СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ ИММУНИТЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

2021 жылдың 11-12 қарашада Дулати университетінің Дінтану орталығы тарапынан «Өнер және спорт» факультетіне қарасты «Дене шынықтыру және спорт теориясы», «Спорт пәндердің әдістемесі» және «Алғашқы әскери дайындық және дене тәрбиесі» кафедралардың кураторларына дін саласына байланысты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында кураторлар арасында діни сауаттылықты қалыптастыру мақсатында 10 сұрақтан тұратын сауалнама алынды. Бұл сауалнамаға үш кафедра тарапынан жалпы қосқанда 36 оқытушы қатысты. Дінтану орталығының жұмыс жоспарына сәйкес Б. Алпысбаев кураторларға еліміздегі дін саласындағы мемлекеттік саясатын айта отырып, діни экстремизм мен терроризм көріністерін алдын-алу және радикалдық идеологияға қарсы рухани иммунитет қалыптастырудың бірден-бір жолы – бұл студенттерге дер кезіңде діни ағымдардың қауіп-қатері туралы ақпараттарды жеткізу және рухани тәрбие беру бағытында кураторлық, тәрбиелік сағаттарды жиі өткізу болып табылады. Сол үшін барлық кураторлар факультеттің тәрбие жұмыс жоспарында «Діни экстремизм көріністерін алдын-алу» бағыты көрсетілгендей, діни тақырыпта өткізетін тәрбие сағатында міндетті түрде Дінтану орталығымен бірлесе жұмыс жасау керектігі айтылды.

Жастардың бойында ұлттық және рухани құндылықтар басым болған жағдайда ғана, өзге діни ағымдарың ықпалынан сақтай аламыз.

 1

2

4

Top