ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ
20.10.2021ж. күні «Спорт және өнер» факультетінің 1-курс студенттеріне дін саласына байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл кездесуге Дінтану орталығының бас маманы Б.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде қатысып, студенттерге қоғамдағы діни ағымдардың идеологиясынан сақтану жолдарын түсіндіріп өтті. Сонымен қатар, студенттік топтардың ішінде діни-саяси үгіт-насихат жүргізуге болмайтындығы және білім беру ұйымдарда діни рәсімдерді орындауға заңға қайшы екендігі айтылды. Жастардың ғылыми танымы және рухани-тәрбиелік сауаттылығы жоғары болса, ешқандай радикалдық діни топтардың ықпалына түспейді. Студенттер көкейдегі сұрақтарын қойып, оларға ғылыми, тарихи тұрғыда жауаптары берілді.