СТУДЕНТТЕР АРАСЫНДА ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНІҢ АЛДЫН-АЛУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ

25.10. - 29.10.2021ж. күндер аралығында Дулати университеті «Су шаруашылығы және табиғатқа үйлестіру» институтының ұйымдастыруымен 1-курс студенттеріне дәстүрлі кездесу ретінде және ZOOM платформасы арқылы дін саласына байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Студенттер арасында діни экстремизмнің көріністерін алдын-алу жұмыстарды жүргізу барысында университет құрамындағы Дінтану орталығының бас маманы Б.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде қатысып, студент жастарға қоғамдағы діни жағдайға байланысты құқықтық және теологиялық ақпараттармен бөлісті.

Top