ЖАСТАР АРАСЫНДА ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ ПРОФИЛАКТИКАСЫН КҮШЕЙТУ ЖОЛДАРЫ

06.09.2021ж. күні Тараз сервис және технология колледжінің ұйымдастыруымен «Жастар арасында діни экстремизм профилактикасын күшейту жолдары» тақырыбында іс-шара өтілді. Аталған іс-шараға Дулати университеті Дінтану орталығының бас маманы Б.Қ.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде шақырылып, білім беру ұйымдарында білім жүйесінің негізін құрайтын қағидаттарды таныстырып өтті.

  • мемлекеттің білім беру жүйесінің зайырлы сипатын қамтамасыз етуі;
  • діни дүниетанымды күштеп таңғаны және санаға сіңіргені үшін педагогтер құрамының жауапкершілігін белгілеу;
  • білім беру ұйымының ішкі құрылымы мен қызметін қандай да бір діни қағидаттардан тәуелсіздігін қамтамасыз ету;
  • білім алушылар мен тәрбиеленушілердің, олардың ата-аналарының (заңды өкілдерінің) ішкі тәртіп қағидаттарын сақтауы, білім беру ұйымының жарғысында және білім беру қызметін көрсету туралы шартта көзделген өзге де талаптарды орындауы.
Top