ ойшылдардың рухани мұралары: «Мал кетер, мазаң кетер, ар бұйырмас», «Ел бастайтын жастар жай жатпауы керек. Ғылымға аш болуы керек» дегендей адамның бойындағы ең басты құндылығы ар-ұяты мен білімі туралы айтылды. Бейнеролик көрсетіліп, қойылған сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

Top