ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ – ҒАСЫР ІНДЕТІ

15.09.2021ж. күні Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында жастарды ұлттық патриоттыққа тәрбиелеу және дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтандыру мақсатында Жамбыл облысы орталық «Һибатулла Тарази» мешітінің бас имамы Бейбіт Әліпбекұлы Мырзагелдиевтің тікелей қатысуымен «ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМ – ҒАСЫР ІНДЕТІ» тақырыбында «facebook» әлеуметтік желінің тікелей эфирінде сұхбат ұйымдастырылды.

Іс-шараға Жамбыл облысы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығының» қызметкерлері, М.Х.Дулати Тараз өңірлік университеті «Дінтану» орталығының бас маманы Алпысбаев Бақтияр Қаржаубайұлы, облыстық «Ардагерлер кеңесінің» төрағасы Еркінбек Солтыбаев, облыстық «Әжелер алқасының» төрайымы Жәмила Жұмабаева және мектепте өтілетін «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері қатысты.

Онлайн сұхбат барысында Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі 2021 – 2023 жылдарға арналған кешенді жоспардың бағыттары айтылып, сонымен қатар, «Мuftiyat» баспасынан жарыққа шыққан «Ихсан – рухани тәрбие негізі» атты кітабын жұртшылыққа таныстырылып және кітапхана қорына тарту етті.

Тікелей эфирді мына сілтемелерден көре аласыздар:

https://fb.watch/82wINSSFYb/

https://fb.watch/82wK5fyAxT/

 

 

Top