ЖАСТАРДЫҢ БОЙЫНДА РУХАНИ ТӘРБИЕЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

30.09. - 01.10.2021ж. күндер аралығында Дулати университеті «Дінтану орталығының» жұмыс жоспарына сәйкес, «Ұстаз» институтына қарасты «Химия-биология», «Физика», «Математика» мамандықтарының 1-курс студенттеріне дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесудің мақсаты: қоғамдағы діни экстремизм мен терроризмнің  алдын-алу бағытында студент жастардың діни сауаттылықтарын қалыптастыру болып табылады.  Сондай-ақ, дінтанушы Б.Алпысбаев деструктивті діни ағымдардың идеологиясынан сақ болуға, интернет желісінде күмәнді діни мазмұнды ақпараттарды таратпауға шақырды. Студенттердің бойында рухани иммунитет дұрыс бағытта қалыптасатын болса, онда ешқандай радикалдық діни топтардың ықпалына түспейді. Студент жастар көкейдегі сұрақтарын ортаға салып, оларға ғылыми және дінтанулық тұрғыда жауаптар берілді.

Top