№2 ЖАТАҚХАНАДА ӨТІЛГЕН ДІН САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ

2021 жылдың 10-қарашада Дулати университетінің «Философия және саясаттану» кафедрасының ұйымдастыруымен №2 студенттер үйінде дін саласына байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бұл кездесуге Дінтану орталығының бас маманы Б.Алпысбаев дінтанушы маман ретінде қатысып, студенттерге арналған Ар-намыс кодексі, Әдеп кодексі, жатақхананың ішкі тәртіп Ережесі және қоғамдағы діни экстремизмнің көріністерін алдын-алу бағыттар туралы түсіндірілді. Әуелі «Дін мен дәстүр» атты бейнеролигі көрсетіліп, кейін Б.Алпысбаев өз баяндамасында жастар арасында діни радикализм идеологиясына қарсы рухани иммунитет қалыптастыру басты мәселе екендігі және білім беру ұйымдарында (жатақханада) діни іс-шаралар мен миссионерлік қызметті өткізуге жол берілмейтіндігі айтылды. Іс-шара соңында студенттер сұрақтар қойып, оларға дінтанулық және ғылыми танымда жауаптар берілді.

IMG 20211110 WA0029

Top