МӘДЕНИЕТ – ҰЛТТЫҚ ҚАЙТА ӨРКЕНДЕУ КОДЫ

2021 жылдың 29-қыркүйегінде Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі Айша бибі орта мектебінің ұйымдастыруымен «Мәдениет – ұлттық қайта өркендеу коды» тақырыбында дөңгелек үстел іс-шарасы өтілді.  Бұл іс-шараға М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік  университеті «Дінтану орталығының» бас маманы Б.Қ Алпысбаев және «Қазақ тілі және әдебиет» кафедрасының доценті С.М. Исматова қонақ ретінде шақырылып, оқушылармен тарихи, әдеби, рухани тәрбие тұрғыда ой тербетті. Адам баласы қашанда тәрбиеге мұқтаж. Тәрбие еліміздің, ұлтымыздың бүгіні мен болашағы баянды болу үшін қажет. Сондықтан да алдымен, бүгінгі қоғам келбетімен үндесетін ұлт болашағының бағытын анықтап алу керек. Әр ұлттың баяғы заманнан келе жатқан тәрбиелеу жүйесінің өзіндік жолы бар. Тәрбие ұлттық табиғи тамырынан кіндік үзсе, тәрбиелік қасиетін жоғалтады. Сондықтан оны рухани тұрғыда ұлт тағдырымен байланыстыра отырып, бүгінгі қоғам келбетімен санаса отырып, алға бастыру қажет.

Top