«КӘМЕЛЕТКЕ ТОЛМАҒАНДАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕКЦИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТІЛДІ

20.08.2021ж. күні Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының ұйымдастыруымен 2021-2022 оқу жылына арналған облыстық тамыз педагогикалық кеңесінің «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мәселелері» тақырыбында секция отырысы өтілді. Іс-шара онлайн түрде өтіліп, құқық қорғау орган қызметкерлері және 185 астам білім саласындағы қызметкерлер қатысты. Бұл секцияда Бахтияр Қаржаубайұлы Алпысбаев дінтанушы маман ретінде кәмелетке толмағандардың арасындағы діни экстремизмнің алдын-алу бағытына байланысты қоғамдағы радикалдық идеологияға қарсы рухани иммунитеттті қалыптастыру үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тоқтатпау керектігін атап өтті. Өйткені, идеологиялық, рухани-тәрбиелік жұмыстардың тиімді жүргізу бағыты назарға алынбаса, жастар арасында рухани, адамгершілік және патриоттық идеялардың тоқырауға ұшырайтыны рас.

Top